Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » "Отбасындағы әкенің рөлі"

"Отбасындағы әкенің рөлі"

26 декабрь 2024, Четверг
40
1
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің және Ғ. Мұратбаев атындағы √17 орта мектебінің ұжымының ұйымдастыруымен  "Отбасындағы әкенің рөлі" тақырыбында форум болып өтті.
Форумның мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. 


Әдісі: Баяндама, ой қозғау.

Форумға қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің әкелер кеңесінің төрағасы С. Мыңбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің, білім саласы жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағасы Б. Жақсыбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің әкелер кеңесінің төрағасы С. Тотаев және ардагер ұстаз Б. Сапаров қатысып, ой бөлісті. Сонымен қатар форумға оқушылардың әкелері, жоғарғы сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.
Форумды Ғ. Мұратбаев атындағы мектептің директоры Кенесариев Сәбит Насырұлы кіріспе сөзбен ашып, форумның мақсаты мен міндеттерін атап өтті. Форумда кешкі мектеп директоры Б. Мұқанов пен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж. Айтуреев баяндама жасады. Ал, шақырылған қонақтар, мектептің ата - аналары  "Отбасындағы әкенің рөлі" туралы ой - пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын айтты. Тәрбиелік мәні зор болған іс - шарада отбасындағы әкенің рөлі, тәрбиесі кеңінен сөз болды. 
Форум барысында әке туралы әуендер орындалып, "Мың алғыс, Әке"  әнімен оқушылардың орындауындағы хормен жабылды.
"Ана - сая болар бағың болса, 
Әке - асқар тауың" дейді қазақ...
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн. 
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн. 
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
" Әке " деген сезімді ұмытар кім....?
Құрметті әкелер, отбасымыздың алдындағы мәртебемізді жоғары ұстайық!   "Әке- асқар тау" демекші, өз отбасымыздың асқар тауы болып, отбасыңызға, балаларыңызға, немерелеріңізге ,бауырларымызға үнемі көңіл бөліп, мейрімділігімізбен қайырымдылығымызды аямайық!


Малтабар Жаманбаев


Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі" 26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы» 26 декабрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители Сегодня, 02:28
Здравствуйте! Мы поможем списать Ваши кредиты и долги законно! У нас 12 лет опыта, и мы уже помогли более 5000 клиентам по всей России. Гарантия результата! Напишите нам в Телеграм для бесплатной консультации: https://t.me/Lovzeo
Сотрудники
Партнеры