ІСКЕРЛІК. ЖАҢАШЫЛДЫҚ. ЖАНАШЫРЛЫҚ.
Өткен аптаның сәрсенбісінде Меркі ауданында Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер, билер, әкелер, аналар кеңестері төрағаларының, жекелеген бастауыш ардагерлер ұйымдары жетекшілерінің және белсенді ардагерлердің қатысуымен «Облыс ардагерлеріне қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес болып өтті.
Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» идеясын белсенді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды саралау және жандандыру, ардагерлердің азаматтық қоғамдағы белсенділігін көтеру, «Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтың «Іскерлік және жанашырлық» қанатқақты жобасын «Ауыл аманаты» жобасымен тікелей астастыра жүзеге асырудағы ардагерлер ұйымдары-ның ұйымдастырушылық қызметін жандандыру, сол арқылы халықтың тұрмыстық табысын молайту, әл-ауқатын арттыруға үлес қосу. Сонымен қатар облыстық ардагерлер ұйымдарындағы биылғы есеп-беру сайлау жиналыстарына ардагерлерді көбірек қамтып, олардың қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатысуын қамтамасыз ету.
Ақтоған ауылында семинар-кеңеске қатысушыларды Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков, аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейт Жылысбаев, Ақтоған ауылының ардақты ақсақалдары, аяулы әжелері қарсы алды.
Ауданның айтулы жыршы-термешісі Бейбіт Шошабаев облысымыздың қалалары мен аудандарынан келген мәртебелі қонақтарға арнап арнау-терме айтты. Семинар-кеңеске қатысушылар Ақтоған ауылдық округі ардагерлер ұйымының қоғамдық қызметімен танысты. Алқалы басқосуға келгендердің алдында Ақтоған ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Олжабек Қосубаев ауылдағы ардагерлердің тыныс-тіршілігі жайлы кеңінен баяндады.
Осында Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Қайнаркүл Тәттіғұлова аудандық аналар алқасының Ақтоған ауылдық округі әкімдігімен, ауылдық округ бастауыш ардагерлер ұйымымен бірлесе іс-қимыл жасаудың нәтижесінде тұрғындардың әл-ауқатының артып, мәдениетінің көтеріліп келе жатқандығын тілге тиек етті. Аналар алқасының төрайымы осында халықаралық әйелдер күнін өткізудің бүкілхалықтық сипат алғандығы туралы қызықты деректер айтты. Бұл мерекені өткізуге ауылдағы ерлер қауымы, кәсіпкерлер, жұмыскерлер, зейнеткерлер тегіс атсалысады екен және сол күні ауылдағы бүкіл қыз-келіншек, әйел-ана атаулыға тегіс гүл сыйланып, орамал тағу дәстүрге айналған. Бұл игілікті бастама басқосуға қатысқан облыстың бетке ұстар ардагерлері тарапынан қолдау тапты.
Ақтоған ауылдық округі ардагерлер ұйымының жұмысымен танысып болғаннан кейін семинар-кеңеске қатысушылар Меркі аудандық өлкетану мұражайындағы тарихи экспонаттармен танысты. Келесі кезекте ардагер кәсіпкер Бөрібай Келдірбаевтың күрделі металл заттар өңдеу цехының жұмысымен танысып, аудандық Қ.Жандарбеков атындағы жастар өнер мектебі оқушыларының, ұстаздарының өнерін тамашалады.
Аудандық «Жұлдыз» балалар сауықтыру лагерінде облыстық семинар-кеңестің қорытынды пленарлық отырысы өтті. Алғашында қонақтар күрделі жөндеуден өткен балалар сауықтыру лагерінің қызметімен танысты.
Семинар-кеңестің пленарлық оты-рысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Бейсембекұлы Солтыбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, облыстық осы жиынды мазмұнды, ұйымшылдықпен жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және аудан ардагерлер ұйымына жанды қолдау көрсеткені үшін аудан басшылығына өзінің ризашылығын білдірді.
Семинар-кеңесте Е.Солтыбаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің 2024 жылғы 10 маусымдағы пленумының шешімдерінен туындайтын міндеттер туралы баяндама жасады.
Еркінбек Бейсенбекұлы облыс ардагерлер ұйымдарында жүріп жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Ардагерлер ұйымдарының елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың береке-бірлігін сақтау, жастарды тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды орнықтыру бағытында атқарып жатқан қоғамдық қызметіне нақты мысалдар келтіре отырып тоқталды. «Дәнекер» қанатқақты жобасы бойынша 2019 жылдан бері қарай облыстық билер кеңесі құрылып, облыс аумағында дау-дамайларды, тұрғындар арасында бола беретін жанжалдарды, жас отбасылар арасындағы өріс алып бара жатқан ажырасуларды төмендету, болдырмау мақсатында үлкен жұмыс жүргізілуде. Облыстық билер кеңесінің тәжірибесі орталық кеңес тарапынан республика көлемінде таратылуда.
Келесі бір маңызды мәселе – орталық кеңес бастамашы болып отырған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы біздің облыс көлемінде кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл жұмыс, әсіресе Меркі ауданының Сұрат ауылында жақсы жолға қойылған. Осы ауылдың шаруа қожалығының төрағасы Қанат Шайхиевтың тәжірибесі республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде кеңінен насихатталды. Бұдан әрі қарай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы облыс ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған міндеттеріне тоқталды.
Облыстық көшпелі семинар-кеңеске арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Нұрымова ардагерлер алдында сөз сөйлеп, осы өңірден сайланған халық қалаулысы ретінде ағынан жарылып, ел алдында есебін берді.
Семинар-кеңесте облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қонысбай Қуандықұлы Ильясов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы ІХ съезінде бекітілген Жарғысына сәйкес цехтық, бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу жөніндегі алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады. Ол бұл маңызды науқанның Тараз, Шу қалалары және аудандардың ардагерлер ұйымдарында шілде-тамыз айларында өтетіндігін еске сала келіп, бұл бағытта қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің міндеттерін айқындап берді.
Алқалы басқосуда Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы Өмірбеков баяндама жасады. Билік буындарында біраз жылдан бері табысты қызмет етіп жүрген Мейірхан Азатұлының баяндамасын облыстың түкпір-түкпірінен келген қадірменді қариялар сүйсіне тыңдады. Оның әрбір сөзінен ардагерлерге, аға ұрпақ өкілдеріне деген шынайы жанашырлықты сезінгендей болдық. Ол ауданның әлеуметтік-эконмикалық даму қарқыны туралы, ардагерлерге белсенді ұзақ өмір орталығын ашу, олардың қол жетімді медициналық қызмет алуы, шипажайларға баруы, оңалту қызметтерін пайдалануы және аудандағы идеологиялық жұмыстардың кезек күттірмейтін міндеттері, салт-дәстүрлерді насихаттау, жаңарту, той, ас, жаназа өткізу дәстүрлерін бір ізге салу, балалардың қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, аудандағы діни ахуал жайы, қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу тәсілдері туралы нақты мысалдар келтіре отырып, қарияларға ұғынықты тілмен айтып берді.
«Іскерлік және жанашырлық» жобасын нақты іске асырудың барысы туралы ардагер кәсіпкер Қанат Шайхиев өте қызықты әңгімелеп берді. Табысты кәсіпкердің сөзін түйіндеп айтатын болсақ «Шығын шықпай кіріс кірмейді» екен. Ол батаменен өсіп, өркендеп жүргенін нақты мысал келтіріп айтты. Өзі өмір сүріп жатқан Сұрат ауылының мұқтаж жандарына ғана емес, жалпы тұрғындарына дейін қол ұшын беріп тұратындығын мәлім еткенде шаруасының қанатын кеңге жайып, табысының еселене түскенін жиналған жұртшылық өз ризашылықтарын жасыра алмай гуілдеп қол соқты. Қанат Шайхиев осы уақытқа дейін өз ауылындағы ардагерлер мен жағдайы төмен отбасыларға шыққан өнімнен астық таратып келгендігін, сонымен қатар Астана, Түркістан қалаларына ардагерлерді өз қаражатымен сапарлатқанын, биыл да 20 ардагерді Ыстықкөлге алып баратынын, осы іс-шара өткен балалар демалыс лагеріндегі бұрынғы жеміс талдардың қурап кеткендігін, бақты қайта қалпына келтіру үшін қанша жеміс талдардың көшеттері қажет болса соның қаржысын толығымен өзі көтеретінін тілге тиек етті. Шапқылап осы облыстық семинар-кеңесті өткіземіз деп жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүрген аудандық ардагерлер кеңесіне 10 тонна бидай беретінін айтқанда еріксіз риза болдық. Жомарт кәсіпкердің айта берсе халыққа істеген жақсылығы өте көп екен. Іскерлік, жанашырлық, жаңашылдық дегеніміздің өзі, айналып келгенде осы емес пе?!
Ардагер кәсіпкер Бөрібай Келдірбаев жиында өзінің қалай табысты кәсіпкер болғандығын, бүгінде ісін балалары жалғастырып жатқандығын тілге тиек етті.
Семинар-кеңесте сөз сөйлеген Меркі ауданының әкімі Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков әлі де тұғырларынан таймай қоғам үшін, елдің тыныштық бірлігі үшін, ұрпақтарының жарқын болашағы үшін қоғамдық белсенді еңбек етіп жүрген облыс ардагерлеріне өз ризашылығын білдіріп, бүгінгі алқалы жиынның табысты өтуіне сәттілік тіледі.
Облыстық семинар-кеңеске қа-тысушылардың облыстың барлық ардагерлеріне Үндеуі қабылданды. Үн-деудің жобасын облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық «Ғұмыр Дария» газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов оқып берді.
Жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесі шығарған «Аялы Әже» кітабының тұсаукесері болып, облыстың бір топ белсенді ардагерлеріне марапаттар тапсырылды.

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ
Меркі ауданы
Меркі ауданы
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы»
26 декабрь 2024, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)