«ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕСІН»
Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Осы орайда Ұлы Отан соғысы жылдарында жасалған еліктерді әскери әндер арқылы насихаттау мақсатында ауданымызда іс-шаралар жоспары әзірленіп, ұйымдастырылып келеді. Сондай мән-мағынасы зор іс- шара өткен аптада аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жеңіс туы желбіресін» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға «Вокал», «Аспапта орындау», «Хор», «Хореография» аталымдары бойынша 19 қатысушы бақ сынасты.

Байқаудың ашылуында сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы Жұманазар Көдеков Ұлы Жеңістің отты жылдарындағы майдангерлердің ерліктерін насихаттау қашан да маңызды екенін жеткізді.
Облыстық ардагерлер ұйымы атынан жерлесіміз, ақын Шәкизат Әкімов байқауға құрметті қонағы және әділқазылар алқасының мүшесі болып қатысты.
Байқау барысында қатысушылардың сахнада өзін-өзі ұстауы, сахна шеберлігі мен сайыс талаптарына сай келуі бағаланды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы заттай сыйлықтар тапсырылды.

Обсудить
Блок в статье:
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
Кітап фестивалі
17 апрель 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)