Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Екі басты жылан

Екі басты жылан

11 август 2025, Понедельник
143
0

Жаз айы. Күн ыстық. Біз Қаратауда қой бағамыз. Түскі тамақ ішіп отырғанбыз. Бір кезде көрші ауылдан Арғынбай атпен шауып келді. Әкем аттың шабысын естіп сыртқа шықты. Біз де ілесе шықтық.
– Не болды?  Тыныштық па?
– Ағай, мылтығыңыз бар ма?
Өзі ентігіп тұр, әкемді «ағай» дейтін.
– Оны не істейсің? Қасқыр ұстадың ба?
– Жоқ, үйден екі басты жылан шығыпты, соны атып тастайын деп едім.
– Оны өлтірмеуге болмайды ғой.
– Ой, ағай осының алдында екі қойымды жылан шағып өлтірген, оның үстіне екі басты жыланды жаман ырымға балайды.  
– Кім айтты саған жаман ырым деп.
Әкем ырымға сенбейді, таза коммунистің өзі.
– Жоқ болса басқа қойшыларға барайын – деп атын тебіне бастады.
Өзі асығыс. Әкемнің тергеуі ұнамаса керек. 
– Тоқта, сен бара бер, мен өзім алып барам мылтықты, әйтпесе мен барғанша атып тастайсыңдар.  Мен де көрейін. 
 Арғынбай атын тебініп шауып кетті. Біраз қойшыларды аралаған болуы керек, аты терлеп кетіпті. Әкем жинала бастады. 
Біздің де көргіміз келіп тұр, бірақ Арғынбайдың үйі екі қырдың астында. Жаутаңдап тұрған бізді байқаған әкем маған  «жүр»  деді. 
Атқа мінгесіп Арғынбайдың үйіне келдік. Біраз адам жиналып қалыпты. Жылан қой иіретін ашық жерде жатыр. Жазда көп қойшылар киіз үймен көшіп жүретін, оларда арнайы қора деген болмайды. Қойды киіз үйдің жанына иіре салатын. Жылан жиырылып жатқанда екі жылан қосылып бірге жатқандай, екі басы көрініп  жатыр. Әкемнің атпаңдар дегенін ешкім тыңдаған жоқ. Арғынбай мылтықты алып атуға дайындалды. Ататын адам жақындағанда жылан өлетінін білгендей орнынан қозғалды. Мен жыланды бір құйрықты екі басты жылан шығар деп ойлағам. Олай болмай шықты, жыланның өз басы және құйрығында тағы бір басы бар екен. Жыланның ұзындығы 80-90 сантиметрден  үлкен екен.  Бірақ жылан адамнан қаша алмады. Себебі екі бас екі жаққа тартты. Арғынбай қалай атарын білмей қалды. Екі жақта екі бас, ол не істерін білмей дәл ортасын нысанаға алып басып салды. Жер бұрқ ете қалды, жылан екі жақа ұшты. Атылған жыланның бөлігі екі жаққа қашқан жоқ. Жыланның қалдығы біреу үйретіп қойғандай екеуі де бұрыла сала бір-біріне ұмтылды. Екеуінің де соңғы күші болуы керек, бір-біріне жете орала кетті. Арғынбай жан-жағына алақтап
– Ағай, ағай тағы бір оқ, бір оқ беріңіз, – деді. 
 Әкем ықылассыз қалтасынан бір оқ берді де:
– Болды, атпай-ақ өлтіре салыңдар, – деді.
Арғынбай тыңдаған жоқ. Мылтықты оқтап жақындағанда жыланның екі басы да шала-жансар жатыр еді. Сонда да ырымшыл Арғынбай тағы бір атты.
Әкем басын шайқады. 
– Бізде улы жыландар сирек болады, – деді. 
Жыланның кінәсі қойларға жақын жатуы еді.
... Көп жыл өтті. Одан кейін екі басты жылан көрген емеспін. Бұл да бір табиғаттың тылсым жұмбағы болар. 

Аташбек ӘМІРҚҰЛҰЛЫ
Көкбастау ауыл округі ардагерлер ұйымының төрағасы

Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

ҰСТАЗЫМ ҰЛЫҚ БӘРІНЕН
29 август 2024, Четверг
ҰСТАЗЫМ ҰЛЫҚ БӘРІНЕН
ЖАЗ - АТА МАЛЫН ӨЗІ БАҚҚАН БА?
13 ноябрь 2023, Понедельник
ЖАЗ - АТА МАЛЫН ӨЗІ БАҚҚАН БА?
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
12 январь 2023, Четверг
КӨКТӨБЕДЕ ТҰРАДЫ ЖАҚСЫ АДАМДАР
ТОСҚАНБАЙДЫҢ КӨК АТЫ
26 май 2023, Пятница
ТОСҚАНБАЙДЫҢ КӨК АТЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры