Еңбек адамы еленді
Жұмысшы мамандықтар жылына орай Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза ағымдағы жылдың алғашқы аптасында аудан орталығында тұратын екі бірдей еңбек адамына сый-құрмет көрсетсе, өңір басшысы өткен аптаның бейсенбісі күні Мыңбұлақ ауылдық округінің Талапты ауылында тұратын 90 жастағы еңбек ардагері, ауыл-аймаққа қадірі артқан қазыналы қария Рахман Мырзахметовың шаңырағына барып, сый-құрмет көрсетті.
Ел экономикасының дамуымен қатар, қасиетті өңірдің өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосқан еңбек ардагері Рахман Мырзахметұлының саналы ғұмыры ауыл шаруашылығы саласына арналған деуге болады. Ол аталған салада жарты ғасырға жуық еңбек етсе, оның 30 жылында бұрынғы «Ленин» колхозының «Талапты» бөлімшесінде меңгеруші болып қызмет істеген. Еңбек ардагері ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбек ардагері» және Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдарымен марапатталған.Еңбек ардагерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ш.Жұмашев, Мыңбұлақ ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Тұрғынбеков, ауыл әкімі А.Рахмашев құттықтап, аудан әкімінің құттықтау хатын және сый-сияпат тапсырып, ардагерге шапан жапты.
Обсудить
Блок в статье:
ҚАРТТАН ҮЙРЕНГЕН БАЛА КӨПКЕ ДЕЙІН АДАСПАЙДЫ
18 январь 2025, Суббота
Өнеге сағаты
17 январь 2025, Пятница
Ардагерлер үйін салу мәселесін көтерді
17 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)