Елдіктің, бірлік пен парасаттың жарқын көрінісі
Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ,
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары
Қасиетті қазақ жері – тек табиғаттың теңдессіз жауһарларын ғана емес, адамзат тарихына өлшеусіз үлес қосқан парасатты тұлғаларды дүниеге әкелген, ғасырлар шежіресін тасы мен топырағына тұндырған ұлы мекен. Бетпақдаладан Тянь-Шанға, Қордайдан Қаратауға дейін көсіліп жатқан шұрайлы Жамбыл өңірі өткеннің өнегесі мен бүгінгінің берекесін бойына қатар сіңірген тарих пен мәдениеттің алтын бесігі саналады. Әлем назарын өзіне аударған, көктем шыға қыр даланы алқызыл түске бояйтын әсем қызғалдақтың шынайы отаны – осы Қазақстан, соның ішінде Әулиеата топырағы екенін әлем біліп жатыр. ХVІ ғасырда қазақ даласынан Еуропаға, одан әрі Голландияға жол тартып, аз ғана уақыт ішінде күллі әлемді жаулаған қызғалдақтың 34 түрі дәл осы өңірде өседі. Тамырын туған жерден алып, әлемге әсемдік нұрын шашқан гүл ғұмыры – бұл өлкенің жауһарға бай екенінің, оның табиғатының ерекшелігінің бір ғана көрінісі.
Бұл даланың топырағында тұтас бір ұлттың тағдырын шешкен ұлы тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Әулиеата жеріне аяқ басқан әрбір жанның жадында ұлтымыздың рухын асқақтататын үш ұлы белес тұратыны хақ. Біріншісі – 1456 жылы Шу бойындағы Қозыбас тауында Қазақ хандығының туы көтеріліп, дербес мемлекет ретінде әлемге танылуы. Керей мен Жәнібек негізін қалап, Қасым ханның тұсында іргесі бекіген мемлекеттің бесігі осы өңірде тербелді. Екіншісі – 751 жылы бүкіл Орталық Азияның тағдырын шешкен, араб-қарлұқ-түркеш одағының қытай әскеріне тосқауыл қойып, ұлы даланың ислам өркениетімен қауышуына жол ашқан тарихи Атлах-Талас шайқасы. Үшіншісі – қазақ қалаларының атасы, екі мың жылдық тарихы бар ұлы Тараз бен кезінде Батыс Түрік қағанатының ордасы болған Мыңбұлақ, яғни көне Меркінің қасиетті қорғандары.
Осы орайда, Тараз жеріне жолы түсіп, қасиетті топыраққа табан тіреген кез келген жолаушы мен турист екі мың жылдық тарихпен қауышатынын айрықша атап өткен жөн. Бүгінгі таңда көне шаһарға ат басын бұрған қонақтар қалпына келтірілген ежелгі қаланың Рабат, Цитадель, Шахристан сияқты бөліктерін аралап, Ұлы Жібек жолы бойындағы ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенінен, қандай алып мәдениет қалыптастырғанынан терең мағлұмат алады. Олар тарихтың баға жетпес жауһарлары саналатын Тектұрмас, Қарахан (Әулие ата) кесенелеріне барып, «Анаға тағзым» орталығында ұлтымыздың ұлы аналарының рухына бас иеді. Сонымен қатар, тарихы терең қаланың бүгінгі жаңарған, жасарған келбеті де көз қуантады. Келушілер зәулім «Тараз-Арена» спорт кешенімен, ел бірлігін паш ететін «Біз біргеміз!» және «Қазақ еліне мың алғыс» монументтерімен танысып, сәулет өнерінің заманауи үлгілеріне куә болады. Одан қалды, әсем «Баласағұн» концерт залында күмбірлеген күй мен әуелеген ән тыңдап, рухани байиды. Халқымыздың қасиетті ұлдары, жыр алыбы Жамбыл Жабаев пен даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды, ұлылардың рухынан шексіз қуат алады.
Бүгінгі күні Жамбыл облысында осы ұлы тарихқа лайықты ұрпақ тәрбиелеу ісі ерекше қолға алынған. Биыл жыр алыбы, "Ұлы даланың Гомері" атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралар – соның айқын дәлелі. Тараз қаласында өткен «Жамбыл менің жай атым, халық – менің шын атым» атты халықаралық ақындар айтысы ұрпақ санасына рухани сәуле шашты. Ең бастысы, өңірде «келін тәрбиесі», «әженің ертегісі», «батагөйлер сайысы», «билер кеңесі» сияқты ұлттық тәрбие институттары қайта жаңғырып, халықтық педагогиканың інжу-маржандары іске асуда. Елді мекендердегі спирттік ішімдіктерден бас тарту қозғалысы – қоғамның рухани тазаруға деген үлкен ұмтылысының, ұлт денсаулығына деген жанашырлықтың нақты көрінісі.
Қазіргі қазақ қоғамында ел ағалары үшін ата-баба салты, қол қайыры, зәру жандарға көмекке келу, қонақжайлылық және басқа мәселелерде ойланатын жайлар бар. Үлкен бәйбіше немересін оятып: «Шырағым, мына көршіміз машинамен көмір әкеліп түсіріп жатыр, көмектесетін адам жоқ. Халқымызда қол қайыры, көрші хақы деген ұғымдар бар. Тұрсайшы, барсайшы, көмектесейші» дегеніне болмай, «қазір, қазірмен» жата беретін жағдай үйреншікті көрініске айналып кетті. Көрші науқастанып қалды. Фермадағы фельдшерлік пунктке жеткізу керек. Машинасы бар жігітке осы бұйымтайды айтқандарға ол «не береді?» деп сұрайтын жағдайға жетті. Белгілі азамат үйіне еурожөндеу жасамақшы болып, шеберді шақырып, жұмыс істетіп жатыр. Түс мезгілінде үй иесі үзіліске – шайға келсе әйелі, қызы тығылып, ас үйде шай ішіп отыр. Отағасы: «Мына кісіні неге шайға шақырмадыңдар» деп сұраса, қызы: «Ол ақысына жұмыс істеп жатыр, шаруасымен шұғылдансын» дейді. Отағасы: «Қызым, атам қазақ «малымды алсаң да, пейілімді алма деген» деп қызына сөйлеп жүр. Бірақ ешнәрсе өзгерген жоқ.
Халқымыздың асыл ұлдары қай заманда да мүжәлсіз, кедей, жоқшылықтың барлық тақсіретін тартқан жандарды елеусіз тастамаған. Халқымыздың ардақты ұлы Мақаш Бекмұхамбетов «Астраханский вестниктің» 1893 жылы 19 наурызындағы санында «Қазақ даласындағы кедейлерге қамқорлық» деген мақаласында қазақ даласындағы қайырымдылық дәстүрлер туралы кең түсінік беріледі. «Қазақ ауқаттылары зәрулікке ұшыраған ағайынға көмек берген. Ал, ол болса ризалық ниет ретінде болашақ мұның қандай жұмысы болмасын белгілі бір мерзімде атқаруға, ол үшін қанша да болса, еңбегіне қарай сый-ақысын алуға риза болған және мұндай келісім қазақ топырағына ежелден тән дәстүр» екендігін айтады. Одан әрі «қазақ халқының түсінігінде ауқатты адам тарыққан қауымдасын төңірегіне паналатып, асырауға міндетті. Бұл жарылқаушылық емес, қайталап айтам, міндет», – деп кесіп айтады Мақаш.
Ол қазақ даласында қайырымдылық дәстүрдің үш түрінің дамығанын көрсетеді. Біріншісі – халық дәстүрімен белгіленген қайырымдылық (жылу беру, қонақасы беру, ат майы, көлік майы, сауын, т.б.); екіншісі – ислам ілімінің ұйғарымы бойынша міндетті қайырымдылық (пітір, зекет, құрбандық қарыз ақша беру, т.б.); үшіншісі – ерікті қайырымдылық бойынша ауқатты бай адам өз беделін арттырып, халықтың қолдауын алу үшін де кедей кісілерге ұдайы көмектесіп отырған.
Халқымызда қай заманда да құнсызданбайтын шүлен тарату, сақилық, мырзалық, дархандық таныту сияқты ұғымдар бар. Мұндай ұғымдар халық арасында әлі де сақталып келеді. Мен Жамбыл облысының Меркі ауданында болып қайттым. Осындағы аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Сұрат ауылдық округінің негізінде экономиканы дамыту, ұмытылған салт-дәстүр, мысалы, «Шүлен» тарату тақырыбында аудандық семинар-кеңес өткізді. Семинарда Сұрат ауылдық округі ардагерлерінің экономиканы дамытудағы қызметі жан-жақты әңгімеленді. Аудан экономикасын алдыңғы қатарға шығарудағы ауылдың үлгілі істері нақты мысалдармен көрсетілді. Әрбір ауыл тұрғынының өз иелігіндегі 10-25 сотық жерді тиімді пайдаланып, бау-бақша егіп, құс өсіріп, мал бордақылап, бие сауып, қымыз, саумал өндіріп, артық өнімдерін базарға шығарып сатып, шаруашылықтарын шыр айналдырып отырғандарын мысалға келтірді.
Осындай келелі істердің, ел ішіндегі рухани серпілістің басында көпті көрген, талай саяси-қоғамдық оқиғалардың бел ортасында болған ел ағалары – ардагерлер тұрғаны сөзсіз. Ата Заңымыз – Конституцияның жаңа редакциясы қабылданып, елімізде ауқымды саяси өзгерістер жүріп жатқан тұста, облыс ардагерлері ерекше белсенділік танытып, қоғамның тұрақтылығы мен дамуына өздерінің парасатты үлестерін қосты. Олар қылт еткен оң тәжірибеге сергек қарап, жаңа бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп отырады. Осы орайда, 2026 жылдың 10 сәуірінде Тараз қаласында өткен облыстық ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы өңірдің қоғамдық өміріндегі аса маңызды оқиғалардың біріне айналды. Жиын барысында делегаттар Ұлы ақын Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып тағзым етіп, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетті. Бұл алқалы конференцияның ең басты ерекшелігі – ұйым төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев мырзаның қызметіне берілген жоғары баға және оның ел алдындағы мінсіз абыройы болды. Еркінбек Бейсенбекұлы мырза – тек әкімшілік қайраткер емес, нағыз халық адамы. Оның болмысынан әкімшіл-әміршіл жүйенің салқындығы емес, ұлттық ділімізге сай кішіпейілділік пен үлкенге құрмет, кішіге ізет есіп тұрады. Халқымыздың ғасырлар бойы сыннан өткен дәстүр мен салтын отбасында да, өмірде де ерекше мән беретін азамат.
Оның қабылдауына келген қарапайым қарт кісімен шынайы ықылас танытып, қол алысып амандасуы мен мұң-мұқтажына сергек қарауы – басшы мен халық арасындағы алтын көпірдің үзілмегенінің белгісі. Ол әрбір азаматтың мәселесіне шын жанашырлығын танытып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай білетін нағыз көшбасшы екенін іспен дәлелдеп келеді. Сондықтан да 10 сәуірдегі алқалы жиында облыс ардагерлері бірауыздан дауыс беріп, халық сеніміне ие болған Еркінбек мырзаның төрағалық мерзімін тағы да бес жылға ұзартуы – әбден заңды әрі әділ шешім болды. Бұл шешім – тек бір тұлғаға емес, жалпы өңірдегі тұрақтылыққа, ұрпақ тәрбиесіне және ел ақсақалдарының қоғамдағы беделіне артылған үлкен сенім.
Қорыта айтқанда, қырларында қызғалдақ құлпырған қасиетті Әулиеата жері өзінің бай тарихымен ғана емес, заманауи туризмді дамытып отырған жаңашылдығымен және сол тарихты қастерлей білетін, қоғамның рухани темірқазығына айналған ардагерлерімен де мықты. Таразда өткен алқалы жиын – елдіктің, бірлік пен парасаттың жарқын көрінісі ретінде ел жадында ұзақ сақталатыны анық.
Астана – Тараз – Астана

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)