Ардагер спортшылар нені қалайды?
Ақсақалдар-ұлағат мектебі, ардагерлердің өмір жолы – көпке үлгі.Олардың әрбір тағылымды ісі жастарға үлгі-өнеге болуға тиісті. Қоғамда қандай да шара болмасын жасы үлкендердің ақылымен, бағытымен жүзеге асырылып жатса оның тиімділігі зор болады.
Соның бір көрінісі ретінде осыған дейін қала ардагерлері Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде спорттың әр түрінен (бильярд,үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ) жаттығулар жасап тұруды әдетке айналдырған болатын. Мұның өзі ардагерлердің денсаулығын қалыпты деңгейде ұстауға зор септігін әрі пайдасын тигізуші еді. Аталған спорт түрлерінен жылда ардагерлер арасында қалалық және облыстық спартакиада өткізіледі. Ондағы басты мақсат – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, ардагерлердің спорттық іс-шараға белсенді түрде қатысуы арқылы жастарға тәлім-тәрбие беру.
Ардагерлердің жаттығуы үшін бөлінген спорттық құралдар мен бөлмелерге олар өз ризашылығын үнемі білдіріп келген, өкінішке орай, жақында «Тараз-Арена» спорт кешеніндегі ардагерлерге берілген бөлмелерді босату туралы ұсыныс түсті.
Осыған байланысты ардагерлеріміз «Тараз-Арена» спорт кешенінде спорт түрлерінен алдағы уақытта да жаттығуларын жалғастыра беруінің тиімділігін айта келіп, оларға алдағы уақытта да тиісті жағдайлар жасала берсе деген тілегін білдіреді. Мұны спорт кешенінің басшылығы алдағы уақытта ескерсе деген сенімдеміз.
Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің
жауапты хатшысы
Суреттерде: Қала ардагерлері Бұған дейін осылайша спортпен алаңсыз айналысқан ғой.

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)