АСҚАРОВТЫ ҚҰТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ БОЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?
Бұл жөнінде кезінде қазақтың қабырғалы ақыны Жақсылық Сәтібековтың естелік мақаласында жан-жақты әрі толық жазылған. Социалистік Еңбек Ері Дариға Жантоқова апамыз да Жылқыбайдың бұл ерлігі туралы өз естеліктерінде айтқан екен. Бүгінде сол кезден бері тура отыз жыл уақыт өтіпті. Алайда осы уақытта Жылқыбай Аралбаевтың бұл ерлігі айтыла бермейді. Сондықтан да архив тарих шежірешісі ретінде жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулеттің Ж.Аралбаев туралы естелігінен үзінді беруді жөн көрдік:
«Өмірдің талай ащысын көрген, әкесі мен анасынан ерте жетім қалып, интернатта тәрбиеленіп, шындықты өмірінің өзегі еткен Жықаң досқа да адал болды. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында, миномент ротасының командирі болып жүргенде табысып, өмірлік досына айналған Ақтөбе облсының Шалқар ауданының түлегі Пана Әлиұлы Оралбаевты ешқашан да жадынан шығарған емес. Өмірден өткенше дос жүрегі бір-бірін іздеп, әрқашан да ынтыға кездесетін.
Жылдар өтіп жатты. Партия қатарына өттім. Облыстық газеттің партия тұрмысы бөлімін басқардым. Ол кезде облыстық газеттердің бөлім бастықтарын облыстық партия комитетінің бюросында бекітетін. Кейінірек Жылқыбай Аралбаевтың бастамасымен облыстық газеттің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі редакторымен бірге бюро мәжілісіне қатысатын болды. Тап осы кезде Аралбаевтың ардың адамы екенін, шындықты қаймықпай айтатындығын, халықтың мүддесін бәрінен жоғары қоятынын танып, білдім. Оның кейбір пікірлерінен көпшілік тартынып, қорқып қалатын. Әсіресе ұлт саясатына келгенде ол ешкімге жақ аштырмайтын. Облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде өзі басқаратын салалар күн тәртібінде талқыланғанда соңғы сөзді облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Константин Семенович Лосев емес Жылқыбай Аралбаев айтатын. Кейбір сәттерде алдын-ала жасалынып қойған қаулылардың жобасын тас-талқан етіп, шешімнің адамға қызмет етуіне бағыттап, қайта жазып шығатын».
© Назым ҚОЖАМАРОВА
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
28 февраль 2025, Пятница
Днепр бойындағы "Шамалған төбе" Осы жұрт Тастанбек Шамалғановты біле ме екен?
Комментарии (0)







