Өнерімен топ жарғандар
2023 жылдың аяғына таман облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен Тараз қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылған болатын. Орталықтың басты мақсаты – өңірдегі зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарт адамдарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасау арқылы денсаулығын қолдау, көңіл күйін көтеру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.Екі қабатты әсем ғимаратта қарияларымыз алдағы өмірлерін қызықты, мәнді, мағыналы өткізулеріне толық мүмкіндік жасалған. Мұндағы қызметтер желісінде психологиялық кеңес және тренинг, дәрігердің тағайындауы, физиотерапия, тренажерлер, массаж, тұзды шахта, фито бар, би, йога, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, тіл оқыту, музыка, қолөнер үйірмелері қамтылған. Аталған қамқорлықтар мен мүмкіндіктер барлық деңгейдегі зейнет жасындағы кісілерге ақысыз, тегін ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, орталықта зейнет жасындағы азаматтар үшін тұрақты түрде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, жуырда қызмет алушы өнерлі ардагерлердің шығармашылығын насихаттап, қолдау көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Көңілдің әні – жүректің үні» тақырыбында ән байқауы өтті.
Байқау шымылдығы «Ғұмыр-Дария» ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі Аманқұл Исқақовтың сүйемелдеуімен «Арғынғазы» күйімен түрілді.Одан кейін халық жүрегінен орын алған «Қарғаш-ай», «Ләтипа», «Кеңгірдің қоңыр кешінде», «Ассалаумағалейкум, Қазақстан», «Ананың қадірін біл», «Аққу арман» сынды әсем әндер лек-легімен шарықтай жөнелді.Ал өз кезегінде қызмет алушы Нұрлыгүл Ахметова «Орталыққа арнау» атты өзі шығарған өлеңін оқып, көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады.
Бүгінде орталықтың өз Әнұраны да бар. Сөзі – Әбдіқасым Әлімхановтікі, әні – Серік Қалмағанбетовтікі. Орталықтың қызмет алушыларынан құралған хордың орындауында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» Әнұраны шырқалды.
Байқауға қатысқан 28 үміткердің өнерлерін сараптай келіп, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова бастаған әділ қазылар алқасының ұйғаруымен бірінші орынды Қаржаубай Сыдықназар мен Жасан Тілеубеков және Сымбат Нұрманова иеленді. Екінші орынға Мұрат Танабаев пен Құралай Дүйсекеева лайық деп танылды. Үшінші орынды Аманкүл Исқақов, Роза Кенжебеков және Жанна Нұраханова місе тұтты.
Орталықта бұл бастаманы алдағы уақытта да дәстүрге айналдыруды мақсат тұтып отыр.Осыған орай, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан да «Бағалы бастама баянды болғай!» деген тілекпен қолдау көрсетіле беретін болады.
Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ,
Тараз қалалық
ардагерлер кеңесінің
жауапты хатшысы
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)





