Қали ақсақалдың сөмкесінде кеткен сағыныш
Бүгінде ауыл шетіндегі шағын үйінде, терезе алдында отырып, көшеден өтіп бара жатқан адамдарға ойлана қарайтын Қали қарияны жерлестері жақсы таниды. Қали Сүлейменов – отыз жылдан астам уақыт бойы ауылдық поштада еңбек етіп, өңірге «хат тасушы қария» деген атпен танылған еңбек ардагері. Оның иығына асқан көн былғары сөмкесінде бір кездері бүкіл ауыл халқының қуанышы мен жұбанышы, сағынышы мен үміті хатталып жататын.
Бүгінде біздер пернетақтаны бір басып, қалаған адамымызға сәт сайын хабарлама жіберетін заманда өмір сүріп жатырмыз. Баяғыдай ақ қағазды жайып қойып, маржандай тізілген әдемі әріптермен хат жазуды ұмытқалы қашан! Алақандай ұялы телефонмен жолданған хабарламалардың тасасында маңызды бір дүние – күтудің тәттілігі мен сөздің қадірі жоғалып бара жатқандай. Әр үйдің терезесін таяғымен тықылдатып келіп тұратын пошташы аталарымыз бен апаларымыздың бейнесі де бүгінде көмескіленіп бара жатқандай.
– Мен жұмысқа алғаш орналасқан-да, соғыстан оралған майдангерлердің қарасы әлі де көп болатын, – деп еске алады өткен күндерді Қали ақсақал.
– Олар үшін пошташының келуі үлкен мейрам болатын. Маған алғаш рет майдан даласынан келген, уақыттан сарғайған үшбұрышты хаттарды көрсеткен де солар еді. Ол хаттар пошта жүйесінің ғана емес, тұтас бір дәуірдің, адам айтқысыз қасіреттің куәсіндей болушы еді.
Танымдық тұрғыдан қарасақ, адамзат тарихында хат жазудың орны бөлек. Көне заманда бабаларымыз тастарға қашап хабар қалдырса, кейіннен пошта жүйесі адамдардың арасын жақындатқан жалғыз көпірге айналды. Қазақ даласында Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбайұлының жазған хаттары бүгінде көркем әдебиетіміздің асыл қазынасы саналады. Себебі, бұрын адамдар хат жазуға ерекше дайындалатын: әр сөзді екшеп, ойды жүйелеп, үлкенге құрмет, кішіге ізетпен сөз бастайтын. Мәселен, аға буын өкілдері біледі, аталарымыз бен апаларымыз "Алтыннан ардақты, күмістен салмақты..." деп бастайтын болған жақын адамдарына жазған хаттарын. Хаттарда елдің амандығы, ауыл-жұртта болып жатқан жаңалықтар, жеке бастағы өзгерістер жайлы әдемі, жылы сөздермен хабар берілетін. Ол кезде хат жазушы өзінің жазу мәнеріне, хаттың мазмұнына аса зор мән беретін. Әр хаттан бір-біріне деген сыйластық, бауырластық, құрмет, ізет байқалып тұратын.
Қали қария бүгінгі жастардың телефонға үңіліп, бір-біріне қысқа қайырып «смс» жаза салғанын көргенде кейде қынжылады. «Қазіргі хаттарда жан жоқ, суық әріптер ғана бар. Біздің кезімізде хаттың қағазынан жазған адамның иісі, саусағының табы, жүректегі сөзі білініп тұратын тұратын», – дейді ол.
Қазіргі танымдық ғылым (психология мен нейробиология) да Қали ақсақалдың бұл сөзін растайды. Ғалымдардың зерттеуінше, адам өз қолымен қағазға хат жазғанда, оның миындағы сезім мен шығармашылыққа жауап беретін орталықтар белсенді жұмыс істейді. Тұтас мәтінді қолмен жазу адамды сабырлылыққа, ойды жинақтауға және қарсы алдындағы адамды терең түсінуге тәрбиелейді.
Бұрын пошташының жолын күту – үлкен сабыр мектебі еді. Әскердегі ұлынан, алыстағы оқуда жүрген балаларынан, жырақта жүрген жақындарынан хат күткен аналар Қали ақсақалдың сөмкесіне телміре қарайтын. Хат алған күні үйлерде шай қайнап, қуаныштан сүйінші сұралатын. Бұл үрдіс адамдарды бір-біріне бауырмал, қанағатшыл етті. Бір жапырақ қағазбен келген жылы сөздерден жақындар көңіліне қанағат табатын.
Бүгінгі танымдық мақаламыз арқылы айтқымыз келгені, әрине хат жазысуды қайта қалпына келтіру емес. Қалай айтсақ та технологияның дамығаны жақсы, бірақ Қали ақсақал секілді ардагерлеріміздің өмір мектебіндегі осындай жылы дәстүрлерді, рухани құндылықтарды ұмыт қалдырмауымыз керек.
Қали ақсақалдың пошта сөмкесі қазір төрде ілулі тұр. Ол – өткен ғасырдың, шынайы сезімдер мен хат мәдениетінің жәдігері.
Мүмкін, бүгін сіз де қолыңызға ақ қағаз бен қалам алып, дәл қасыңызда отырған аяулы қарияңызға немесе алыстағы бауырыңызға жүрекжарды тілегіңізді жазып көрерсіз? Экран бетіндегі суық әріптерге қарағанда, сіздің ықыласыңыз сіңген, сиясы кеппеген шынайы хатыңыз үлкендер үшін ең қымбат сыйға айналары сөзсіз. Өйткені,
Қағазға түскен сөз – мәңгілік ес.
Хат жазысу адамдар арасындағы бауырластықты, достықты айшықтай-ды. Жалпы менің айтайын дегенім, ақ қағаздың бетіне ойыңды, ниетіңді, адамдарға деген құрмет-ізетіңді таңбалап жазып білдіріп отырғаның дұрыс-ау деймін. Көңіліміздегіні жақындарымызға жақсылап айта да білейік, жаза да білейік.

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (15)