Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ҚАСИЕТІН КЕТІРМЕЙІК

КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ҚАСИЕТІН КЕТІРМЕЙІК

28 сентябрь 2023, Четверг
142
0
Соңғы кезде өздерін қоғам қайраткерлері қатарына қосып, естелік кітаптар жазатындар көбейіп кетті. «Кітап деген қасиетті дүниені рәсуә етіп, түшкіргеніңе дейін жазып, не болса соны естелік қылып өзгеге айтқаның кімге керек. Неңді айтып үлгі болғың келеді? Сен сияқтылар көп қой мына қоғамда. Сенің сол жазған шатпағыңды кім оқиды, ең әуелі өз балаларың қолына ұстай ма екен?!» дегім келеді сол жазғыштарға. Алпыстан асқан соң өз өмірбаянын өзгеге үлгі еткісі келіп, арқасы қозатын жазғыш ағалар бірауық ойланса жөн болар еді. Бұдан екі-үш жыл бұрын аудан ақсақалдары алқасының төрағасы бастап, жер -жерден құралған қиқым билер қоштап «ауданымыздың өткені мен өркендеп өскенін көрсетіп кейінгіге кітап қалдырайық» деген сықылды ұйғарым жасап жазған кітапты саралап көріп пұшайман күйге түстік.Көркем сөздің құдіретін теріп жазатын көркем әдебиеттің босағасын бәдәуи сөзбен былғамай,қараөлеңнің қасиетін кірлетпей, кітап деген құрметті бұйымға тоқсан түрлі електен өткен тағылымды оқиғалар жазылса құба-құп болар еді. Әлі ата-әже жасына жете қоймаған «еңбек өрендері» мен «құрметті азаматтардың» көптігі қайран қалдырды. Кітап құрастырушы авторлардың жанұялық альбомы іспеттес етіп құралған кітаптан не оқып, не түсінгенімізді білмей дал болдық. Соңғы кезде етек алып бара жатқан жалған намыс пен жершілдік, рулық мақтанышты желеу етіп кітап жазатын үрдіс пайда болды.Өткен заманның біртуар заңғар ақыны Сұлтанмахмұт Торыайғыровша айтсақ:
Бұл кітап сатып алсаң қазына мал,
Көрсетті жазып бізге ақсақал шал.
Оқып біл құда- жекжат, туысымды,
Ішінде анадай бар, мынадай бар - деп заманына қарай өзгерген өлең шумақтары өзінен өзі тілге оралады.Не дейміз,отбасы,туыстар,көршілер, қызметтестер, деп әр бөлімге екшеліп терілген «ерен еңбектің батырларынан» құралған қалыңдығы жуан екі елі болатын 300 беттік кітапқа кеткен есіл қағаз - ай дейсің ғой баяғы.  «Тегінде ақиқатты ашық айту үшін,кейде алдағы үлкендердің ағалығына да, биік беделіне де жалтақтамай тура сөйлеуді қашан үйренер екенбіз» деп ашынған халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев та өз заманындағы келеңсіздіктерге ренішін білдірген. «Қазір нарық заманы. Кім жер қазады, кім кітап жазады  ерік өзінде.Шын көркем кітап сирек.Ал, халтуралар көдеден көп.Ақшаң көп болса,еріңді де, есегіңді де мақтап жаза бер. Ерік өзіңде», – деп Шерағаң да өкінішін білдірген Өзіміз куә болған соң, Шерағаның сөзіне қалай қосылмайсың. Күн сайын өзгеріп  жер әлемді  алақандай телефонға сыйғызып жіберген өнер мен ғылымның заманында бұрынғы гөй-гөйдің кейінгі буын ұрпаққа керегі шамалы екенін білген жөн. Кітап деген қасиетті рухани құндылыққа аталы сөз бен өнегелі істерді сұрыптап барып енгізсе ғана әр үйдің сөресінен  орын алары сөзсіз.Сондықтан кітап жазуды ермек ететін жазғыштар бірауық ойланса деймін.

Меліс БИСЕМБАЕВ,
Шу қалалық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

САЯБАҚТАРДЫ САҚТАЙЫҚ
08 июнь 2023, Четверг
САЯБАҚТАРДЫ САҚТАЙЫҚ
Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
Сексен жеті жастағы салымшы
01 июль 2022, Пятница
Сексен жеті жастағы салымшы
КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ЖАН
01 июль 2022, Пятница
КӨРКЕМ МІНЕЗДІ ЖАН
Көкем мінезді жан
31 май 2022, Вторник
Көкем мінезді жан
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры