Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » БІЗ ОСЫ ҚАЙДА АСЫҒАМЫЗ?

БІЗ ОСЫ ҚАЙДА АСЫҒАМЫЗ?

03 июнь 2026, Среда
39
3
Алматыда тұратын журналист Таңсұлу Алдабергенқызы біраз жылдардан бері «Оқи отырыңыз» атты  тарихи-танымдық газет шығаруда. Ниетіне рахмет, арнайы жазылмасам да үйдегі поштама оның әр саны үзбей келіп тұрады. Газетке ой сүзгісінен өткен, оқуышыларына ой салатын, бір сәт өзіңнің ішкі дүниеңе үңілетін шағын, тартымды дүниелер жарияланып тұрады. Газеттің 2026 жылғы №1 санында жазушы Оралхан Бөкейдің  күнделігінен үзінділер жарияланыпты. Соның бір жерінде «Қазіргі адамдардың барлығы асығыс. Бірақ қайда асығып бара жатқандарын өздері білмейді. Білсе, асықпас еді ғой...» депті. Шынында ойланатын дүние екен. Рас қой, қайда асығамыз? Неге асығамыз? 
Аралары қашық орналасқан еліміздің қалаларына іс-сапарларға шыққанда, уақытымызды үнемдеу үшін көбіне ұшаққа мінеміз. Оның  қазіргі заманның ең тиімді көлігінің бірі болып тұрғаны рас. Ұшаққа отырғызу жарияланғанда жолаушы қауым тұра алға ұмтылып, бірін-бірі таптап кетердей асығып-аптығып кептеліс тудырып жататынын жиі байқауға болады. Неге асығады, түсініксіз. Ұшақ салонында билет алған әр жолаушын белгіленген өз орындары бар емес пе? Онда неге ұшаққа симай қалатындай, одан қалып қоятындай кимелеп алға ұмтыламыз?  
Ұшақ межелі әуежайға аман-есен қонған сәтте борт радиосынан «Құрметті жолаушылар! Біз Н.. қаласының әуежайына қондық. Ауа температурасы 28 градус. Тыныштық, сабырлылық сақтап, орындарыңызда отыруларыңызды сұраймыз. Біз сіздерді  сыртқа шығуға өзіміз шақырамыз» деп хабарлама беріледі. Бірақ оған құлақ асып жатқандары шамалы. Өре түрегеліп тезірек ұшақтан түскісі келіп тұрады. Неге? Қайда асығамыз? Ұшақтан түскеннен  кейін барлық жолаушылар арнайы автобусқа отырғызылып, әуежай ғимаратына бір мезгілде жеткізілмей ме? Онда неге алға ұмтылып, өз басымызға өзіміз қиындық туындатып жатамыз? Адамдар неге шыдамсыз?
Әйтеуір, білетінім барлығымыз бір жаққа асығудамыз. Неге біз осы үнемі асығамыз да жүреміз..? Түсінбеймін. Шұғыл шаруа шықса болды, соны орындамайынша жанымыз жай таппайды. Бір ақын айтпақшы «Асығамыз. Асықпайтын уақытта асығамыз, Ақиқатты несіне жасырамыз. Жолға шықсақ - жетуге асығамыз, Жете салып, кетуге асығамыз».  
... Жаңалықтарды тыңдайын деп теледидарыңызды қоссаңыз «Бүгін Алматы мен Бішкек арасындағы автотрассасында 4 адамның өмірін жалмаған жол апаты болды. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік қарсы бетке шығып кетіп, екі көлік бетпе-бет соғысқан. Жол апатының басты себебі – жол ережесінің сақталмауы, автокөлік жылдамдығын мөлшерден тым асыру...», деп жариялап жатады. Мұндай төбе шашыңды тік тұрғызатын қаралы хабарлар соңғы кезде жиілеп барады. Жол бойындағы апаттарының басым көпшілігі жүйрік автокөлік мінген жандардың үлкен  жол бойында жол ережелерін, тәртіп сақтамай барар жеріне тез жетсем деген оймен көлік жылдамдығын шамадан тыс асыруы екенін көпшілік біле отыра, жол ережесін сақтамаудан жыл сайын елімізде мыңдаған адам жол апаттарынан көз жұмуда, пәленбай отбасы қайғы қасіретке шалдығып, біреулері болашағынан үміт күтіп отырған өрімдей жас баласынан, біреулер отбасының негізгі асыраушысынан, ал біреулері аяулы анасынан немесе бауырынан айрылып зар илеп жатады. Жолға шықсақ неге біз сонша асығамыз? Асығып жүріп тек өзіміздің өмірімізге ғана емес, басқаның өміріне қауіп төндіретінімізді неге ұқпаймыз?
Шыны керек, бала кезде барлығымыз да қашан ер жетер екенбіз деп асықтық. Енді қазір ойлап қарасаңыз, керсінше, сол балдай тәтті бал дәуреннің өте қысқа болатынын кейін түсініп жатырмыз. Қарын тоқ, қайғы жоқ, көйлек көк. Өкініштісі сол, енді ол дәурен қайтып оралмайды, құр қиялдайсың да қоясың. Қазір ер жеттік. Ақыл, ой-санамыз жетіліп, ақты ақ, қараны қара деп тануға қабілетіміз де, қауқарымыз да толықтай бар. Бірақ сонда да Құдайдың бізге парыз қылып жүктеген міндетін елемей қу дүниенің соңына ілесіп, болашаққа, яғни, мақсатқа қашан жетеміз деп асығып келеміз. Осылай асығып-үсігіп жүріп, қамшының сабындай болған қысқа ғана ғұмырда уақыттың зымырандай зуылдап өте шыққанын байқамай қалады екенбіз.
Бірде әлеуметтік желіден мынадай ақпарат кезікті: «Менің атам болған. Жасы 82-де еді. Төрінен көрі жақын екені айтпаса да түсінікті. Демек, мұндай адамдар аз ғана өмірде бәрін үлгеріп қалуға тиісті емес пе? Бірақ атама қарап олай айтпайсың. Ешқашан асықпайды. Бүкіл өмірі әлі алдында тұрғандай. Жұмыс істесе де, демалса да, киінсе де,  кітап оқыса да бәрін баппен істейді. Бұл не деген жайбарақаттық деп ойлайтынмын.
Ал біз асығыспыз. Ақсақ қойдың жасындай ғұмырымыз қалғандай, бәріне үлгеруге тырысамыз. Тамақ ішсек апыл-ғұпыл ішеміз. Киінсек, жеңнен бас, мойыннан қол шығарамыз. Жұмыс істесек, бітіруге асығамыз. Бұл не деген асығыстық өзі?
Негізі керісінше болу керек емес пе? Атам асығып, жастар асықпау керек емес пе? Сөйтсек, үлкендер өмірдің сырын әлдеқашан түсінген екен. Олар әрбір сәттен бақыт табады және бақытты болады. Құстың ұшуы, кемпірқосақтың асылуы, жаңбырдың бетке тамуы, судың сылдыры, сәбидің күлкісі, қозының маңырауы, жапырақтың сыбдыры, піскен нанның иісі – бәрінен өмірді сезіп, бағалап отырады.  Ал біз, жастар оны байқамаймыз. Қашан байқай бастасақ, бақытты қазірден қадірлеуші едік». 
 «Таңда – бала-бақшаға асығамыз,
Түсте – алар ақшаға асығамыз,
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе – жерлеуге асығамыз.
Таныса сап, дайынбыз достасуға,
Амандассақ, қаяумыз қоштасуға.
Үйлене сап, жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып, сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда алып ұшып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып.
Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз,
Осы біздер қай жаққа асығамыз?»
Қоғам дамыған сайын адамның шыдамдылығы таусылып бара жатқан сияқты. Қазір бұрынғыдай кітап оқымаймыз. Өйткені уақыт жоқ.   Тойға, концертке, киноға барсақ та қашан бітеді деп асығамыз. Адамдар неге шыдамсыз болып барады? Осылай жанталасып «Қайда асығамыз? Неге асығамыз?» деп ой тербеп отырған сәтте Мақсат Ахметовтың мына бір жыр жолдары еске түсті:
«Осы бiз қайда асығамыз?
Арман қуып алға бiз асығамыз,
Арманымызды өзгеден жасырамыз.
Өзге бiлсе орындалмай қалар ма деп.
Өтiрiкпен әрлеймiз, қатырамыз.
Айтыңдаршы неге бiз асығамыз?
Мансапқа тез жетуге асығамыз.
Бақытты болсам мына өмiрде деп,
Әрқашан биiктерге талпынамыз.
Орындалмай қалса егер арманымыз.
Тауға, тасқа бас ұрамыз. 
Досым саған айтатын бiр кеңесiм.
Өмiрде ешқашанда асыкпаныз!»
Иә, бір сәт ой таразысынан өткізіп көріңізші. «Көштен қалдым», «Кеш қалдым» деп  аласұрып жүріп бір замандас өмірден ерте озып кетті. Зымырандай зырлаған уақытпен жарысып, қос өкпесін қолына алып уақытпен жарысып жүргендер әлі де қаншама? 
...Уақыт деген шіркін зымырап өтіп жатыр. Бір күніміз бір сағаттай, бір аптамыз бір күндей, бір айымыз бір аптадай тез өтіп кетуде. Асығу – заманның ырғағы шығар. Бірақ өмірдің шынайы болмысы тым жылдамдықты сүймейді. Ол баяулықты, байыптылықты, сезімге үңілуді қалайды. Кейде тоқтай білу артта қалу емес, керісінше, өзіңді табуға көмектеседі. Пайғамбарымыздың бір хадисі бар: «Адамдардың көбі қадіріне жете білмейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық пен бос уақыт». Сол себепті сенің нағыз ғұмырың – осы нығметті бағалап, бақытты, көңілің тыныш болып өткізген сәттерің. Ендеше ой-санамызға үміт отын жағып, келешектен тек жақсылық күтіп, алтын уақыттың қадірін білейік, ағайын.
Орынды жерде ғана асығып, ретсіз жерде асықпайықшы!

    Сағындық ОРДАБЕКОВ, 
дәрігер-хирург,
Қазақстан Журналистер Одағы
Алтын белгісінің иегері.

Тараз қаласы
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

сын қайда, шын қайда?
30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда?
ГАЗЕТ ОҚИТЫН ӘЖЕ
15 апрель 2024, Понедельник
ГАЗЕТ ОҚИТЫН ӘЖЕ
АЙТАРЫ БАР БАСЫЛЫМ
24 ноябрь 2022, Четверг
АЙТАРЫ БАР БАСЫЛЫМ
Добавить комментарий
Комментарии (3)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 4 июня 2026 19:33
Помощь в оформлении водительских прав любой категории. Работаем быстро, конфиденциально и с индивидуальным подходом к каждому. Помогаем даже в сложных ситуациях, включая случаи после лишения. Официальное внесение в базу ГИБДД/ГАИ. Работаем по России и Беларуси. Смотрите всю информацию и контакты на нашем сайте: https://pravaru.info
dianalas151
dianalas151 Посетители 5 июня 2026 18:14
Помощь в оформлении водительских прав любой категории. Работаем быстро, конфиденциально и с индивидуальным подходом к каждому. Помогаем даже в сложных ситуациях, включая случаи после лишения. Официальное внесение в базу ГИБДД/ГАИ. Работаем по России и Беларуси. Смотрите всю информацию и контакты на нашем сайте: https://pravaru.info

Помощь в оформлении водительских прав любой категории. Работаем быстро, конфиденциально и с индивидуальным подходом к каждому. Помогаем даже в сложных ситуациях, включая случаи после лишения. Официальное внесение в базу ГИБДД/ГАИ. Работаем по России и Беларуси. Смотрите всю информацию и контакты на нашем сайте: https://pravaru.info

Помощь в оформлении водительских прав любой категории. Работаем быстро, конфиденциально и с индивидуальным подходом к каждому. Помогаем даже в сложных ситуациях, включая случаи после лишения. Официальное внесение в базу ГИБДД/ГАИ. Работаем по России и Беларуси. Смотрите всю информацию и контакты на нашем сайте: https://pravaru.info
dianalas151
dianalas151 Посетители 7 июня 2026 16:00
Помощь в оформлении водительских прав любой категории. Работаем быстро, конфиденциально и с индивидуальным подходом к каждому. Помогаем даже в сложных ситуациях, включая случаи после лишения. Официальное внесение в базу ГИБДД/ГАИ. Работаем по России и Беларуси. Смотрите всю информацию и контакты на нашем сайте: https://pravaru.info
Сотрудники
Партнеры