Отан үшін от кешкен
Екінші дүниежүзілік соғыс – адамзат тарихындағы ең қайғылы да қасіретті соғыс ретінде тарихқа таспаланды. Талай бозбала мен бойжеткендер жастықтың жалынды шағын соғысқа арнады. Солардың бірі – гвардия майоры Смақ Байдалыұлы Бертаев. Ол — 1915 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы Талас ауданының Қызыл-Әуіт ауылдық кеңесінде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі – Бертай Байдалиев (1877–1915 ж.ж.), анасы – Тұрғынбаева Ұлтай (1882–1948 ж.ж) да өмір бойы егіншілікпен айналысып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан.
Смақ 1925–1929 жылдары Жамбыл қаласындағы Карл Маркс атындағы жеті жылдық мектепті, одан кейін Орынбор қаласындағы екі жылдық заң мектебін тәмамдап, заңгер мамандығын алған.
1929–1931 жылдары қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы, аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1931 жылдың қыркүйегінде өз еркімен Қызыл Армия қатарына қабылданып, әскери қызмет жолын бастаған.
1932–1935 жылдары Ташкент қаласындағы Ленин атындағы әскери училищеде білім алған. Кейіннен түрлі салада еңбек етіп, 1940-1941 жылдары еңбекшілер депутаттары Талас аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
1942 жылы майданға аттанып, қысқа мерзім ішінде ротаның, миномет батареясының, кейін батальон командирі, ал 1944 жылға дейін полк командирінің орынбасары қызметтерінде болған.
Соғыс жылдары 6-шы гвардиялық армия құрамында, бірінші Балтық майданының сапында ұрыстарға қатысып, төрт рет жараланған. Майдандағы ерліктері үшін «Қызыл Ту», «Александр Невский» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған.
1944 жылы Мәскеу әскери округі қолбасшысының бұйрығымен денсаулығына байланысты запасқа шығарылған.
Соғыстан кейін Смақ Байдалыұлы Бертаев ел экономикасын қалпына келтіру ісіне белсене араласты. 1944–1946 жылдары кеңшар директоры болып еңбек етіп, өндірістік және қаржылық жоспарлардың орындалуына зор үлес қосты. Осы еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Еңбектегі ерлігі үшін» және «1941–1945 жылдардағы ерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.
Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы мен қаржы саласында түрлі басшылық қызметтерде болды.
Ол – Отан алдындағы адал қызметімен, соғыс және бейбіт кезеңдегі ерлігі және ерен еңбегімен ел есінде қалған көрнекті тұлғалардың бірі.
Гвардия майоры Смақ Байдалыұлы Бертаев – туған жерінің өркендеуі мен елінің тәуелсіздігі жолында жанқиярлықпен қызмет атқарған азамат. Оның өмір жолы — жас ұрпақ үшін отансүйгіштік пен еңбекқорлықтың, табандылық пен адалдықтың жарқын үлгісі болып қала береді.
Құндыз Қырықбай,
мәдениет саласының қызметкері
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)