Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАРДЫ КІМДЕР АЛЫП ЖҮР?

ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАРДЫ КІМДЕР АЛЫП ЖҮР?

30 январь 2024, Вторник
76
0
Кейінгі жылдары «Құрметті» деген сөздің қадірі қашты ма, жоқ әлде заман ағымына қарай саясат солай бейімдеді ме, әйтеуір екінің бірі осы атаққа құмар бола бастады. Қазір не көп, атақ көп. Тізе берсең, саусақ жетпейді. Құрметті деген «қадірлі» деген нұсқалы сөзден құралатын атақты оңды-солды әр нәрсеге жапсырып, қадірін қашырып алған сияқтымыз. Неге десеңіз, «Ауданымызға сіңірген еңбегі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Ауданның Құрметті азаматы», «Облыстың Құрметті азаматы» сынды қаптаған атақтардан бас айналады. Осыған қарап-ақ сағат сайын өзгерген заманда атақсыз болашақ жоқ па деген ойға қаласың.
Сөз құдіретіне басымызды иген қазақпыз ғой, таңдап алып біразын «Құрметті ардагер», «Құрметті азамат» деп айрықша бөлектегенде басқалардың барлығы құрметсіз болғаны ма, деген ойға қаласыз? «Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда?» деген дана Абайдың аталы сөзі еске түседі. Ауыр да болса осы ғақлия күні бүгінге дейін мәнін жоғалтқан емес. Кейінгі кезде атақ қуалайтын, онысына еш шімірікпей, өзін лайықты санайтын жасы бар, жасамысы барлардың қарасы көбейіпті. Өмірбаяндарына мейлінше қоюлатып көрсетіп, «төсбелгі» алуға құмартатындардың қатары жыл сайын артып келеді. Төсбелгі деген марапатты қазір кез келген шеберханадан жасайтын болды. Ал осы «Құрметті азамат», басқа да толып жатқан атақ - марапаттарға ниеттілерді елге сіңірген еңбегі бар ма, жоқ па, қоғамдық кеңестер, ақсақалдар кеңестері, әкімдіктерден құрылған комиссиялар өзара кеңесіп, бір-бірінің ұсынғандарын қоштап-қолпаштап, мақұлдап жіберетін болды. 
«Қызметтің құлағын ұстағандар бүкіл экономикамыздың өрлеуіне атсалысып, жан-тәнімен жұмыс істеген болып, ал қарапайым кәсіп иелері қол қусырып қарап отырған ба?» деп өмірінің 40 жылын құрылыста дәнекерлеуші кәсібіне арнаған Әлібай Дүмшебаев есімді жерлесіміз, өз ойын білдірді. Төле би ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Әбдібек Ормановтан «осы атаққа неге қарапайым еңбек адамдары ұсынылмайды?» деп сұрағанымызға ол кісі мандыртып ештеңе айта алдмады, «Көзіміз көрген соң айтамыз, атақты тек бұрын қызмет істегендер мен аудан әкімдігіне орынды-орынсыз кіріп-шығып жүретін қариялар ғана алады?!», – деп 35 жыл пошта байланысында жұмыс істеген Нұрлыхан Қомытов та өз ренішін айтты. 
Атақ дегеннен шығады. Соңғы кезде бірер жыл қызмет істеп кеткен әкім-қараларға осы атақты іліп жіберетін әдет пайда болды. Көз көріп, құлақ естіп жүргеннен кейін оған нақты дәлел де бар. Басқа қызметке ауысып кетіп жатқан әкім қаралардың «Құрметті азамат» атағын иемденіп жатуы тіптен жараспайтын - ақ тіршілік. Атын атап, түсін түстейтін болсақ, әңгімеміз біразға жалғасып кететін түрі бар. Халықтың мысқылын тудыратын мұндай жалпақ шешейлікті меніңше қоятын уақыт жетті.
Қазақ десең өзіңе тиеді. Бізде «көңілжықпастық» деген дерт бар. Ел жаңарып, заман дамып жатқанда еселі еңбегімен, өнертапқыштығымен, білім - сауатымен көш басында жүрген жігіттер мен қыздарымыз неге осы атаққа ұсынылмайды?! Мәселен, ауданымыздың атын әлемдік аренада дүркіреткен спортшы Батыр Жүкембаев бұл атаққа лайық емес пе?! Жастар жылы болып белгіленген 2019 жылы осы мәселені көтерген едік, ескерусіз қалды. 
Мұндайда «Жеміс ағашынан мол мәуе күтем десең, түбіне су құюды ұмытпа» деген шығыс нақылын жадымыздан шығармағанымыз жөн.

Мэлс БЕЙСЕМБАЕВ,
Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Шу ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

АТАҚҚҰМАРЛЫҚ АЛЫСҚА АПАРМАЙДЫ
30 январь 2024, Вторник
АТАҚҚҰМАРЛЫҚ АЛЫСҚА АПАРМАЙДЫ
Өнердің өз адамы
28 май 2021, Пятница
Өнердің өз адамы
КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ҚАСИЕТІН КЕТІРМЕЙІК
28 сентябрь 2023, Четверг
КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ҚАСИЕТІН КЕТІРМЕЙІК
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры