Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖЕҢІС ƏНІ ШЫРҚАЛДЫ ШАБЫТПЕНЕН

ЖЕҢІС ƏНІ ШЫРҚАЛДЫ ШАБЫТПЕНЕН

04 май 2025, Воскресенье
57
0
Өткен аптаның сейсенбісінде сəуір айының алғашқы күндерінде бастау алған «Жеңіс туы желбіресін» атты ардагер өнерпаздардың облыстық байқауының қорытынды гала-концерті мыңнан аса көрерменнің қатысуымен Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында үлкен табыспен өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің жəне облыс əкімдігі мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен болған өнер байқауы шын мəнінде халықтық сипатқа ие болды. Алпысты алқымдап, жетпістің желкеніне аяқ артқан, сеңгірінде бойларынан өнерге деген құштарлық тарқамаған ата-апаларымыз өздерінің асқақ патриотизмін, туа бітті талантын, шығармашылық шеберліктерін мыңдаған көрермен алдында паш етті. Байқаудың Тараз қалалық жəне аудандық деңгейде зор табыспен өткенін атап өтуге тиістіміз. Осынау мəдени бұқаралық шараның зор ұйымшылдықпен ұйымдастырылуына облыстық жəне Тараз қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері көп күш жұмсады.Сонымен байқаудың галаконцертіне келетін болсақ, өнер бəсекесінің қорытынды кезеңінің зерлі шымылдығы Тараз қаласының жетпіске тарта атаəжелерінен құралған ауқымды хордың орындауындағы «Жеңіс күні» əнімен ашылды. Көрермен көпшілік бұл патриоттық əнді зор ынтамен тыңдады. Айтуымыз керек, ардагерлерден құрылған хорлардың, вокалдық топтардың, ұлтаспаптар ансамбльдерінің, жеке орындаушылардың, жеке бишілердің, бишілер тобының орындауындағы əр түрлі жанрдағы əндер, билер, күйлер жиналған жұртшылықтың көңіл көкжиегін кеңейтті, рухын асқақтатты, жігерін тасытты. Бұл – жай айтуға оңай. Мыңнан аса адамдық орталық концерт залы бұл күні керемет көңіл-күйге кенелді десек, артық айтқандық болмас. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстанның Құрметті журналисі Жаңабай Миллионов бастаған құрамында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков, Қазақстанның мəдениет қайраткері Пернебек Оспанов, мəдениет саласының мамандары Азамат Байжанов, Арайлым Нарбатырова жəне облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильиясов бар əділ-қазылар алқасының сараптауынан өткен ардагер өнерпаздардың орындауында көрермендер жиырма екі əн мен күйді жəне биді құлақ құрышы қанғанша тамсана тыңдады, рахаттанып көрді.Сахнада Тараз қалалық жəне аудандық деңгейде өткен өнер бəсекесінің кіл жеңімпаздары өнер көрсетті. Енді «Жеңіс туы желбіресін» атты облыстық ардагер өнерпаздар байқауының жеңімпаздарына қысқаша тоқталып өтейік. Айта кететіні бұладың барлығы да Тараз төрінде гала-концертте өнер көрсетті. Хор ұжымдары арасынан бірінші орынды «Жеңіс күні» əнін орындаған Тараз қаласы ардагерлерінен құралған хор ұжымы жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды Байзақ ауданы мен Қордай ауданының хор ұжымдары өзара бөлісті. Вокалдық топтар бойынша бірінші орынды «Жеңіс күнінде» əнін орындаған Тараз қаласының Əбдірəйім Уəшев, Рəзия Мəдіханова бастаған əншілер тобы, екі екінші орынды «Катюша» əнін орыс тілінде жəне қазақ тілінде орындаған Жамбыл ауданының «Русская крассавица» тобы мен Сарысу ауданының əншілер тобы иеленді. Осы нұсқа бойынша үшінші екі орын «Соғыстан қайтқан солдаттар» əнін орындаған Меркі ауданының белсенді ұзақ өмір орталығының, Жамбыл ауданының «Ақ əжелер» əншілер топтарына бұйырды. Аспаптарда орындау бойынша Əбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін орындаған Сарысу ауданының ұлт-аспаптар ансамблі бірінші, «Бауыржан туралы» əнді орындаған Жуалы ауданының эстрадалық ансамблі екінші, Т.Рысқұлов ауданының эстрдалық ансамблі үшінші орынға жайғасты. Өнер сайысындағы бəсеке ауданына келген Рая Айтақова соғыс кезіндегі əндерден топтама орындағаны үшін талассыз жеңіп алды. Қордай ауданынан келген ардагер өнерпаз Мұрат Құсайынов орыс композиторы Блантердің «Бухенвальский набат» əнін орындағанда көрермендер орындарынан тұрып құрмет көрсетті. Мұрат Құсайыновқа екінші орынның жүлдесі табыс етілді. Тағы бір екінші жүлдені «Жас қазақ» əнін орындаған Т.Рысқұлов ауданынан келген Күлназия Пірімқұлова жеңіп алды. Жалпы жеке орындаушылардан екінші орын төрт өнерпазға бұйырды. Мойынқұм ауданынан келген Тазакүл Станбекова «Ах, Самара городок» əнін, Меркі ауданынан келген Қуатбек Бикеев «Деятый наш десантный батальон» əнін тамылжыта орындап, екінші жүлдені қанжығасына байлады. Жеке орындаушылар арасынан бəселестіктің жоғары болғандығы сонша, алты орындаушы жүлделі үшінші орынға лайықты деп танылды. Байзақ ауданынан келген əншілер Ертай Тазабеков, Əлмахан Исабаев «Қара кемпір», «Тағзым», Жуалы ауданынан Гүлсара Иманбаева «Подмосковная вечера», Т.Рысқұлов ауданынан Роза Серікбаева «Синий платочек», Мойынқұм ауданынан Бабақұл Қарсыбеков «Жүрегім жаралған ба, Мойынқұмнан», Мойынқұм ауданынан Гүлжамал Үмбетова «Əке туралы ой» əндерін тамылжыта орындап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бишілер де өнер бəсекесінің бəсін қыздырды. Жетпіс жасты алқымдаған Жамбыл ауданынан келген Зейнеп Қалданова «Асатаяқ» биін асқан шеберлікпен орындады. Оған бас жүлде берілді. Ал, Шу ауданына келген Ажар Ержанова «Смуглянка», Тараз қаласынан келген «Золотой возраст» бишілер тобы «Факстрот» билері үшін екінші Т.Рысқұлов ауданынан келген Ирита Молдасанова «Қаражорға» биі үшін үшінші орынды иеленді.Облыстық байқауды ұйымдастыруға Тараз қалалық жəне аудандық ардагерлер кеңестері көп күш-жігер жұмсағанын жоғырда айттық. Өнерпаз ардагерлерді ұйымдастырып, байқауды зор ұйымшылдықпен өткізгені үшін Тараз қалалық жəне Сарысу аудандық ардагерлер кеңестерінің жұмыстары əділ қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, Жамбыл, Меркі аудандық ардагерлер кеңеетерінің ұйымдастырушылық жұмыстары екінші жүлдемен аталып өтті. Өнер бəсекесін ұйымдастыруда Байзақ, Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңестерінің жұмысы да лайықты бағаланды. Гала-концерттің қорытындысында облыс əкімінің орынбасары Қанатбек Мəдібек, облыстық ардагерлер кеңесінің төраағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, əділ қазылар алқасының төрағасы Жаңабай Миллионов жəне əділ қазылар алқасының толық құрамы сахнаға көтеріліп өнер байқауының біз жоғарыда атын атаған жеңімпаздарына сертификаттар мен дипломдарды салтанатты жағдайда табыс етті.
 "ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ Суреттерді түсірген: Төлепберген СЕЙІТҚАДІРОВ  
Обсудить
Блок в статье:
ӘСКЕРИ ПАРАДҚА АТТАНДЫ 05 май 2025, Понедельник
Даналыққа барар жол 05 май 2025, Понедельник
«Ғұмыр Дарияға» қариялар алғысты 05 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
14 сентябрь 2024, Суббота
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
Тұғырынан таймаған хас таланттар
23 март 2025, Воскресенье
Тұғырынан таймаған хас таланттар
Аудандық іріктеу кезеңі
19 апрель 2025, Суббота
Аудандық іріктеу кезеңі
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
14 сентябрь 2024, Суббота
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры