Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЗИЯТКЕРЛІК БƏСЕКЕ

ЗИЯТКЕРЛІК БƏСЕКЕ

14 сентябрь 2024, Суббота
48
0
Жуырда Тараз қаласының ардагерлері арасында зияткерлік-сөзжұмбақ сайысы ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырудағы мақсатсалауатты өмір салтын насихаттау, сөзжұмбақ сайысы арқылы ардагерлердің ойөрісін, қабілетін дамыта түсу, жастарға үлгіөнеге, тəлім-тəрбие беру болатын. Шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ тəрізді ақылойға салмақ түсіретін сөзжұмбақ сайысы өткен жылы алғаш рет өткізіліп, ардагерлер арасында ерекше қызығушылық танытқан болатын. Биылғы жылы да бұл тың бастама өз жалғасын тауып отыр. Зияткерлік сайысты Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күлəш Əбдікешова ашты. - Қалалық ардагерлер кеңесі ардагерлердің қоғамнан тысқары қалмауына назар аударып, түрлі мазмұндағы шараларды өткізу арқылы олардың басын біріктіруді көздейді. Бүгінгі өткізгелі отырған шара да сол мақсаттан туындаған, - деген Күлəш Əмедияқызы сөзжұмбақ сайысына бастамашы болған қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі Алдаберді Мақашевқа ризашылықпен алғысын білдірді. Осы айтулы іс-шараның ашылуына қатысқан Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы аясында бүгінгі өткізілгелі отырған ізгілікті шараның айрықша тартымдылығына тоқталып, тапқырлық бəсекесіне қатысушыларға сəттілік тіледі. Қазылар алқасының төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев жарысқа қатысушыларды сайыстың шарттарымен таныстырды. Ақыл-ойын, қабілетін дамыту сайысына қатысқан үміткерлер өздерінің ойлау қабілеттерінің ұшқырлығын, ізденімпаздығын таныта білді. Сонымен сайыс нəтижесінде Қанымкүл Бесімбай үшінші, Аманқұл Искаков екінші орынды иеленді. Ал, сөзжұмбақ шешімін толықтай таба білген ардагеріміз Тұрар Жапаров бірінші орынды жеңіп алды. Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, оларға кəдесыйлар табыс етілді. Сондай-ақ, осы сайыста белсенділік танытқан ардагерлерге де сый-сияпат жасалынды. Мағыналы да қызықты өткен сайыста сергектікті серік еткен ойшыл да тапқыр ардагерлер шын мəнінде аға ұрпақ өкілдерінің қолынан көп нəрсе келетіндігін тағы да бір рет дəлелдеді.

Сауранбек ЖАМАЛБЕКОВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

ҚАРИЯЛАР СӨЗЖҰМБАҚПЕН САЙЫСТЫ
06 сентябрь 2023, Среда
ҚАРИЯЛАР СӨЗЖҰМБАҚПЕН САЙЫСТЫ
ЖАСТАР-ЖАРҚЫН ІСТІҢ ЖАРШЫСЫ
29 август 2024, Четверг
ЖАСТАР-ЖАРҚЫН ІСТІҢ ЖАРШЫСЫ
БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
14 июль 2023, Пятница
БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
06 сентябрь 2023, Среда
АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Ардагерлер – балаларға
28 июль 2022, Четверг
Ардагерлер – балаларға
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры