Ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыру

Жуалы ауданында тұратын ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, өмірден көрген -түйген мол тәжірибелерін жас ұрпақтың тәрбиесі мен жарқын болашағына жарату, саламатты өмір сүру жасын ұлғайту – басты міндеттердің бірі.
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің жанынан шығатын «Ғұмыр-дария» қоғамдық- саяси газетінің Бас редакторы, Қазақстанның Құрметті журналисі Жаңабай Миллионов және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ- ның аудандық филиалының төрағасы Сейітхан Жұмашев кезекпен сөз сөйледі. Олар өз сөзінде, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесінде және оларға лайықты жол, дұрыс бағын-бағдар көрсету ісінде, сонымен қатар, өңір тұрғындарын ынтымақ- бірлікке шақыруда көпті көріп, көп жасаған қариялар мен өмір көрген ардагерлердің рөлі зор екенін жеткізіп, адам денсаулығының мықты болуы үшін ұдайы дене шынықтырумен айналысып, саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Айта кету керек, ардагерлер спорттың бірнеше түрінен бақтарын сынады. Атап айтқанда, оның ішінде – үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильрд, ләңгі тебу және дартс ойындары бар.

Спартакиаданың қорытындысында жекеленген спорт түрлерінен жеңімпаз ардагер спортшылар Диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Похожие материалы:
Комментарии (0)