Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ТЕМІРЖОЛДА ТЕК ТАРЛАНДАР ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

ТЕМІРЖОЛДА ТЕК ТАРЛАНДАР ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

28 август 2025, Четверг
82
0

Экономиканың күретамыры саналатын теміржол саласының қызметкерлерінің еңбегі орасан зор деуге болады. Теміржолшылар –  сөзден істі құп көретін, жауапкершілікті өте қадірлейтін, өз ісіне өзі қырағы болумен қатар қатаң тәртіппен жұмыс істейтін еңбекқор жандар. Бұл туралы талай айтылып та, жазылып та жүр. Оны көпшілік жақсы біледі. Олар шын мәнінде болат жолдың бойында шыңдалған азаматтар. 
Атам айтып отырушы еді «теміржолшы – мәртебелі мамандық» деп Атамның сол сөздері бала кезімде жадымда жатталғандықтан болар, ата кәсіпті жалғастырып, еңбек жолымды 1971 жылы Шу локомотив депосында слесарь болудан бастап, машинист көмекшісі, машинист, машинист нұсқаушысы жұмыстарында табан аудармай 45 жыл жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықтым. Еткен еңбегімнің өтеуіне басшылық тарапынан алған марапаттарым да жетерлік. Қоғам дамуына бір кісідей үлес қосқанымды мақтаныш етемін. 
Қылышбек атам үнемі айтып отыратын «Еліміз, балаларымыз аман болсын деп ешкімге міндет артпай, сыйлық дәметпей аянбай жұмыс істедік. Одан жаман болған жоқпыз. Адал еңбек әрқашан алдыңнан шығады екен» деп. Өзінің алғырлығының арқасында қысқа мерзімді тәжірибеден өтіп, Шу өңірінде алғашқы паравоз машинисті болып жұмысын бастаған болатын. Сол жылдары жалындаған 30 жастағы жігіттер – атам Қылышбек Сексенбаев, қатарластары Жүнісәлі Барменқұлов, Қуаныш Қарымбаевтар 1941 жылы Шу локомотив депосынан 10 паравоздан құрылған колонна құрамында Саратов арқылы Ленинград майданына оқ-дәрі, азық-түлік  тасымалымен айналысқан. 1946 жылы соғыс уақытында  еткен еңбектері үшін Шу теміржол бөлімшесінен құрылған сол бригада Қызыл Ту орденімен марапатталған еді. Әрине, мұның бәрі өткен тарих болса да кейінгі жас ұрпақ үшін өнегелі іс деп білемін. 
Осы жерде бір анықтап айта кеткім келіп тұрған нәрсе, қыр қазақтары паравозды тоқтаған кезде  буы шығып, пысқырынып тұрғанына  қарап, «қара айғыр» атап кеткен екен. 
Сондай пысқырған «қара айғырдың» алғашқы нұсқаушы машинистері болған Еркімбаев Ердешбай, Қасенов Рақыш, Мамырханов Тоқтағұл аталарымыздың өз заманында ерлікке пара-пар еңбек еткенін бүгінгі ұрпақтары ұмытқан жоқ.  Қыр қазақтарының заман ағымына қарай тек төрт түлік мал соңында жүрмей, техниканы меңгеріп, теміржолдың үстімен зымырайтын пойызды тізгіндеп, сол арқылы ел экономикасын ілгерілетуге қосқан үлестерін бүгінгі ұрпақтары мақтан етеді. Көмір қуатымен жүретін паравоздардың қол жұмысын көп керек ететін машақаты да аз болмаған. Паравоздың қосалқы конвейеріндегі 30 тоннаға жуық көмірді қол күрекпен пешке лақтырып, паравоздың жүру жылдамдығын реттеп отыру оңай шаруа емес. Жүк пойызында сынақтан өткен алғыр жігіттерді арнайы қауіпсіздік шараларының дайындығынан өткізіп, жолаушылар тасымалдайтын пойызға рұқсат еткен. 
Шу теміржол локомотивінің ең алғашқы жолаушылар пойызының машинистері Момынов Сейдахмет, Ахметов Баялы, Сағитов Бадақ аталарымыздың ерен еңбектері қазір ертегі секілді естілетіні рас. Теміржол машинистерінің арқалаған жауапкершіліктері  ұшан-теңіз десе болады. Әр теміржол бекетіндегі белгіленген уақыт кестесіне сай пойызды өте дәлдікпен жеткізу айтуға ғана оңай. Техниканың қазіргідей дамыған кезінде  болып жататын ауытқушылық пен кестеге сай емес жүріс аталарымыздың уағында болмаған. Мұндайда «Қалайша?» деген сұрақтың қойылатыны да орынды. Жауапкершілік пен тәртіпті  өте ыждаһатпен орындайтын аталарымыздың орасан еңбектерінің өлшемін ешқандай теңеумен салыстыруға келмейтін ғажап іс деп бағалауға болады. Заман  ағымына сай соңғы ғылым мен техника жетістіктерін меңгерген кейінгі өрен жастардың да ішінде өз мамандығының нағыз майталманы болған азаматтар баршылық. 
Аталар еңбегінің ізбасарлары болған,  ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып отырған теміржол құрылымы қызметкерлеріне табыс тілейміз.                         


Мелис БЕЙСЕМБАЕВ,
Шу қалалық ардагерлер
кеңесінің төрағасы,
Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

ШОЙЫН ЖОЛДЫҢ ЖАНПОЗДАРЫ
29 август 2024, Четверг
ШОЙЫН ЖОЛДЫҢ ЖАНПОЗДАРЫ
АРДАГЕРЛЕРДЕН АЛАТЫНЫМЫЗ КӨП
15 декабрь 2023, Пятница
АРДАГЕРЛЕРДЕН АЛАТЫНЫМЫЗ КӨП
ҚОС ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
29 апрель 2024, Понедельник
ҚОС ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
МЕНІҢ ӘКЕМ-ТЕМІРЖОЛ ТАРЛАНЫ
16 ноябрь 2024, Суббота
МЕНІҢ ӘКЕМ-ТЕМІРЖОЛ ТАРЛАНЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры