Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Сөзге тоқтаған халықпыз

Сөзге тоқтаған халықпыз

25 июль 2024, Четверг
60
0
«Тіл – ұлттың жаны, жан дүниесі» деп айтқан екен қазақтың ғұлама жазушысы Ғабит Мүсірепов. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» депті Дағыстанның ұлы ақыны Расул Ғамзатов. Бұның барлығын неге айтып отырмын? Бүгінде тілге байланысты әңгіме көп. Көп оқымағандықтан, кітаптардың, газет-журналдардың бетін ашпағандықтан ауыз-екі сөйлеу тіліміздің өзі бұзылып бара жатыр.
Қазақ – ежелден сөздің қадірін білген халық. Ата-бабаларымыз «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деп бекер айтпаған. Содан да болса керек топтың ішінен сөз бастаған шешендерімізді ел сыйлаған. Ел арасында билік еткен көсемдеріміз ең алдымен шешендік өнерді меңгерген.
Өкінішке орай бүгінде тауып сөйлегенді емес, айналасындағыларды қауып сөйлегендерді төрге оздыратын болып жүрміз.
Ең алдымен туған тілімізді ұлықтауға құлық керек. Әсіресе қоғамдық қызметте жүрген ардагерлер ұйымдарының белсенділеріне, билер кеңесінің мүшелеріне сөйлеу мәдениетін барынша меңгерген жөн ғой деп ойлаймыз. Бұл бағытта біздің аудандық ардагерлер кеңесі, билер кеңесі көптеген жұмыстар атқаруда. Біз билерді тіл өнеріне барынша машықтандыру бағытында біраз шараларды жүзеге асырудамыз. «Шешендік өнер – асыл қазына» деген тақырыпта басқосулар өткізіп жүрміз. Бұның бәрі жиылып, басқосу үшін керек емес. Билеріміз елдің алдында шешен сөйлей алуы керек. Біліктілік танытқандары жөн.
Егер екі ауыз сөздің басын құрап, дұрыс жөн сілтей алмай отырған кісі қалай би бола алады? Қалай елдің дауын әділетті шеше алады? Міне осы жағдайлар біздің үнемі назарымызда болуы тиіс. Біз қашанда сөзге тоқтаған халықпыз. Олай болса шешендік өнерге бейімделіп, сөйлеу мәдениетін көтеруге атсалысайық.
Қонақбай ҚАЛЖАНОВ, 
Талас аудандық билер кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі" 26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы» 26 декабрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Дара айтқан дана сөз
10 ноябрь 2021, Среда
Дара айтқан дана сөз
Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
Қазақ бол!
17 июнь 2020, Среда
Қазақ бол!
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры