Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Алла жақсы адамның тілеуін береді

Алла жақсы адамның тілеуін береді

27 май 2024, Понедельник
143
4
Мен қазір 82 жастамын. Ертеректе ғұмыр кешкен қадірлі қарттың өнегелі жолы туралы айтпақшымын. Бір заманда Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты «Алғабас» кеңшарының аты дүркіреп шықты. Ауыл атын шығарған еңбексүйгіш қарапайым азаматтар. Солардың бірі – Жарлысу бөлімшесінде ғұмыр кешкен Керейқұл Байжігітов ақсақал болатын. Ағайынға қадірлі, мінезі жұғымды, халыққа қайырымды сол кісі туралы айтпақпын бүгін.
Керейқұл ақсақалды алғаш рет бала кезімде ұжымшардың жылқысын бағып жүрген кезінде көрдім. Ол кез – елдің соғыстан кейінгі еңсесін енді түзеуге кіріскен шағы еді.
Төбесі жадағай сабан сылақпен сыланған үш бөлмелі қоржын тамның бір жағында біздің отбасы, екінші жағында Керейқұл атамның отбасы тұрды. Ең жаманы – атамыздың сол кезде баласы жоқ еді. Жұбайы Зейнекүл әже екеуінің арманы – нәрестелі болу. Ақсақал өте мейірімді болды. Керейқұл ата сол кезде ауылда аттың ер-тоқымын жасап, киіз байпақтың табанына ірі қараның терілерінен ұлтан илеп, сыртын резинкамен қаптап етік тігіп, пима басатын. Ол кісі өзінің қолынан келетін өнерінің барлығын ауыл жастарына үйретті. Дәстүрге адалдық деген осы болар.
Жоғарыда айттым, 1872 жылы туған Керейқұл атаның ұрпағы болмады. Апамыз Зейнекүл қайтыс болған соң, атамыз Мария атты апайға үйленеді. Бұл 1949 жылы, сол кезде жасы 77-де. Ал-ла сәтін салса ештеңе қиын емес екен. Атамыз 78 жасында тұңғышы Жылқыбек өмірге келіпті. Керейқұл ата мен Мария шаңырағында өмірге келген сәбидің құрметіне біздің ауылда үлкен той болды. 1954 жылы екінші ұл Мақсатбек дүниеге келді. Ол кезде де ауыл мәре - сәре болып қуанды. Осылайша, Жылқыбек пен Мақсатбек қарт әкесі мен анасының мейіріміне, елдің ықыласына бөленіп, өсіп жатты.
Бірақ ол қуаныш ұзаққа созылмай 1965 жылдың қаңтар айында апамыз Мария, артынша екі айдан кейін 93 жасында атамыз Керейқұл қайтыс болып, екі бала жетім қалды. Дегенмен, Жылқыбек 15 жасқа толып, оң мен со-лын танып, әкесін жоқтап, таяққа тұруға жарап қалған еді. Ауыл болып ақсақалды арулап жөнелткенде, қызмет еткен жас жігіттер қатарында біз де жүрдік.
Жетімін жылатпайтын қазақ салты бойынша екі бала ағайындарының қарамағында қалып, Жылқыбек орта мектепті абыроймен бітірді. Мектеп бітірген соң Луговой аудандық (қазіргі Т.Рысқұлов) комсомол комитетінің жолдамасымен Жамбыл қаласындағы (қазіргі Тараз) суперфосфат заводына жұмысшы болып орналасады. Жұмсақ мінезді, тілалғыш, әкесіне тартқан Жылқыбек сол заводта тұрақты жұмыс істеп, шойын балқыту цехының үздік шеберіне айналады.
Аталған зауыт Жылқыбектің жағ-дайын ескеріп, жатақханадан бір бөлмелі пәтер береді. Ақылды жігіт үйленіп, сол баспанада тұрып, Керейқұл әкесінің ұрпағын жалғастырды. Ауылдан інісі Мақсатбекті алдырып, оған да ағалық мейірімін төкті.
Жылқыбек партия қатарына өтеді. Жамбыл суперфосфат заводының ком-мунистері оның заводтағы ұзақ жылдық еңбектерін жоғары бағалап, Жылқы-бек Керейқұловты 1990 жылғы Мәскеу қаласында өткен СОКП-ның соңғы ХХVIII съезінде делегат етіп сайлады. Ол СОКП Орталық Комитетінің және Жамбыл облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды. Сол кездегі облыс басшысы Өмірбек Байгелди де еңбекқор Жылқыбектің жұмысын оң бағалап жүрді.
Жылқыбек қазір Тараз қаласында тұрса да, Жарлысу ауылының үлкен-кішісі оны сыйлап құрмет тұтады. Ал інісі Мақсатбек Жамбыл технологиялық институтының кешкі бөліміне оқуға түсіп, күндіз Жамбыл қаласындағы хромзаводқа жұмысшы болып орналас-ты. Ағасы қанша өбектеп, мейірімін төгіп тұрса да, өз алдына еңбек етіп, өмірге кірпіш болып қалануға талпынды. Мақсатбек те заводта ерекше көзге түсіп, комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Арада бірер жыл өткенде Жамбыл қалалық кеңестің депутаты болды. Халық қалаулысы ретінде де елдің сөзін сөйлеген Мақсатбектің жүрер жолы айқын еді. Сол заводтан Мақсатбек Кеңес әскерлері қатарына шақырту алып, азаматтық борышын өтеп қайтты. Кейін ол облыстық ішкі істер басқармасыда полиция инспекторы болды. Содан ұзақ жылдар ішкі істер саласында еңбек етіп, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне дейін көтеріліп, полковник шенімен зейнетке шықты. Керейқұл атадан қалған екі перзент те елдің мақтанышына айналды, жетілді, өсіп өнді. Ұрпақ өрбітті. Бұл бәлкім Керейқұл ақсақалдың соғыс жылдарында, соғыстан кейінгі жылдарда талай ауыл балаларына етік, пима, байпақ тігіп берген еңбегінің өтеуі болар.
Сол Мақсатбек ініміз жақында 70 жасқа толады. Басқа тойды қайдам, осы той салтанатымен тойлануы керек.  Бұл тойдың өтуін ел жақтағылар да қуаттап отыр. Осы тойға жастарды және жас отбасыларды көбірек шақырып, Жылқыбек пен Мақсатбектің өміржолы туралы шағын түсірілімдер көрсетсек, үлкен тәрбиелік мән мағынасы мол іс болғаны тұр. Жас отбасыларға: «Жақсы болыңдар» деп құрғақ айтқаннан гөрі, осындай ұлағатты өмір жолдарын үлгі етсек, ерекше әсері болары анық. Ұрпақ сабақтастығының озық үлгісі деген осы емес пе? Олай болса осындай ғибраты мол болар тойларымыз көп болса деймін.
Аманқұл НЫСАНБАЕВ, 
еңбек ардагері,
Тараз қаласы

КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ – ҰЗАҚ ӨМІР
Өткен 2023 жылдың аяғына таман Тараз қаласында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылған болатын.
Облыста алғаш ашылған орталықтың басты мақсаты – өңірдегі зейнет жасына жеткен, белсенді өмір жолын ұзартуды көздеген қарт адамдарға мүмкіндіктер жасау арқылы денсаулығын қолдау, көңіл-күйін көтеру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Екі қабатты әсем ғимаратта қарияларымыз-дың алдағы өмірлерін қызықты, мәнді, мағыналы өткізулеріне толық жағдай жасалған. Орталық-та тренажер залы бар, мұнда йогамен, үстел тенисімен айналысады. Қариялар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд ойнап, бір мезгіл серігулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ орталықтың қызметтер желісінде психологиялық кеңес беру және физиотерапия, массаж, тіл оңалту, музыка, қолөнер үйірмелері де жүйелі жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде жүздеген қарияларымыз орталықтың қызметін алып, мекеме қызметкерлеріне ризашылықта-рын білдіруде.
Сонымен қатар, белсенді қызмет алушылар бастамасымен орталықта «Ғұмыр-Дария» ұлт аспаптар ансамблі құрылып, түрлі мәдени іс-шараларды тұрақты ұйымдастыруда. Соның бір айғағы, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында ансамбльдің жетекшісі Мұрат Танабаевтың басшылығымен Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе, республикалық бишілер конкурсының лауреаты, 80 жастағы ана Гүлбахрам Акилованың жеке орындауындағы испан биі, «Әжелер» би тобының, орталықтың 5 жұптан құралған ерлі - зайыпты бишілер тобының, әншілер Қаржаубай Сыздықназар, Алпысбай Смайлов, Разия Омар-бекова, Леонид Необьявляющий, Күлайша Ис-матуллаева, Күлпария Ахметова, Гүлбарам Әбдіхалықова және Әбдірайым Уашевтың өнер-лері келушілерді тәнті етуде.
Орталықта алдағы уақытта бұхаралық са-уықтыру спорттық шараларымен бірге мәдени-көпшілік жұмыстары да кеңінен қанат жаймақ.
Алдаберді МЕҢЛІБАЙҰЛЫ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ӘКЕ ТӘРБИЕСІ – ҒАСЫРҒА АЗЫҚ
Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіндегі әкелердің рөлін әлсіретіп алмаудың маңызы зор. Сол үшін де бүгінгі ата-ана ең алдымен ізгілік қасиеттерді алдымен өз балаларының бойына дарытып, отбасы құндылығын олардың санасына сіңіруі қажет.
Үйдегі әке мен ананың бір-біріне қа-рым-қатынасынан үлгі алған бала ертеңгі күні соны қажетіне жаратады, санасына сіңіреді. Әкесінің анасымен қарым-қатынасы сыйластықпен жарасқанын не-месе бір-біріне деген өкпе-назы зорлық-зомбылықпен аяқталғанын көріп өскен баланың әкесінен көргенін қайталама-сына кіп кепілдік бере алады? Сондықтан балаларымыз лайықты азаматтар болып өсуі үшін ұрпақ тәрбиесіне бүгіннен ерекше көңіл бөлу қажет. Адал азамат-қа тән қасиеттерді дәріптеуге,  саламатты өмір салтын ұстануға, отбасының зама-науи бейнесін қалыптастыруға баршамыз көңіл бөлуіміз керек. Бала тәрбиелеудегі әкенің отбасыдағы рөлі ерекше. Баланың бойындағы қабілетті  арттыруда ата-анаға жүктелер салмақ зор. Тәлім-тірбие беруде балалардың танымына әсер ететін құнды дүние – кітап оқу мен баспасөздің маңызы зор. Балаларды жастайынан кітап, газет оқуға нашықтандыруымыз керек.
Әрбір үйде жеке кітапхана болса артықтық етпейді. Қазір үлкендеріміздің өзі руханилықтан алшақтап барады. Бір кездері қазақтар үйіне кітап жинаушы еді. Жарысып газет-журналдарға жазылатын. Бүгінде мұндай үрдіс ұмытылып барады. Қазақ жазушыларының жаңа кітаптары сатылмайтын болды. Ал баспасөзге жазы-лу дегеніміз екінші кезекте қалды. Оқушы балаларымыз «Балдырған», «Ұлан», «Айгөлек», тағы басқа да бүлдіргендерге арналған газет-журналдардың бар екендігін де білмейді.
Осы мақсатта 2021 жылдың сәуір айында облыстық ардагерлер кеңесі жанынан әкелер кеңесі құрылып, оның Ережесі бекітілген. Онда әкелер кеңесінің мақсаты мен міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі айтылған, сондай-ақ әкелер кеңесінің мүшелері сайланған. Олар атқаруға тиісті жұмыстар жетіп артылады. Жоғарыда мен солардың бірқатарын айттым.
Біздің ауданда да 2021 жылдың 15 сәуірінде құрамы 3 адамнан тұратын әкелер кеңесі құрылған болатын. Әкелер кеңесінің мүшелері Тұрсынтай Қалдарбеков, Қажымхан Зарипов бала тәрбиесінде тәжірибесі мол белсенді ардагерлер.
Аудандық әкелер кеңесі бүгінде жоспарлы түрде жұмыс жүргізуде. Алға қойған мақсаттарымыз айқын. Жас отбасылармен, мектеп оқушыларымен, ата-аналармен жиі кездесеміз.
Бекмұрат ЖАМБЫЛОВ,
аудандық әкелер кеңесінің төрағасы,
Мойынқұм ауданының 
Құрметті азаматы.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (4)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 1 июня 2024 12:32
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 5 июня 2024 15:04
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 9 июня 2024 13:00
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 12 июня 2024 01:40
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры