Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » КІТАППЕН ДОС БОЛҒАН

КІТАППЕН ДОС БОЛҒАН

18 март 2024, Понедельник
44
0
Шымбұлақ ауылының тағы бір ардақты әжесі Опакүл Рысбаева 74 жаста. Өзі 7 ұл-қыз туған батыр ана, «Алтын алқа» иегері.
Осы Жуалының – Қайрат ауылында туып - өскен. 1968 жылы бар болғаны 18 жасында Шымбұлақ ауылына Итебай ақсақалдың әулетіне келін болып түскен екен. Содан бері 56 жылға жуық уақыт өтті. Бүгінде әулеттің бата берер әжесі болып отыр. Құдай қосқан қосағы Сабыр Итебаев екі қызының тұрмысқа шыққанын, үлкен ұлының отау құрғанын көріп,  1995 жылы 60 жасында ауырып, өмірден озыпты. Сабыр Итебаев филолог мұғалім екен. Осы Шымбұлақ мектебінде 40 жылға жуық ұстаз болып еңбек етіпті. Ал, Опакүл Рысқұлбек әжеміз ешқандай мамандық алмай-ақ, 18 жасынан бастап Шымбұлақ мектебінде кітапханашы болып, ұзақ жыл істеп, сол жұмыстан зейнетке шығыпты. Арнайы дипломы болмағанымен, өз ісіне берілген, білікті маман бола алған. 
Кітапханашы болғаннан зиян шеккен жоқ. Кітап оқуға құмартты. Ауылдағы көптеген тұрғындардың көзін ашты. Қазіргі таңда келіні Мая мектепте, енесінің жолын жалғаған кітапханашы.
– Кітаптан асқан асыл қазына жоқ. Ертерек тұрмысқа шығып кетіп, мамандық ала алмадым. Бірақ, кітапханашы болған күннен бастап жұмысыма адал болдым. Сол жағын ескерді ме, ешкім жұмысымнан қуған жоқ. Ұзақ жыл кітапханашы болып тер төктім. Балалардың болашағы деп өмір сүрдік. Еңбек еттік. Мектептегі оқушылардың зейінін кітапқа аударсақ деп күш салдық. Бала тәрбиесіне үлесімізді осылайша қостық. Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын, –дейді әже.
1970 жылы өмірге келген үлкен қызы Гүлғашима Астанада жеке кәсіпкер, үлкен жекеменшік дүкені бар. Бес ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Ал, 1971 жылғы Жангелдісі – ауыл мектебінде күзетші. Бір жағынан «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, мал шаруашылығын дамытып отырған шаруа, бес перзенттің әкесі. 
Жанғалиы Шымбұлақтағы мектепте психолог болса, келіншегі Мая  аталған мектепте кітапханашы. Бір сөзбен айтқанда, енесінің мамандығын да, ақ батасын да алып отыр.
Гүлгауһары Таразда жеке кәсіпкер. Гүлжазирасы мен Гүлзирасы мектепке дейінгі тәрбие саласында тер төгіп жүр. 
Опакүл әженің бір немересі Ерғазы Өскемен қаласында әскери қызметті абыройлы атқарып жатқанын мақтанышпен айтсақ артық болмас. Жалпы Опакүл Рысқұлбекова 7 ұл-қызынан 25 немере, 17 шөбере сүйіп отыр. Ұл-қыздарының әр жерде абыройлы қызмет етіп жүргені – Сабыр атамыз бен Опакүл әже берген тағлымды тәрбиенің жемісі. Әжеміздің елеулі еңбегін аудандағылар да құрметтеп, жылы сөздерін арнап отырады. Ондай құрметке Опакүл әже әбден лайық.

Есет ДОСАЛЫ,
журналист.
Жуалы ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН ШЫМБҰЛАҚ
18 март 2024, Понедельник
ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНГЕН ШЫМБҰЛАҚ
БАТЫР АНА БАЛАКҮЛДІҢ БАҚЫТЫ
06 июнь 2023, Вторник
БАТЫР АНА БАЛАКҮЛДІҢ БАҚЫТЫ
АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
08 август 2023, Вторник
АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
06 апрель 2023, Четверг
КӨПТІ КӨРІП, ҰЗАҚ ЖАСАҒАНДАР
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры