3 ақпан — Балағат сөзге қарсы күрес күні!
Бұл күн әлемдегі барлық адамдарды бейпіл сөздер мен балағатқа қарсы күреске шақырады. Балағат сөздер тек тіл мәдениетін төмендетіп қоймай, сонымен қатар адамның психологиясына да әсер етеді. Әрқашан әдепті әрі мәдениетті сөйлеу — қоғамымыздың дамуына қосқан үлкен үлесіміз.
Әсіресе әлеуметтік желілерде және күнделікті қарым-қатынаста бейпіл сөздер жиі қолданылып жатыр. Қызықты жайтты жаза кетейін, әлемде боғауыз сөздердің саны бойынша ағылшын тілі көш бастаса, одан кейін голланд, ал үшінші орында орыс тілі тұр екен. Тіл тазалығы — қоғамның мәдениеттілігі мен сауаттылығының айнасы екенін ұмытпаған жөн үнемі.
Әр сөз — біздің дүниетанымымыздың бір бөлшегі, сондықтан қоғаммен қарым - қатынас кезінде ауызымыздан шығатын сөзімізді дұрыс айту өте маңызды. 



Обсудить
Блок в статье:
«Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі»
15 февраль 2025, Суббота
Ұлы Жеңіске тағзым
13 февраль 2025, Четверг
АУДАНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
12 февраль 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)