Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚОЙ ҚЫРҚЫНДА АНАСЫМЕН ЖАРЫСҚАН

ҚОЙ ҚЫРҚЫНДА АНАСЫМЕН ЖАРЫСҚАН

18 март 2024, Понедельник
89
0
Ақтоғайлықтар ауылдың ардақтысы Мейрамкүл Қаракесекованы «Батыр ана» деп атайды. Олай аталуы бекер емес. Құдай қосқан жары Бұралқы екеуі 8 ұл - қыз тәрбиелеп өсіргені өз алдына, анамыздың озат қырықшы болғаны жайлы айтылатын қызықты әңгімелер өте көп. 
Қазіргідей емес, кеңес заманында кеңшарларда жүз мыңдап қой өсіріп, олардан тонналап жібек жүн қырқылатын. Қой қырқыны дегенің қызу науқан болатын қырқу аппараттарын кіл «сен тұр, мен айтайын» қарулы қыз жігіттер ұстайтын. Көзін еңбекпен ашқан еңбекқор, орденді ананың тәрбиесін көріп өскен Мейрамкүл Жамбылбекқызы қой қырқу ісінде алдына жан салмапты. Жалындап тұрған жас күнінде 1 минутта бір қой қырқып үлгерген екен. Тәулігіне 360 қой қырқыпты.

Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Бейнелеп алғанда «жарты отардан көп қойды бір күннің ішінде жалғыз өзі қырқып үлгерді» деген сөз. Тағы бір қызығы Мейрамкүлдің анасы Қоңыр Қаракесекова да ауданның озат қырқыншысы болыпты. Сол үздік еңбегі үшін екі дүркін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған кісі деседі. «Алып анадан туа-ды» дегендей, Мейрамкүлдің мықты-лығында да анасының қайсар қасиеті жатыр ғой. 
Содан бір жолы кеңшарлар қой қырқудан жарысып жатады . «Коммунар» кеңшарынан Қоңыр Қаракесекова, «Жаңатас» кеңшарынан Мейрамкүл Қаракесекова жарысқа түсіпті. Бұл қырқын науқанының барысын сол кездегі Сарысу аудандық атқару комитетінің төрағасы Қырықбай Асанов қадағалап отырған екен. Неге екенін қайдам, Асанов екі ордені бар кісінің ортадан озып шыққанын қалапты. Тіптен, қой қырқылып жатқан кезде Мейрамкүлдің қасына келіп: «Сенің әлі жеңістерің алда. Анаңның абыройын ойла. Анаңнан озып кетпе», - деп ақыл айтқан жанашырлар да табылыпты. Бірақ, жастық ештеңені тыңдатпапты. Мейрамкүл сол жылы қос ордені бар анасынан да озып кетіп, аудан чемпионы атанады. Еңбек бәсекесінде кім күшті, сол жеңеді. Бұл жолы жастық жігері жалындап тұрған қызы осылайша жеңіске жетеді. Ал анасы болса осындай еңбекқор қыз тәрбиелеп, өсіргеніне тек қол соғады.
Сол Мейрамкүл Қаракесекова өмір бойы адалдығынан, еңбеккештігінен танған жоқ. 5 рет ауылдық кеңеске, 3 мәрте аудандық кеңеске депутат болып сайланып, халықтың қалаулысы болды. Депутаттық мінберлерден қарапайым елдің сөзін сөйлеп, халықтың мүддесін қолдады. Өзекті мәселелерді көтере біліпті.
Қазіргі таңда Мейрамкүл апаны барлық ауылдастары құрметтейді . Жұбайы Бұралқы Есмұрзаев екеуі ауданға сыйлы қарттар. 
Осыдан біраз жыл бұрын облыстық ардагерлер кеңесінің Мейрамкүл қаракесекова «Жамбыл облысының Құрметті ардагері» атанды.
Қазіргі таңда жылдамдығы жоғары қырықтықшылардың бәсі болмай қалды. Мал жеке адамдардың меншігінде, қой қырқылмайды емес, қырқылады. Бірақ, жүн -  жұрқа ешкімге керек болмай жатыр. Жүн жұрқа түгілі еңбек адамдарының қадіріне жетіп жатқан ешкім жоқ. Ия, бұл менің журналист ретіндегі ішкі қынжылысым ғой. Жалпы, еңбек бар жерде бәсеке болуы керек, ал, бәсеке болған жерде еңбекте нәтиже де, сапа да болар еді. Сол жағы жетпей тұр ғой бүгінде... 

Есет ДОСАЛЫ, 
журналист. 

Сарысу ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры