Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ГАЗЕТ ОҚИТЫН ӘЖЕ

ГАЗЕТ ОҚИТЫН ӘЖЕ

15 апрель 2024, Понедельник
61
0
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Қызылшаруа ауылының тұрғыны Шамша Демесінова – айналасына сыйлы қарт. Қазіргі таңда 85 жасқа аяқ басқан әжемізді іздеп келіп амандасып, ақ батасын алатын кісілер аз емес. Ауылдың басшылары да әжеге жиі жолығып, халін сұрап, жағдайын біліп тұрады.

Олай болатын жөні де бар. Шамша Мәмекқызы – 12 ұл - қыз өсірген алтын құрсақты ана, «Алтын алқа» иегері. Өмірлік жары, бұл күнде бақилық болған  Нұғман қария екеуі ауылға сыйлы, еңбекке адал болды. 
Шамша  әжеміз – әлі де ширақ. Бүгінгі күнге дейін қазақ тілінде жарық көретін басылымдарды алдырып, оқып отырады. Оның ішінде біздің «Ғұмыр - Дария» газеті де бар екен. Біздің барғанымызға әжей қуанып қалды.
– Балаларыма айтып газет - журналдарға жазыламын. Жас кезімізден рухани серігіміз – газет – журнал. Облыстық «Ғұмыр - Дария» газеті маған ұнайды. Қарияларға арналған мақалалар, тарихи - танымдық, тағылымы мол дүниелер көп жазылады. Бізге замандастарымыз жайлы оқыған қызық қой, – деген сөзіне біз де қуандық.
Шамша Демесінова – жас-тайынан еңбекке бел шеше араласқан кісі. Әуелі еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, кейіннен қатарынан 10 жыл ауылда құрылыс бригадасының бригадирі болыпты. Он жыл ауылдық балалар бақшасын басқарыпты. Бір сөзбен айтқанда жұмыс таңдамай, уақытпен санаспай өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған кісі.
Әжеге ұл - қыздары жиі барып, көңілін көтеріп тұрады екен. Үлкен ұлдары Рамазан мен Рахымжан, қыздары Маржан, Раушан бастап қара шаңыраққа аттың басын бұрып тұратынына сүйсіндік. Ондайда  әже:  «Менің Бүбіжаным, Құндызым қайда? Азиз, Құралай, Әзімбегім келмеген бе?»  деп өзге перзенттерін де қасына жинап алатыны бар. Шырай мен Серікжанын да көзінен таса қылмай, іздеп отырады. «Анамызды жиі көріп тұруға асығамыз. Қарт кісі – қазынамыз. Бізді өмірге әкелді, бақты, қақты, өсірді. Бұл кісінің алдындағы қарызымыз көп. Анамыздың қабағына кірбің түсірмеуге тырысамыз, осы кісімен мақтанамыз. Ауылға құрметті. Әсіресе, жас келіндер әжелерінің батасын алып, жылы сөздерін естуге құштар», – дейді үлкен перзенті Рамазан.
 Ұл - қыздары да еңбекқор. Әр салада тер төгіп, абырой биігінен көрініп жүр. Бәрі де аналарына келіп сәлем бергенше асығып тұрады. Құдайдың берген берекесі болар, әшейінде ұл - қыздары, немерелері жиналса бұл шаңыраққа бір тойдың адамдары бас қосады. Шамша әже 12 ұл - қызынан 25 немере, 25 шөбере сүйіп отыр. Әженің немерелері арасында да жоғары білім алған, білім мен өнер додаларында көзге түскен үздіктері бар. «Үнемі іздеп келіп, сәлем береміз. Нағашы апамызды көрсек, арқамызды тауға тірегендей қуанып қаламыз. Біз  әжемізді өте жақсы көреміз», –дейді жиен немересі Гүлнұр Қырғызбай.
– «Адам ұрпағымен мың жасайды», - деген. Осы ұлдарым мен қыздарым, ұрпақтарым келген сайын бір жасап қаламын. Адамға ең керегі – тынышытық пен бақыт, бейбіт өмір. Еліміз бейбіт өмір кешіп жатыр. Осы бақытты, тыныш күндердің бағасын жас ұрпақтар білуі керек. Себебі, болашағымыз – жастар. Жастар аман - есен болсын. Өмірде жастардың жолдары бола берсін, -дейді  көпті көрген Шамша әже.

Есет ДОСАЛЫ,
журналист.

Тұрара Рысқұлов ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
06 апрель 2023, Четверг
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН ШЫМБҰЛАҚ
18 март 2024, Понедельник
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН ШЫМБҰЛАҚ
Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры