Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қоғам назары қаламгерлерге ауған күн

Қоғам назары қаламгерлерге ауған күн

30 июнь 2026, Вторник
7
0
28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Жер-жерде жаңалықтың, жақсы істердің, жасампаздықтың жаршысы болған журналистерге олардың уақытпен санаспай еткен еңбектерінің өтеуі ретінде шаралар ұйымдастырылуда. Қаламгерлер мерекесінің шымылдығын Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалы "Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" облыстық филиалымен бірлесе отырып Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстың маңдайалды журналистерінің қатысуымен ашып берді. "Дөңгелек үстел" отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, ардагер журналистер мен талантты орта, жас буын қаламгерлер қатысты. 
Салтанатты жиынды Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов ашып, қаламгерлер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі. Ол бір топ ардагер журналистер мен талантты қаламгерлерге Журналистер Одағы облыстық филиалының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті. 
Салтанатты басқосуда сала кәсіподақтары облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар танымал журналистердің кеуделеріне кәсіподақтардың "Еңбек даңқы" төсбелгісін тақты. Сондай-ақ, бір топ журналистерге кәсіподақтардың Құрмет грамоталарын табыс етті. 
Сол күні Тараз қаласындағы "Империал" бильярд клубында облыс журналистері арасында бильярдтан облыс телевидениесінің негізін қалаушылардың бірі, талантты журналист Мұса Рахманбердиевті еске алуға арналған жарыс ұйымдастырылды. 
Облысымыздың тыныс-тіршілігін талмай насихаттап жүрген журналистер қауымын жұма күні Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және аудандардың әкімдері қабылдап, лайықты құрмет көрсетіп, әртүрлі деңгейдегі марапаттарды табыс етті. Бүгін-ертең Тараз қаласында спорттың бірнеше түрінен журналистер арасында спартакиада ұйымдастырылады.  
Еліміздің өсіп-өркендеуі,  тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында шығармашылық таланттары мен ізденістерін аямай жұмсап жүрген журналистер қауымына қоғам тарапынан осылайша лайықты құрмет көрсетілуде. Мерекелеріңіз құтты болсын, жаны жайсаң, қаламы қарымды, сөзі алымды әріптестер!
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры