Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » БАЛҒЫНДАРДЫҢ БЕСАСПАП ӨНЕРІ

БАЛҒЫНДАРДЫҢ БЕСАСПАП ӨНЕРІ

01 август 2022, Понедельник
116
0




Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Еліміздің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болуы үшін бүгінгі жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі әрі жаңашыл тұлға ретінде қалыптасуы шарт. Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі.
Осы бағытта, Балалар жылы аясында Тараз қаласы әкімінің қолдауымен, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы әкелер кеңесі мен аналар алқасының ұйымдастыруымен «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінде «Бар жақсылығымыз – балаларға» атты мерекелік акция өз дәрежесінде атап өтілді.
Мерекелік акцияның басты мақсаты- көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр балалардың дамуына қолдау көрсету, эстетикалық талғамдарын дамыту, талантты жаңа есімдерді анықтау, спортқа, өнерге деген құштарлықтарын арттыру, шеберліктерін шыңдау арқылы шығармашылық деңгейінің өсуіне ықпал жасау болатын.
Лагерь іші тақырыпқа сай безендірілген. Кіре берістен бастап шарлар, жалаушалар ілінген. Балалардың қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылған. Сыртта балаларға арналған әндер шырқалуда. Осы мерекелік шараға арнайы келген 30 ардагерді лагерде демалушы балдырғандар сапқа тұрып салтанатпен қарсы алды. Осындай ұлағатты іс-шарада Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов балаларға ақ батасын берді.
Одан кейін белгіленген жоспарға сәйкес лагерде демалып жатқан тәрбиеленушілер мен ардагерлер арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту сынды спорт сайыстары ұйымдастырылды. Балалардың асфальтқа «Отаным – бақыт мекенім» тақырыбына сурет салудан және қолөнерден жарысы өтті. Бір айта кетерлігі, осы сайыстар барысында спортқа, өнерге деген құштарлығы басым талантты балалардың мол екендігі көңілге қуаныш ұялатты.
Мерекелік жиында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, қалалық әкелер кеңесінің төрағасы Аманқұл Исқақов, аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова, «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінің директоры Бек Әжібаев акцияға қатысушыларды шын жүректен құттықтап, балаларға демалыстарының сәтті, қызықты өтуіне ізгі тілектерін білдірді.
Спорттың 5 түрінен өткен сайысты және асфальтқа сурет салу, қолөнер шеберлерінің бәсеке-жарысын қорытындылай келе, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының осы лагерде демалып жатқан 52 тәрбиеленушілерінің барлығына сый-сияпат жасалды. 
Мерекелік концерттің соңы ардагерлер мен барша демалушы балдырғандардың бірлесе шырқаған «Атамекен» әнімен қорытындыланды.
Мерекелік басқосудың аяғында «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінің әкімшісі Ақмарал Аханова, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Айжан Дүкенбайқызы ардагерлердің жас ұрпаққа тәрбие берудегі ауқымды жұмыстарының айқын айғағы – бүгінгі өткен мерекелік іс-шара екендігін айта келе, өз ризашылықтарын білдірді.
Акцияға демеушілік көмек көрсеткен «Агроспецстрой» ЖШС (М.Рахимбердиев) және Тараз қалалық білім қызметкерлері салалық кәсіподағы (И.Н.Костина) тарапынан лагерде демалушы 350 балаға дастархан жайылды. Сонымен қатар, балалардың барлығына балмұздақ таратылып берілді.    Сөйтіп, ардагерлер бастамасымен атқарылған дәстүрлі іс-шаралардың бірі – бүгінгі келелі басқосу өз мәресіне жетті. Тәлімдік-тәрбиелік мәні зор осындай жағымды жаңалықтар жалғасын таба берері сөзсіз.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры