Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Бала тәрбиесінде қателеспеуіміз керек

Бала тәрбиесінде қателеспеуіміз керек

29 июль 2025, Вторник
92
0
Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Бүгінгі интернет дәуірінде жас ұрпақ тәрбиені әлеуметтік желі арқылы алып жатыр. Мектеп қабырғасында бүгінде шыны керек, жас ұрпақтың бойында ата-ананы сыйлау, үлкенді құрметтеу, лағнет сөздерден, ішімдіктен, шылым шегуден аулақ болу сияқты құндылықтарды сіңіру жұмыстары кемшін. Бүгінде ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар қаншама, мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушыларымыздың қатыгездігіне не айтуға болады? Ұлы Абай "Балаға мінез үш адамнан жұғады, біріншісі ата-анадан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбы-достарынан» – деген екен. 
Отбасы – балаға өмір сүру қағидаты мен құндылықтары туралы мағұлмат беретін және мінез-құлық мәденитін қалыптастыратын алғашқы бірден-бір орта, баспалдақ. Отбасында бала алғашқы адамгершілік дағдыларын үйренеді. Ата-ананың түсіндіруі, айтқан ақылы мен үлгілі-өнегесі, үйдегі өмір салты, отбасындағы мінез-құлық арқылы бала өсіп жетіледі. 
Әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың өмірге деген сенімі күшейеді. «Адам бола білу – ең қиын мамандық» – деген екен Хосе Марти деген кубалық кемеңгер. Жас ұрпақты тәрбиелеуді әр отбасы өзінен бастағаны жөн деп ойлаймын. Шоқан Уалихановты тәрбиелеген Айғаным анамыз, ұлы Абайды тәрбиелеген Зере анамыз осы сөзімізге айқын дәлел бола алады. Біздіңше әр отбасының өз Айғанымы, өз Зересі болуы керек. Өйткені, әрбір үйдің өз атасы, өз әжесі бар, тіптен, қазір көріп жүргеніміздей қарияларымыздың басым көпшілігінің қолында шүпірлеген немере-шөберелер тәрбиеленуде. 
Бұдан түйетін қорытынды не? Біздің үлкендеріміз бала тәрбисінде, ұрпақ ұлағатында көп нәрсе істей алады. Атаның ұлағатымен, әженің әлдиімен өскен ұрпақ әсте жаман болмайды. 
Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер, әкелер, аналар кеңестері жасөспірімдерді тәрбиелеу, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында 2003 жылдан бастап маңызды жұмыстар атқарып келеді. 
2024 жылы әкелер кеңесі аудан бойынша 72 іс-шара өткізіп, олар мектептер мен кітапханаларда, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда, жастар орталықтарында, тарихи өлкетану музейлерінде, колледжде оқушылар мен білімгерлер, жастармен, ата-аналармен бала тәрбиесінде әкенің жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлық, зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу тақырыптарында кездесулер өткізіп, жастардың бойында ұлтжандылық пен ізгілік, үлкендерге деген құрмет пен  отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін сіңіру бағытында әсерлі әңгіме өрбітті. Атап айтатын болсақ, «Діни экстримизимнің алдын алу», «Қылмыс пен құқықбұзушылық», «Қателіктен сабақ аламыз» атты іс-шаралардың тиімділгі зор болды. «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп-қатері» атты «дөңгелек үстел» отырысының, «Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы» атты тәрбие сағатының, басқа да іс-шаралардың ғибраты мол болды ғой деп ойлаймын. Жастарға құқықтық дұрыс бағыт-бағдар беруде «Заң мен тәртіп» тақырыбында өткен кездесудің маңызы айрықша болды. Оған мектеп басшылары, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары, дін өкілдері және ардагерлер қатысты. 
 Әке институтын қалыптастыруда бала тәрбиесіндегі олардың  жауапкершілікті арқалай білуі маңызды фактор болып табылады. Біздің мұрат – әке институтының отбасы, ошақ айналасында ғана емес, тұтас қоғамның балталасаң бұталанбайтын беріктігіне тигізер қуатын кемітпеу. Отбасында ерлі- зайыптыларға түсетін міндеттер бар. Өмірдің болмашы ісіне бола бір-бірін жазғырып күнә тағу, ұнамаса ажырасып кете беру – бұл дінімізге де, салт-дәстүрімізге де жат. Сондықтан да қоғамда, әрбір отбасында, жалпы ер азаматтың жауапкершілігін арттырып, олар-дың жастар тәрбиесіндегі рөлін күшейтудің маңызы зор.  
 Ауданда аналар кеңесі өткен жылы мектеп оқушыларымен, оның ішінде қыз балаларымен 131 мәдени, әлеуметтік, спорттық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізді. Балабақшаларда әжелердің 75 ертегі айтуы ұйымдастырылды, ауыл аналарының форумы болды. Форумның мақсаты – ата-ана болу идеясын ілгерілету, отбасындағы бірлік-берекені сақтау, жастар тәрбиесін нығайту, әйел-аналардың игі бастамаларын көпшілікке паш ету болып табылады. 
Отбасы күніне орай «Адам– заттың асылы – АНА» тақырыбында аналарымызды құрметтеу, дәріптеу, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты насихаттау мақсатында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды.
Оқушыларға ата-анасының тәрбиесі және әжелердің өмірден көрген-білген тәжірибесін жастарға ұлықтау мақсатында «Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты іс-шара өткізілді.  
Отбасы құндылықтары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда түрлі келеңсіз жағдайлар байқалып жатыр. Бүгінгі күні жас жұбайлар үйлене салып ажырасып кетіп жатады.  Тіптен  20-25 отасқан ерлі-зайыптылардың 5-6 балашағасымен ажырасуда орын алуда. Мұндай балалардың әкесіз жетім қалуы заманның, қоғамның қайрымсыз сәттері деуге болады. Біздің ардагерлер кеңесі жанынан құрылған билер кеңесінің бастамасымен қазақы қарашаңырақты сақтап қалу мақсатында ауданда «Бастау» жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын белсенді жүргізуде.  
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Достық – ақ бата», «Касиетіннен айналайын, қара шанырақ», «Отан – отбасынан басталады», «Киелі кимешек», «Ененің өсиеттері», «Қазақ халқының отбасылық құндылықтары», «Үйлену оңай – үй болу қиын» тақырыптарында жас отбасыларға арналған танымдық шаралар өткізілді.
Мұндай шараларға аудандағы өсіп-өнген әулеттің дана әжелері және келіндері мен немерелері қатысты. Шаралар барысында жас отбасыларға неке куәліктері табысталып, «Халің қалай, ақ келін?» айдарымен келіндер байқауы, дұрыс өмір сүруге бағыттайтын «Тамшы сөз бен қамшы сөз» айдарымен күйеу жігіттердің сұрақ-жауап, нақыл сөздерден ой-танымдық жарысы ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған «Отан – отбасынан басталады» айдарымен жас жұбайларға өмірлік кеңестер берілді.
Жалпы, Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында ардагерлер ұйымдары тарапынан қандай істер атқаруға болады, бүгін мен өзіміздің аздаған тәжірибемізбен бөлістім. Жалпы, Президентіміз қоғам алдында өте өміршең мәселе қойып отыр. Қоғамда қабылданған Заңдар сақталмай, тәртіп орнықпай біз ілгері жылжи алмаймыз. Ал заң мен тәртіп әдебіміз дұрысталғанда, адами  мәдениетіміз қалыптасқанда ғана өміршең болады. 

Сейітхан ЖҰМАШЕВ 
Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Жуалы ауданының
Құрметті азаматы, 
"Құрмет" орденінің иегері

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...
26 февраль 2024, Понедельник
ЕҢБЕК ЕЛЕНСЕ ЕКЕН ...
Ата-ана кінәлі ме,  қоғам ба?
24 октябрь 2024, Четверг
Ата-ана кінәлі ме, қоғам ба?
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!
27 январь 2025, Понедельник
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
30 январь 2024, Вторник
ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры