БЕЛГІЛІ ТҰЛҒА ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ
Өмір тек қызықтарымен, қуаныштарымен ғана емес, сонымен бірге қайшылықтарымен де мәнді, мағыналы. Әсіресе, қаламгерлер қауымының тағдыры «тосын сыйларға» толы болып келеді. Әйтпесе, күндердің күнінде Социалистік Еңбек Ері атағын екі мәрте алған Жазылбек Қуанышбаевтың бел баласы Бейбіттен күтпеген жерден хат алам деп кім ойлаған. Хаттың жазылуына Жазата әйелдерінің ынтымақты бірлігі мен тірлігі туралы жарияланған мақаланың ішіндегі ұрпақтарына қатысты тұсы себеп болыпты. Дәл қай жылы екенін білмеймін, бірде «Егемен Қазақстан» газетінің вице-президенті – бас редактор Жанболат Аупбаев Астанадан телефон шалып, «Мойынқұмға барып, Жазылбектің егіз ұлы Қойшыбай мен Тойшыбайдың анасына жолығамын» деді. Ол тұста мен ел газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісімін. Мен басшымызды Шу теміржол бекетінен күтіп алдым. Көп ұзамай Мойынқұм ауылында, «Малшылар маршалы» атанған ақсақал шаңырағының түтінін түтеткен кіші әйелі Әлімхан апамен шүйіркелесіп, сөйлесіп отырдық. Сол жерде айтылған әңгімелер кейін Жанболат ағаның да, менің де жазбаларыма арқау болды. Ал Бейбіттен келген хат менің қолымнан туған дүниеге байланысты екен. «Ассалаумағалейкүм Көсемәлі інім! Бұл хатты жазып отырған Жамбыл ауылының тұрғыны, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың үлкен ұлы Бейбіт Қуанышбаев деп білерсіз. Сіздің 2011 жылғы наурыз айында Жазатаның өмірі мен отбасы жөнінде жазған мақалаңызды оқыдым. "Жазылбектің үлкен әйелі Жәйшібаланың Бейбіт деген асыранды баласы болған" деп жазыпсыз. Мұныңыз ешқандай шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені бұл дүниенің есігін ашқалы бері, яғни 1951 жылдың қазан айынан Жазылбектің баласымын. Жазылбек пен Жәйшібаладан басқа менің әкешешем болған емес. Менен бұрын шешемнің 1948 жылы көктемде өмірге келген Несіпкүл деген қызы болған. Сол кезде әкеміз Жазылбек «Кеңес» колхозы мен «Ақтөбе» колхозының малшыларына арнап той жасап, көкпар, бәйге беріпті. Бірақ Несіпкүл әпкем 5 жасында шешек ауруымен ауырып, қайтыс болған. Бұл жағдайды маған Жәйшібала анам, әкемнің жалғыз інісі Иманқұл аға мен Нұрлы жеңгеміз талай мәрте айтып берген. Сол жылдары ферманың шопыры болған Алпамыс пен Аманжол ағалардан да талай естігенмін. Сондықтан Жазылбектің кіші әйеліне дейін ешқандай баласы болған жоқ деп жазылып, айтылып жүрген деректер ешқандай шындыққа жанаспайды. Өйткені менің әке-шешем Жазылбек пен Жәйшібала екені «Туу туралы куәлігім» мен «Жеке куәлігімде» анық жазылған. Керек болса, ДНК жасатып, анықтауға болады. Әкемнің де, менің де қаным ІІ-топқа жатады. Газеттегі мақаладан кейін әкемнің кіші әйелі Әлімхан апамыз, қасында Қырғызбай деген жақын ағамыз бар, біздің үйге келді. «Мен туралы неге бұлай жазылып жүр?» деп ренжігенімде, апамыз: «Қарағым Бейбіт балам, мен атаңның кіші әйелі болған соң сен де менің баламсың» деп жылап жіберді...». Бейбіттің хаты жандүниемді төңкеріп жібергендей, көңілім табан астында алай-түлей болды. Дереу кітапханаға барып, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 11 наурыздағы санында жарияланған мақаламнан «Жазекеңнің Қойшыбай мен Тойшыбайдан басқа бәйбішесі екеуі асырап алған Бейбіт деген баласы болған» -деген жолдарды тауып алдым. Хаттағыдай «Жазылбектің үлкен әйелі Жәйшібаланың Бейбіт деген АСЫРАНДЫ (ерекшелеген автор) баласы болған» деген қатқылдау сөз жоқ. Бірақ Әлімхан апа айтқан әңгімелердің ішінен Бейбіт туралы жерін жазбай, қалдырып кетсем мына Бейбіттен хат келер ме еді? Әрине, келмес еді. Бауырымыз сол баяғысынша Жамбыл ауылындағы көрші-қолаңның ортасында ғана «Жазатаның баласы» атанып жүре беретін еді. Ал мақаладағы өзіне қатысты бір ауыз сөз біз жазған дүниеден кейін арада бес жыл өтсе де қолына қалам алдырыпты. Адам жанын жаралау оңай, ал оны сөзбен емдеп, жазу өте қиын. Алыстағы ауылда қамкөңіл боп жүрген Бейбітке жедел хат жазу керек деп шештім де компьютерге отырдым. «Ассалаумағалейкүм, Бейбіт аға! Хатыңызды алып, мұқият оқып шықтым. Хат жазғаныңыз өте дұрыс болды, әйтпесе біз де, қалың көпшілік те Жазекеңнің өзіңіздей баласы бар екенін білмей жүре берер ме едік, әлде қайтер едік. Енді білетін боламыз, ел-жұртқа Жазатаның Бейбіт деген баласы бар деп жар салып, қуана жеткізетін боламыз. Ал, енді менің мақалама келетін болсақ, мен оны жанымнан шығарған жоқпын. Оны марқұм Әлімхан апаның айтуы бойынша жазған едім. Әрине, Сізге ауырлау тигенін түсінемін, егер сол 2011 жылы хабарласып, ақиқатын айтқаныңызда Сіз туралы баяғыда-ақ қуана-қуана жазатын едім. Беке, айтайын дегенім, Сіз туралы жазамыз. Тек қана Сіз Жазатамен бірге түскен суреттеріңізді біздің электронды поштаға салып жіберіңіз... 2016 жыл»
Енді бұл кезде мен облыстық "Ақ жол" газетінің бас редакторымын. Хатты Мойынқұм ауданындағы меншікті тілшімізге жолдап, Бейбіт ағаға апарып беруін және бізге қажетті деректерді жазып, салып жіберуін өтіндік. Тілшіміз екі-үш өткеннен кейін хабарласып, Бейбіт ағасының үйінде болғанын, оның хатты оқып, білместік қаламгерлерден емес екеніне көзі жетіп, ашыла әңгімелескенін айтты. Бекеңнің бала кезінде әкесі Жазылбекпен бірге түскен суреті мен айтқан әңгімелерін де қағазға түсіріп жіберіпті. Оның ұзын-ырғасы мынау: «Әкеміз Жазылбек Қуанышбаев туралы айтатын болсам, ес білгелі ол кісінің қасында жүрдім. Сталиннің уағында, 1948 жылы әкем Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып Социалистік Еңбек Ері атағын алыпты. Арада он жыл өткеннен кейін осы атаққа екінші мәрте ие болған. Сол жылдарда айтылған, қазір көп ел біле бермейтін жағдайлар бар. Жазатаның күллі еңбегіне үлес қосқан адам – оның әйелі Жәйшібала апам болатын. Ол кісінің сіңірген еңбегі өте зор болды. Анамның айтуынша, алғаш рет дүниеге қыз бала әкеліпті. Ол қыздың атын бәрі Несіпкүл деп қойған екен. Хантау жақта «Тақыр» деген жер бар. Әкем сол жерде үлкен той жасап, көкпар беріп, өмірге келген қызын жақсылап тұрып атап өткен екен. Бірақ, сол қыз 5 жасар кезінде шешек ауруынан көз жұмыпты. Арада үш жыл өткеннен кейін, 1951 жылы мен өмірге келіппін. 1958 жылы, Жазылбек әкем екінші мәрте Еңбек Ері атағын алған кезде мен жеті жаста едім. Сол кезде «Айдарлы» совхозында, Шу өзені жағасында үлкен той болды. Ол тойда үлкен бәйге болды. Оған облыстың, ауданның, колхозсовхоздардың басшылары келіп қатысты. Сол бәйгеде «Айдарлы» совхозының жас жігіті, біздің туысқанымыз Бақдәулет Төребеков өзінің қаракер атымен бас бәйгені жеңіп алды. Оны сол кездегі тойға қатысқан жұрттың бәрі біледі. Ал әкемізге сол жылғы еңбегі мен атағына байланысты облыс басшысы «Газ- 69» жеңіл машинасын сыйға берді. Сол кездегі жағдай бойынша, егер кімде-кім екінші рет Алтын жұлдыз алатын болса, оның туған жеріне ескерткіш орнататын болған. Сол ескерткіш 1960 жылы, Көктерек ауданы дейміз ол кезде, орталығымыз Бірлік ауылында тұрғызылған. Мен ол кезде тоғыз жастамын. Бәрі есімде, ескерткіштің ашылуына обком партияның бірінші хатшысы келді. Республикадан, облыстардан, аудандардан келген қонақтарда сан жоқ. Ескерткіштің лентасын әкем мен облыс басшысы қиды. Облыс басшысы: «Жазеке, еңбегіңізге берілген атағыңыз құтты болсын!», – деді. Әкемнің жанында анамыз Жәйшібала, анамның қасында мен тұрғанмын. Сол кезде облыс басшысы бізге қарай бұрылып: «Құрметті Жәйшібала жеңгей, осы атақ пен құрметке Жазекең қандай еңбек сіңірсе, сіз де тура сондай еңбек сіңірдіңіз. Керек болса, тіпті, одан артық еңбек еттіңіз деп айтуға болады», – деген сөзін әлі ұмытпаймын. Әкем 1966 жылы жасы келіп, зейнетке шыққаннан кейін шопан ата таяғын шәкірті, жас шопан Болат Бидасбаевқа тапсырды. Ол қазір Кеңес ауылында тұрады. Шопан ата таяғын тапсыру салтанатына «Қазақфильм» киностудиясының режиссерлері мен операторлары келіп, деректі фильм түсірді. Онда мен де болдым. Сол жылы біз өкімет арнайы салып берген Бірлік ауылындағы үйге көшіп келдік. Содан кейін 1964 жылы алған екінші әйелі босанып, 1967 жылы өмірге Қойшыбай мен Тойшыбай келді. Бірлік ауылында біраз жыл тұрғаннан кейін, 1969 жылы «жасым келіп қалды, өзімнің кіндік қаным тамған жеріме, ағайын-туыстарымның арасына барып отырамын» деп, осы Жамбыл ауылына көшіп келді әкем. Өкімет бұл жерде де үй салып берді. Қазір отбасыммен сол үйде отырмын. Осы үйде он жылдай тұрғаннан кейін, әкем 1979 жылы ауданға көшіп барды. Ол кезде мен совхозда жұмыс істеймін. Әйелім Пернекүл сатушы болды. «Балам, осы қара шаңыраққа енді сен еге бол, бәрін саған тапсырамын» деп ақ батасын беріп, бізге кіндік кескен жеріндегі шаңырағын табыстап кетті. Содан бері мен осы жерде тұрып жатырмын. Аллаға шүкір, жағдайымыз жаман емес, ел-жұрттың ортасында атамыздың әруағы қолдап, мінеки, өмір сүріп жатырмыз. Бұл киелі шаңырақтың дастарқанынан белгілі басшылар Қонаев, Бетұрғанов, Садуақасовтар мен жазушылар Мүсірепов, Мұқанов сияқты көптеген белгілі қаламгерлер дәм татқан. Әйелім Пернекүл Мұстафақызы екеуміз үйленгенде ауданның барлық басшыларын шақырып, әкем дүркіреп той жасап берген...». БЕЙБІТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ ? (Басы. Жалғасы газетіміздің 6-бетінде)

Обсудить
Блок в статье:
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
12 май 2025, Понедельник
Президент анасы туралы естелігін бөлісті
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)