Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

07 февраль 2025, Пятница
46
0

 Жамбыл теміржол және коммуникация колледжінің мәжіліс залында "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" атты іс-шара өтті.
    Іс-шараға еңбек ардагерлері, колледж оқушылары мен олардың әкелері және осы колледжді бітіріп  қазіргі уақытта  мамандықтары бойынша еңбек етіп жүрген  бұрынғы түлектері қатысты.
   Іс-шара барысында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған  әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев, колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы ұстазы, полковник Болысбек Көшербаев, дәнекерлеу мамандарын дайындау пәнінің ұстазы Александр Адам және  ардагерлер мен іс-шараға қатысушы әкелер сөз алды.  Олар ұлт құндылықтары, салт-дәстүрлердің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы, отбасының негізін нығайту,  бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар  жиналысқа қатысқан әкелерді  отбасы құндылықтарын нығайтуға, балаларын заманауи талаптарға сай білім алуға және тәрбиелеуге, ал жастарды отансүйгіштікке, жаңа техника мен технологияны игеруге, мамандықтары бойынша кәсіпке бейімделуге, әділеттілікке, адал еңбек етуге шақырды. Жиында сөз алған ардагерлер жастардың өмір және еңбек жолдарында Қазақстанның белгілі де беделді азаматтары болуларын тілеп ақ баталарын берді.  Жиналысқа қатысушылар іс-шараны  ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға алғыстарын білдірді. 

                                                                                         Облыстық ардагерлер кеңесі.
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
"Отбасындағы әкенің рөлі"
Жастарға дұрыс бағыт-бағдар
20 декабрь 2024, Пятница
Жастарға дұрыс бағыт-бағдар
75 жас мерей той
13 январь 2025, Понедельник
75 жас мерей той
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры