Ұрпағымыз тегін білсін деп...
Музей – ел тарихы, ұлттың мәдениетінен хабар беретін тарихтың қайнар көзі. Музейде сақталған әрбір құндылықтан жеке мұра тарихын ғана емес, сол мұраға байланысты кезеңді, халықтың мәдени деңгейін, қалыптасу кезеңін көруге болады.
Музей туралы ұғым осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған деген болжам бар. Көне гректер муза шырақтарын жағатын орынды мусейон деп атап, келе-келе ол әдебиетшілер мен ғұламалар бас қосатын өнер ошағына айналған дейді. Ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде музей өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Дамыған елдерде музей мемлекеттің басты рухани құндылықтарының бірі саналады. Өйткені, кез-келген елге сапарлап барған көкірегі ояу, көзі ашық жолаушы музейге соқпай кетпейді. Ал енді бертінде өз әулетіне қатысты құнды жәдігерлерді топтастырып, жеке музей ұйымдастырған азаматтар жайлы да деректер естіп жүрміз. Солардың бірі – Жамбыл облысының мәдениет саласында біраз жыл жемісті еңбек етіп, басшылық қызметтерде болған, бүгінде құрметті еңбек демалысында жүрген Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Талғат Сұлтангерейұлы. Руханият жанашыры, мәдениет майталманы Талғат Сұлтангерейұлы үлкен әулетіне арнап отбасылық музей ұйымдастырыпты. Осы жаңалықты естіп құлағымыз елең ете қалды. Талғат Сұлтангерейұлымен кездесуге асықтық.
Тілші: – Талғат Сұлтангерейұлы, бұл музейді ұйымдастыруға не түрткі болды?
Талғат Сұлтангерейұлы: – Қазақта қайтыс болған адамның киімін, ұстаған затын «көзіндей көріп жүрерсің» деп жақындарына ұсынып жатады. Әкем қайтқаннан кейін ол кісінің көзі ғой деп тұтынған бұйымдарын жинастыра бастадым. Ол кезде жаспын, ауылға жиі барамын. Содан ауылдағы үлкендермен амандасуға барғанда сол үйлерде әкемнің, немесе анамның ұстаған заттарын көрсем, сұрап алатын болдым. Үйде демалыс күндерінде сол жинаған заттарымды жайып қойып, бала кездегі оқиғаларды еске түсіремін. Содан барып отбасылық мүліктерді, ата-анам тұтынған заттарды бір жерге топтастырып, музей жасау туралы қызық бір ой келді. Бұл шамамен, 2005 жыл болған жағдай еді. Басында бір бөлмелі пәтер сатып алып, сол жерде топтастыра бастадым. Терезенің бәрін темір тормен бекіттім, бірақ соның өзінде оған ұры түсіп, шешемнің Николаевский монетасы бар шашбауын, әкемнің қасқыр ішігін, тағы да басқа бірнеше қымбат заттарын ұрлап кетті. Содан ол жерді жинастырдым да, өзімнің екінші мөлтек аудандағы сауда кешенім бар ғой, сол жерде арнайы бөлмеге жасақтадым. Бұл шаруаға білек сыбана кірістім. Бұл енді менің шын мақсатыма айналды. Әлі де ауылға өзім барғанда, осында жүргенде де елдегі туыстарға хабарласып, әулетке қатысты заттар болса, жинақтай беруді тапсырдым. Жыл сайын біреу болса да жаңа зат қосып отырамын. Бұдан 5 жылдай бұрын балам кеңсе ашып, музейді сол жерге көшірдім. Бұл жер де енді тарлау болып жатыр шамалы, шынын айту керек, құрығанда тағы бір осындай бөлме керек. Сонда ретімен әдемілеп қоюға болады. Әлі қойылмаған заттар бар, сол кезде бәрі ретке келетін шығар деп отырмын.
Тілші: – Жалпы осы музейдегі экспонаттардан өзіңізге айрықша қымбат көрінетін заттар болуы мүмкін ғой?
Талғат Сұлтангерейұлы: –Әрине, ол анау тұрған айна, төргі бөлмеде тұратын, мен қазір 70-тен астым, бұл айна менен де үлкен болуы керек, өйткені мен есімді білгенде даладан жүгіріп келіп төргі бөлмеге кіргенде, сол айнадан өз бейнемізді көретінбіз. Сосын анау кеменің сағаты. Ондай сағат сирек кездеседі, сатылмайды да. Кезінде Социалистік Еңбек Ері Әлімбетов Төлеген ақсақал сыйға тартқан. Кейде осы жинаған заттарды қонақтарға, бастары сирек қосылатын ағайындарға көрсеткің келеді. Қазір мұнда жүзге жуық зат бар. Айтпақшы, шешемнің сандығына қатысты бір әңгіме есіме түсіп отыр. Ауылда балалы үйде тәтті тұрмайды, қонаққа деп сақтап қойған тәттіні тауып алып жеп қоямыз. Содан шешем қонаққа сақтағанын осы сандыққа салып құлыптап қоятын. Оны байқап қалған мен сандықтың құлпын бұзбай, қақпағының арт жағынан топсасын ашып қойып, кәмпитті сол жерден алып жеп жүрдім. Бір күні тура солай кәмпитті ала бергенде сандықтың қақпағы жабылып кетті де, басымды қысып қалды, жан даусым шығып кеткен болу керек, даладан әкем кіріп келді. Мән-жайды айтпай-ақ түсінген әкем арқамнан қамшымен осып жіберді де: «қайтып шыға алмайтын жерге ендігәрі басыңды сұқпа!» - деді. Осы бір сөз маған өмірлік сабақ болды.
Тілші: – Бұл жерде ата-анаңыз ұстаған ескі заттардан басқа, бертініректе жиналған суреттер де бар екен, жалпы, олардың музейге қатысы қанша?
Талғат Сұлтангерейұлы: –Негізі мұнда бөтен дүние жоқ. Анау бір сурет әкемнің туған қарындасы, Ақтөбе облысында тұрады, сол кісімен 20 жылдан кейін жолығудың сәті түсті, ол сол кезде түскен сурет еді. Бұдан біраз жыл бұрын мен ағайынды екі шал – Сұлтангерей мен Құттыбайдың немерелерінің басын Таразда қосқан болатынмын. Сол басқосуда түскен суреттер қазір мен үшін ғана қымбат шығар, уақыт өте келе сол суреттер әулетке қымбат дүниеге айналары сөзсіз. Одан кейінгісі, ауылда әкемнің 100 жылдығына орай ас бергенмін, сол кезде түскен суреттер.
Тілші: – Енді бұл музейде жәдігер жинақтауда сізден басқа ағайын-туысқандардан тағы да үлес қосқандары болды ма?
Талғат Сұлтангерейұлы: – Өздерінің бастамасымен ешкім қосылған жоқ, бірақ мен өзім іздестіріп жинақтадым ғой. Сосын бір әпкемнің тоқыған кестесі бар екен, соны алдырдым. Біздер әкемнің жеңгесін әже деп өстік. Өйткені әкемнің інісі Құттыбайдан бала болмады да, бәріміз жартылай Құттыбайдың, жартылай Сұлтангерейдің баласы болып өстік. Сол Құттыбайдың кемпірі Қойсын әжемнің кимешегін, бешпентін алдырдым. Басқасының бәрін өзім жинадым, ағайындар тек сұрағанымды беріп отырды. Мұндағы кейбір суреттердің ескілігі соншалық, ол суреттерде мен жоқпын, ол кезде дүниеге келмегенмін. Әлі де таба алмай қалған заттарым бар. Мысалы, әкемнің қосауыз мылтығын таба алмадым, ауылда біреулердің қолында деп естідім, бірақ олар мен барғанда тығып қояды әдейі, сосын ол кісінің пайдаланған насыбай тостағаны қолға тимей тұр.
Бүгін ойлап қарасам, менің бұл заттарды жинамауға хақым жоқ екен. Әке-шешемнің көзіндей болған бұл дүниелерді әлі де іздестіре беремін. Кейін мұнда ағаларымның заттары пайда болды, қайтыс болған баламның заттары бар. Осылайша заттар шоғырланып жатыр. Осында тұрған кішкентай шілтерді менің немере әпкем тоқыған екен. Менен алты жас үлкен, қазір 77 жаста.Сол кісінің мектепте жүргенде тоқыған шілтері ғой, былай қарасаң ештеңе емес сияқты, бірақ мен оны тастай алмаймын, өйткені сол кісінің тоқығаны маған ыстық, мен соны іліп қойдым.
Ал анау үйді қара, сол үйді қанша сағат мен жасағанымды білесің бе, бұл ауылдағы үйдің 100 пайыздық көшірмесі (суреті бар). Мен бұны, бір күні 5 сағат, бір күні 10 сағат отырып, барлығын қосқанда тура 48 сағат жасаппын. Ең соңында екі немеремді қосып, бір жағынан тәрбиелік мәні бар іс қой деп, арғы аталарының үйі ғой деп біліп жүрсін деген ниетпен бірлесіп жұмыс жасадық. Анау тұрған ат арба, ол да ауылдың маңызды көлігі, ат арбамен суға барамыз, краннан ағып тұрған су соған құйылады, ауыз суды солай тасып ішетінбіз. Мен үшін ең қымбат жәдігер. Кейінірек бұл үйді сатып жібергенбіз. Бір барғанда көрдім, біраз өзгерістер бар, сатып алған адам өзінің ыңғайына қарай жасайды ғой. Бірақ сол алғашқы қалпын мен сақтап қалғаныма қуанамын, шыны керек. Мұндағы қошқар мүйізді оюлы кесе тура менің шешем ұстаған кесе, оны мен Сарыкемердегі ағамның үйінен таптым, сол үйдің сарайында жатыр екен. Сұрасам, жеңешем бергісі келмей, қимай жатыр, тартып алғандай етіп, алып кеттім.
Тілші: – Сұлтангерей атадан тараған, ұрпақтың ішінде осалы болмаған сияқты. Ал өзіңіздің Жамбыл облысының мәдениет саласындағы жемісті еңбегіңізді көзіқарақты кісілер біршама біледі ғой деп айта аламыз. Жалпы Сұлтангерей ақсақалдан тараған ұрпаққа бір тоқталып өтсеңіз?
Талғат Сұлтангерейұлы: – Біз Сұлтанкерейден үш қыз, бес ұл – сегіз ағайындымыз. 1937 жылы туған үлкен қыз дүниеден озды. Одан кейінгі екі қыздың біреуі Ақтөбеде, біреуі Астанада тұрады, ал ағаларымның үшеуі дүниеден озып кетті. Мен бесінші ұлмын. Үлкен ағам Қызылорда қаласында тұрды, ол да қаланың мәдениет басқармасын басқарды, қалалық парктің директоры болды. Қырымбай Мұхамедияров еді ол ағамның аты-жөні, отбасында мен ғана Сұлтангереевпін, басқасының бәрі үлкен атамызға және әкемнің інісіне жазылған. Осында Қырымбайдың да суреті тұр. Ол кісі шахматты өте жақсы ойнайтын. Сосын бұл кісінің тағы бір ерекшелігі – преферансқа құмарлығы күшті еді. Бұл ойын – шахмат сияқты ойға құрылған карта ойыны. Сол преферанс туралы алғашқы қазақ тілінде кітап жазған менің ағам. Сондықтан да болар ол кісінің есімі Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Екінші ағам – Сансызбай Құттыбаев. Әкемнің інісі – Құттыбай ұрпақсыз болған соң, Сансызбай ағамды сол кісі бауырына басқан. Өзі де өмірінің соңына дейін Құттыбайды өз әкем деп кетті. Ол кісі жастайынан білімді, әрі өте өжет болды. Бетің бар, жүзің бар демей айтып салатын. Алматыдағы ауылшаруашылық институтын қызыл дипломмен бітіріп, Қызылордадағы механика жөндеу зауытыда еңбек жолын бастап, содан цехтың бастығы болды, 24 жасында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында вице-министр болды, артынан министр болды. Өзі ақынжанды, 20 шақты өлең кітаптары бар, біздің рудың шежіресін алғашқы жазған сол кісі. Үшінші ағам – Сарыбай Мұхамедияров. Ол алғашында жоғары оқуға түсе алмаған соң, ауылда әке-шешемнің қолында қалды, ауылдың қызына үйленді. Ауыл шағын болғанмен ұшақ қонып-ұшатын аэропорт болатын, сонда басшы болды, поштаны басқарды. Жоғары білімі болмаса да, ауылда абыройлы, той-жиын сол кісінің ұйымдастыруымен өтетін, ел тыңдайтын ол кісіні. Одан кейінгі ағам – Мықтыбай, ол да жақсы оқыды, мінез жағынан бәрімізге берген енді, ол кісі де мінезді. Ауылда жүріп, оқуға сырттай түсіп, 5 разрядты дәнекерлеуші болды. Сол мінездің әсерімен ол жұмысынан шығып қалып, Жаңатасқа көшіп кетті. Менің оқуды бітіріп, Жаңатасқа келуіме себепші сол ағам. Ол кезде әкем жоқ, анам байғұс: «Ана баланың қасына біреуің бармасаңдар, ана мінезімен не біреуді жазым етеді, не өзі жазым болады» - деп, болмаған соң мен консерваторияны бітіріп Жаңатасқа келдім. Қазір ол ағам Алматыда тұрады, зейнет жасында.
Тілші: – Соңғы сұрақ музей ұйымдастырудағы басты мақсатыңыз туралы айтсаңыз?
Талғат Сұлтангерейұлы: – Жоғарыда айтқан сегіз баладан тараған немере-шөберелерді қосқанда жүзден асып жығылады. Бірақ солардың ішінде бір-бірін мүлдем танымайтындар көп. Мендегі үлкен қорқыныш осы. Бір атадан тараған ұрпақ бір-бірін танымаса, шыққан тегін білмесе, ол қаншалықты білімді болсын, ақшалы болсын, абыройлы болсын, жат ортада өзінің кім екенін айта алмаса, не болғаны? Биыл Сұлтангерейден тарайтын түгел ұрпақты бір-бірімен таныстыру мақсатында осы Таразға жинап, ауқымды жиын өткізсем деген жоспарым бар. Оның 2-3 күндік жоспарын да жасап қойған едім. Өкінішке орай, белгілі бір себептермен ол келер жылға қалып тұр.
Менің әулетке байланысты экспонаттарды тірнектеп жинап, оған бауырларым туралы деректерді топтастырып Таразда музей ұйымдастырудағы басты мақсатым – ұрпақтарымыз тегін біліп жүрсін деген ізгі тілектен туған тіршілік еді. Бұл – бір. Екіншіден бір үлкен әулеттің әлденеше ұрпағының өмірінен хабар беретін бұл музей – бүкіл бір дәуірдің жанды көрінісі деп бағлауға да болады. Мақсат орындалды ма, оған мәртебелі оқырман өз бағасын бере жатар.
Тілші: – Әңгімеңізге рахмет, игілікті ісіңізге сәттілік тілейміз.
Әңгімелескен Маркс ДҮЗЕЛБАЙ,
«Ғұмыр-Дария»

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)