АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қаратау қаласы əкімдігінің мəжіліс залында қалалық ардагерлер ұйымының IV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Арыстан Байходжаев соңғы үш жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндама жасады.
Жиынды өткізу барысында ардагерлердің белсенділігін көтеру мақсатында жекелеген ұйымдар мен топтарды біріктіру, ірілендіру жұмыстарының тиімділігі ескерілді. Қаладағы бірқатар мекемелер, атап айтсақ, теміржол, «Қазтелеком», «Қазпошта» бөлімшелері, Ұлбике ақын атындағы мəдениет үйі жəне аудандық орталық кітапхана. Ардагерлер ұйымдарын біріктіріп, ірілендіру мəселесі алға тартылды. Сонымен қатар, аудандық білім бөліміне қарасты мекемелердің бастауыш ардагерлер ұйымдарын біріктіру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қала бойынша 17 бастауыш ұйым, 6 цехтық ұйым жəне 4 ардагерлер тобы тіркелген. Мəселен «Қазфосфат» ЖШС-не қарасты «Шолақтау» ТКӨК ардагерлер ұйымының белсенділігін жоғары бағалауға болады. Оған ардагерлер ұйымының төрағасы Д.Русаловскийдің, ұйымдастыруымен жасалып жатқан жұмыстар дəлел. Мəселен, кəсіпорын тарапынан бөлінген қаражатқа 2023 жылы 180, ал үстіміздегі жылы 110 зейнеткерге күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары алынып берілді. Сонымен қатар, ұйым төрағасының өтініштілегіне қолдау танытқан «Тараз-Гипс» ЖШС 40, «ЕвроХим» ЖШС (төрағасы Б.Əбілханов) 30 ардагерге қайырымдылық көмегін көрсетіпті. Белсенділердің қатарына аудандық орталық аурухананың (ардагерлер ұйымының төрағасы Ұ.Шатаева), «Игілік» көпсалалы кəсіпорнының (төрағасы О.Елсымақова) ардагерлер ұйымдарын жатқызуға болады. Бұл туралы жиын барысында Арыстан Байходжаев айтып өтті. Төрағаның баяндауынша, ардагерлер кеңесі тұрғын үй, қала тазалығы мəселесіне жəне Қаратау қаласының 60 жылдығын мерекелеуге өз үлесін қосты. Одан бөлек қалалық ардагерлер кеңесінің ұсынысымен қала əкімі тарапынан 160 ардагерге мерекелік төсбелгі табыс етілді. Грекияға қоныс аударған қаратаулық азаматтарды кездесуге шақырып, футболдан жарыс өткізуге дəнекер болған да осы ардагерлер. Ардагерлер кеңесі қала ішінде ұйымдастырылып жатқан қоғамдық жұмыстардан сырт қалған емес. Жыл қорытындысы бойынша тазалық жұмыстарында белсенділік танытқан кеңес мүшелеріне арнайы сыйлықтар тапсырылды. Қала тұрғындары А.Асаубаева жəне А.Панченко ұлғайған жасына қарамастан үй іргесіндегі жерлерді ұқыпты ұстап, өзгеге үлгі көрсетуде. Есепті кезеңде ардагерлер кеңесі тарапынан қала əкімінің алдына бірқатар өзекті мəселелер қойылып, олардың ретімен шешімін тауып жатқандығы да айтылды. Атап айтар болсақ, орталық саябақтағы «Кеншілер» ескерткішінің бұрынғы орнына қайта қойылуына, көшедегі ағаштарды суару үшін Тамды өзенінен су тартуға, типтік үлгідегі əжетханалардың құрылысын жүргізуге, бұрынғы пошта ғимаратының орнына тазалық жұмысын жүргізуге, Ə.Молдағұлова көшесі бойындағы газет-журналдар сататын дүңгіршектің жұмысын қайта қалпына келтіруге шаралар қолданылды. Ардагерлерді Түркістан облысы мен Тараз қаласындағы тарихимəдени орындарды аралату, аудандық орталық ауруханадағы қызмет көрсету сапасын көтеру жəне палаталарға айна, киім ілгіш қою сынды мəселелерді ретке келтіру жөнінде нақты ұсыныстар шешімін табуда. Қаланың эмблемасын қалыпқа келтіру, тұрғындар үшін орталық саябақта тұрақты əуен ойнап тұруға арнайы құрылғы орнату, ауруханада ем алып жатқандарға ортақ теледидар қою сынды өтініш-тілектерді іске асыру жөніндегі қойылған мəселелер күн тəртібінде тұр. Атқарылған жұмыстарға жиынға қатысушылар тарапынан қанағаттанарлық деген баға берілді. Конференцияда сөз сөйлеген ардагерлер М.Құдайбергенов, Ш.Бейсенов, Д.Русаловский, Л.Пак, Б.Əбілханов жəне қала əкімінің орынбасары Р.Өміралиев қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты пікірлерін білдірді. Есеп беру-сайлау конференциясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Əсемов сөз сөйледі. Конференцияда қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы 15 белсенді ардагерлерден таңдалды. Делегаттардың қатысуымен өткен төралқа отырысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Арыстан Байходжаев қайта таңдалды.
Икрам СҮЛЕЕВ, Қаратау қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)