Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖЕҢІС ӘНІ ШЫРҚАЛДЫ

ЖЕҢІС ӘНІ ШЫРҚАЛДЫ

10 апрель 2025, Четверг
53
0
Өткен аптаның жұмасында Аса ауылындағы аудандық мəдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіс туы желбіресін" атты байқау аясында Жамбыл ауданының ардагер өнерпаздары қорытынды концерт берді. Соғыс тақырыбындағы жəне патриоттық əндерді жəне билерді ауданның əр түрлі саласында жемісті еңбек етіп, бүгінде зейнетте жүрген белсенді ардагерлер нəшіне келтіріп орындады. Көңілге қуат, жүрекке нұр, бойға рух сыйлаған əндерді, күйлерді жəне билерді аудандық мəдениет үйіне жиналған жүздеген көрермендер ықыласпен тыңдады. Қарасу ауылдық округінен келген "Ақ əжелер" вокалдық тобы орындаған "Соғыстан қайтқан солдаттар", Қызылқайнар ауылдық округінен келген Бегалы Ысқақовтың "Ана туралы баллада", Ақбастау ауылдық округінен келген вокалды топ орындаған "Айналдым, елім", Айша бибі ауылдық округінен келген Г.Сейілханова орындаған "Снег седины", Полат Қосшы ауылдық округінен келген А.Камаловтың "День Победы" əндерін көрермендер қол ұрып тыңдады. Аса ауылының домбырашылар квартеті орындаған "Тойбастар" күйі құлақтың құрышын қандырды. Жетпісті алқымдаған З. Қалденова Нұрғиса Тілендиевтің "Асатаяқ" биін мың бұрала биледі. Концерттің қорытындысында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов өнерпаз ардагерлерге өзінің ризашылығын жеткізді, аудан əкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев барлық өнерпаздарға аудан əкімінің Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыс етті. Жүзден жүйрік шыққан өнерпаз ардагерлер облыстық байқаудың қорытынды концертінде өз өнерлерін көрсететін болады. Ұлы Жеңсітің 80 жылдығына арналған ардагер өнерпаздардың байқаулары барлық аудандарда табысты өтті. 22-сəуірде Тараз қаласындағы Баласағұн орталық концерт залында Тараз қаласы мен барлық аудандардың жеңімпаз ардагер өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
Тағзым 01 июнь 2025, Воскресенье

Похожие материалы:

ЖЕҢІС ƏНІ ШЫРҚАЛДЫ ШАБЫТПЕНЕН
04 май 2025, Воскресенье
ЖЕҢІС ƏНІ ШЫРҚАЛДЫ ШАБЫТПЕНЕН
Аудандық іріктеу кезеңі
19 апрель 2025, Суббота
Аудандық іріктеу кезеңі
Тұғырынан таймаған хас таланттар
23 март 2025, Воскресенье
Тұғырынан таймаған хас таланттар
Қоғамдық істердің көш басында
28 февраль 2025, Пятница
Қоғамдық істердің көш басында
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры