СЕРГЕКТІК ҚАРТТАРҒА ЖАРАСАДЫ
Ақсақалдар - ұлағат мектебі, ардагерлер - көпке үлгі. Олардың әрбір тағылымды ісі жастарға үлгі-өнеге болып келеді. Қоғамда қандай ізгілікті іс-шара болмасын жасы үлкендердің ақылымен, бағытымен жүзеге асырылуда. Сергектікті серік ету жас талғамайды. Соның бір көрінісі ретінде Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай арналған ардагерлер арасындағы волейболдан ашық турнирді айтуға болады.
Ашылу салтанатында Ауған соғысының ардагері, генерал-майор Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов қатысып, естеліктерімен бөлісті. Ауған соғысының ардагері, Тараз ардагерлер командасының ойыншысы Сазит Гариевке командастары естелік сағат тарту етті.
Бұл сайысқа 6 ардагер командасы қатысты. Сонымен, тартысты өткен бәсекеде бірінші орынды Тараз - 1 командасы, екінші орынды Талас ауданының ардагерлері, жүлделі үшінші орынды Байзақ ауданының ардагерлер командасы иеленді. Жеңімпаз командалар кубоктар, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастыру мен марапаттауды жүргізген Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Қаратайұлы жарыс төрешілеріне алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар тапсырды. Ерлер арасындағы командалар ішінде жеке дара қатысқан нәзік жанды қызымыз Құндыз Қуанышева жарыстың үздік ару ойыншысы атанып, оған арнайы естелік сыйлық табыс етілді.
Сондай – ақ, турнирдің ең жасы үлкен ардагер ойыншысы Мадиярбек Орынбеков және үздік ойыншы Бақыт Айтбаев арнайы жүлдемен марапатталды.
Қызықты да тартысты аяқталған спорт бәсекесінде қарымды қариялар шын мәнінде аға ұрпақ өкілдерінің қолынан көп нәрсе келетіндігін тағы да бір рет дәлелдеді.

Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер
кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)