ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН ШЫМБҰЛАҚ
Ауылдың сәні, әулетінің мәні болған қазына қарттар қай ауылда да баршылық. Олардың кеудесі – алтын сандық. Әттең, тіршіліктен бір сәт мойын бұрып, ол кісілермен кеңінен әңгімелесе де алмай жүреміз. Сонымыз өкінішті. Жұртқа айтар өнегелі ісі жетерлік қарттар «Генералдар елі» аталып кеткен Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округінде де аз емес екен. Әуелі Шымбұлаққа аялдадық.
– Генералдары көп ауданбыз. Бұл ауылдан Сейітжан Қойбақов, Тілепалды Ыбыраев деген генаралдар шыққан. Қазіргі қазыналы қарттарымыздың да қадірі сол генералдардан кем емес қой, - деп кеудесін көтеріп қойды жолбасшымыз аудандық ішкі саяст бөлімінің басшысы Нұрбақыт Балтабаев.
Құдай денсаулық беріп, 86 жасқа қарай аяқ басқан шымбұлақтық Қадіркүл Наурызова әжеміздің өзі де, сөзі де ширақ екен. Жолдасы Әби Наурызов көкпаршы, шабандоз кісі болғандықтан, балалары да шынығып, шымыр болып өсті. Әжеміз бұрынғы М.Горький атындағы ұжымшарда 30 жылға жуық сауыншы болып еңбек еткен. Озат сауыншы ретінде ертеректе есімі ауданнан асып, облыс көлеміне жайылған көрінеді . Тіпті, 3 сағаттың ішінде саусағын талдырып тұрып, 28 сиыр сауғаны – нағыз ерлік. Бұл еңбегі сол кезде өз бағасын алды да. Қазір сиырдың желініне кигізіп қоятын сан түрлі аппараттар шықты. Ол кездегі еңбек адамдарының шеккен бейнеті мен төккен терін тек көнекөздерден естіп қаныққандай боласың.
Әби ата екеуі он ұл-қызды тәрбиелеп өсіріп, жеткізіпті. Балаларын өсіріп ғана қоймай, оларға тағлымды тәрбие беріпті. Бала тәрбиесіне жастайынан көңіл бөлді. Қоғамдағы аналардың рөлін, олардың атқарар қызметін «Алтын алқа» иегері Қадіркүл әжей жақсы түсінді.
Қадіркүл әже әлі де істен қалған жоқ. Осы күнге дейін құрт жайып, күбі піседі. Қазіргі таңда үлкен көрпелерге құрақ құрай беретіні бар. Келіндерінің «Әже, демалып отыра беріңіз, өзіміз істеп тастаймыз» дегеніне қарамай, бір жағында күйбеңдеп жүреді. Әлде әжелердің бәрі сондай ма?
Ұлағатты анадан тәрбие алған перзенттер туралы да айтып өткеніміз артық болмас. Үлкен ұлдары Әбіш 1959 жылы өмірге келіп, көпшілікке жақсы мінезімен танылған еді. Бұл күнде бақилық болыпты. 1961 жылы өмірге келген Нағимасы Тараздағы емханалардың бірінде мейірбике болып еңбек етеді. Нағима да түрлі қоғамдық істерде белсенділік танытып жүр. Келесі жылы 60 жасқа толатын Әден деген баласы Астанада тұрады екен. Техникалық қауіпсіздік пәнінен сабақ береді.
Одан кейінгі Әсеті – Шымбұлақта шаруа қожалығының төрағасы, ұлағатты бес ұл-қыздың әкесі. Ләтипасы Тараз қаласында мұғалім болса, Әліші де Таразда тұрады, көкпаршылықпен аты шыққан. Насимасы Алматы қаласында жеке кәсіпкер, жекеменшік сауда маркеті бар. 5 ұл-қыз тәрбиелеп өсіруде. Алтай Шымбұлақ ауылындағы клубта күзетші. Оның жары Аида үй шаруасымен айналысып, әжеге қарайды. Сиыр сауады.
Халимасы мен Салимасы Астанада жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл әулеттің немерелері де білім алу мен қызметте өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Әби атаның бір немересі Алдияр әскери салада қызмет етеді. Жақында шаңырақ көтеріп әжесін, ата-анасын қуантты. Назым атты жас келіннің де Қадіркүл әжесінен алатын тәрбиесі көп. Әженің тағы бір немересі Димаш (Дінмұхамед) – көркемсөз оқудан бірнеше байқаудың жүлдегері.
Ауылға ардақты әже Қадіркүл Наурызова:
– Заманымызда ауыр бейнетті кештік. Қиын жұмыстар атқардық. Сауыншылық жұмыс ол кезде өте ауыр болатын. Қазір де жеңіл емес қой. Перзенттерімізді жеткізу үшін еңбек еттік. Осы жасқа жеткеніме, осы күнге жеткеніме шүкіршілік деймін. Жастар аман болсын, заманымыз тыныш болсын. Ел басқарған азаматтарға Жаратушы күш - қуат берсін, – деп бүгінгі жастарға бата беруден жалыққан емес.

Есет ДОСАЛЫ,
журналист.
Жуалы ауданы.
журналист.
Жуалы ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)