АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ
Осы бағытта Жамбыл облысы бойынша коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігінің Ассоцациясы (төрағасы Айнұр Зәуірбекова) ұйымдастыруымен және Тараз қалалық ардагерлері кеңесінің қолдау көрсетуімен «Рауан» балаларды сауықтыру лагерінде «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік мәдени - көшілік шарасын өз дәрежесінде өтті.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шараның мақсаты - көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр балалардың дамуына қолдау көрсету, эстетикалық талғамдарын дамыту, жаңа есімдер мен таланттарды анықтау, олардың спортқа, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, шеберліктерін шыңдау арқылы шығармашылық деңгейінің өсуіне ықпал жасау.
Лагерь іші кіреберістен бастап өткізілетін іс-шараға сай безендірілген. Арнайы ат басын тіреген 25 белсенді ардагерді лагерде демалушы балдырғандар сапқа тұрып салтанатпен қарсы алды. Жас жеткіншектер алдында батагөй қария Сауранбек Жамалбеков балаларға арнап ақ батасын берді.
Одан кейін белгіленген жоспарға сәйкес Тараз қаласының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі лагерде демалып жатқан тәрбиеленушілер мен ардагерлер арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сынды спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Балалар асфальтқа «Отаным-бақыт мекені» тақырыбына сурет салды және қолөнерден бәсекелесті. Бір айта кетерлігі, осы сайыстар барысында спортқа, өнерге деген құштарлығы басым талантты балалардың көп екендігіне көзіміз жетті.
Тағылымы мол жиында алғашқы сөз алған Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова аға ұрпақтың тәрбиесі мен даналығы жас жеткіншектер үшін үлкен өмір мектебі екендігін айта келіп, лагерь басшылығымен бірлесіп жүргізілген бүгінгі іс-шараның сәтті әрі қызықты өткендігін атап өтті. Спорттың 5 түрінен өткен сайысты және асфальтқа сурет салу, қолөнер жарысын қорытындылай келе Күләш Әмедияқызы жеңімпаз командаға ауыспалы кубок пен диплом табыстап, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етті. Сондай-ақ, «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығы осы лагерде демалып жатқан 59 тәрбиеленушінің барлығына бірдей сый-сияпат жасады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков, қалалық аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болуы үшін бүгінгі жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі әрі жаңашыл тұлға ретінде қалыптасуы маңызды екендігіне тоқталып, балалардың жазғы демалыстарын осындай керемет лагерде өткізіп жатқанына қуанышты екендіктерін білдірді. Ал, «Рауан» балалар сауықтыру лагерінің директоры Рахат Нұрпайызов пен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығының директоры Айжан Мейірханова ардагерлердің жас ұрпаққа тәрбие беруде үлкен жұмыстар атқарып жүргендіктерінің айғағы-бүгінгі өткен мерекелік іс-шара екендігін айта келе, балаларға жасаған жақсылықтарының алдарынан шығуына, әрқашанда дендерінің сау - саламат бола берулеріне тілектерін білдірді.
Акция барысы мерекелік концертке ұласты. Ардагерлердің «Әулиеата әуендері» ансамблінің бүлдіршіндермен бірлесіп өткізген ән-күй, билері ерекше салтанатқа ие болды. Әсіресе, 8 жастағы сүп-сүйкімді сары бала Вованың таза қазақ тілінде бата беруі қатысушыларды бей-жай қалдырмады.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)