ЕЛІН-ЖЕРІН СҮЙГЕН АЗАМАТ

Еңбекпен есейіп, білімділігімен белестерді бағындырған, еліне елеулі қызмет жасаған, заманы бір азамат, Қылышбай ауылының тумасы Мақсат Сейдалиев. Ол ауданның 60 жылдық мерекесіне орайАлматы қаласындағы «Мирас» баспасынан «Мойынқұмның дара жандары» атты 720 беттік кітабын шығарды.
Елін-жерін сүйген азамат Мойынқұм өңірін зерделеп қатпар-қатпар қапталған тарихи деректер көзін ашқан екен. Қазақта «Жасында байқары жоқтың, қартайғанда айтары жоқ» деген аталы сөз бар. Айтары бар азаматтың жастайынан көп нәрсеге көңіл бөлгені, көнекөз қариялар әңгімесін жадында сақтағаны, көрген-білгенін ойға түйіп, жүрегіне тоқып есейгені жазбаларынан көрініп тұр. Ойға түйгенді жаза білу әркімге бұйыра бермейтін дарын.
Кітапта Мойынқұм тарихын әдеби көркем тілмен жазған. Бояуы қанық, жазу мен суреттер анық, таза басылған. Бояуды ұтымды көркем қолдана білген «Мирас» баспасына рақмет.
Кітаптан Мойынқұмның даму кезеңін, ауыл мекеме шаруашылық құрылымының даму сатысын, сол заманда жұмыс атқарған азаматтарды оқып білесіз. Батырлар, би-болыстар, әр кезеңнің басшылары мен бүгінгі таңның жаңа адамдарының өмір жолымен танысасыз. Өз басым көптеген тың деректер алдым. Шыны керек білгенімнен білмейтінім көп екен. Және де банк тарихында қолтаңбасы қалған көптеген азаматтарды еске түсірдім.
Қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Тарих өткенге емес, бүгінгі болашаққа қызмет етеді» деген сөзі бар. Иә, тарих бізге қызмет жасап жатыр. Біз сол ата-бабалар салған сара жолмен әдеп-салтымызды сақтап, болашаққа қызмет жасап жатқан тарихтың бір бөлшегіміз.
Ғалым ағартушы, тіл танушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов «Біздің заманымыз – өткен заман баласы, келер заманның атасы» деген екен. Ойланып қарасаң Мақсат Сейдалиев өткен ғасыр заманының баласы, бүгінгі күннің атасы болып тұр ғой. Өз жерінің тарихын, көріп білгенін, естігенін ұрпаққа жазып қалдыруды аталық парыз деп санаған шығар. Түсінген адамға болашаққа дайын сара жол, ой-танымы бар ұрпақ осы жолды жалғастырып келешекте жаңа тарих жолын жазар деген үміттемін.
Құрметті оқырман, ағайындар! Кітапты алып оқыңыздар, ой қосыңыздар. Өз азаматымыз өз тарихымызды жазған екен, адамның еңбегін бағалай білу адамдықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін бар азамат жақсы ой-пікірде болады деген ойдамын. Мақтан тұтар кең байтақ жеріміз, ардақ тұтар еліміздің тарихын білгенге не жетсін. Ата-баба аманатын арқалап сара жолмен келеміз. Болашағымыз жарқын, заманымыз баянды тұғырлы болсын. Ауданымызды, ауылымызды, азаматтарымызды игілікті ісімізбен жақсы сөзімізбен қолдап қорғайық. Ауданның 60 жылдық мерекесі сәтті өтсін. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Ойдан туындаған өлең сөзіммен, көңілдің пікір сезімін аяқтайын.
Елін, жерін сүйген азамат,
Ұрпаққа қалдырып аманат.
Мойынқұм өңірін зерделеп,
Жазыпты тарихты ғаламат.
Мойынқұм өңірі тұнған шежіре,
Хан туы тігілген Хантау төріне.
Батыр мен билердің ерлігі мен ісіне,
Куә болған Мойынқұм жері бұл.
Мойынқұмның өмірден өткен дараларын,
Бүгінгі таңның жаңа адамдарын.
Табасыз Мақсат Сейдалиев кітабынан
«Мойынқұмның дара жандарынан».
Бағзы заманнан бастапты,
Таныстырып би-болысты ардақты.
Білдім талай адамның,
Ұрпағы екенін әулие аруақтың.
Қол таңбасы есте қалған,
Көп адамды еске салдың.
Көп рахмет сізге Мәке!
Өткендерді еске алған.
«Сөздің ең ұлысы – тарих» деген,
Тарихты жасайтын халық екен.
Оқысаңыз ағайын бұл кітапты,
Білесің ел мен жердің тарихын сен.
Мақтанамын ауылымның даңқымен,
Мақтанамын кең пейіл халқыммен.
Мақтанамын азаматымен ауылдың,
Тарихын жазған аудан халқының.
Жібек МӘЗБАЙҚЫЗЫ,
Мойынқұм ауылы.
Обсудить
Блок в статье:
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
Кітап фестивалі
17 апрель 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)