Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСІ

ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕМІСІ

13 ноябрь 2023, Понедельник
134
2
Қазіргі қазақ қоғамында билерге үлкен міндеттер жүктелуде. Ел арасындағы болып жататын дау -  дамайлар мен өкпе - наздарды  шешуде олардың тіл байлығы мен шешендік өнерге бейімділігі үлкен маңызға ие. Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы облыстық билер кеңесі Тараз қаласы мен аудандардағы билер кеңестерінің мүшелерін шешендік өнерге бейімдеуде көптеген ұлағатты шаруалар ұйымдастыруда. Жақында Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында облыстық билер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Шешендік өнер – асыл қазына» атты «дөңгелек үстел» отырысы соған дәлел.
«Дөңгелек үстел» отырысын облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Қантайұлы Дәулетбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, қазіргі кезеңде біздің билер кеңестері мүшелерінің шешендік қасиетті жақсы меңгеруінің өзектілігіне тоқталды. «Дөңгелек үстел» отырысына модераторлық еткен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев сөйлеген шешендердің ойларын әдемі толықтырып, дамытып отырды.
«Дөңгелек үстел» отырысында облыстық билер кеңесінің төрағасы, «Парасат» орденінің иегері Оңласын Қарабайұлы Есіркепов «Шешендік өнер – асыл қазына» тақырыбында баяндама жасады:
– Шешендік өнер – халықтың даналығынан туған асыл қасиет, ол насихат сөздердің, өткір мысқыл мен жеңіл әзілдің жиынтығы. 
Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды. Есімдері күллі қазаққа әйгілі ділмәр шешендер көбінесе халық сенімін ақтап жүрген ақсақалдар мен беделді азаматтардан шығатыны кездейсоқтық емес. Белгілі қазақ шешендері Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы дау - жанжалдарды тіл көркемдігімен, тапқыр сөздерімен шешіп отырған.
Қорыта айтқанда, шешендік сөздер – негізінен халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы деп айтуға болады, – деп сөзін түйіндеді Оңласын Қарабайұлы.
«Көркем сөйлеу – жүйрік ойдың жемісі» тақырыбында сөз сөйлеген облыстық «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры - бас редакторы, Қазақстанның Құрметті журналисі Миллионов Жаңабай:
– Шешен де көркем сөйлеу – жүйрік ойдың жемісі. Олай болса, біздің билеріміздің басты қаруы көркем сөз, мағыналы әңгіме болуы керек. Шешендік сөздердің астарында терең ой жатыр. Қиядан жол, қиыннан сөз табу-шешеннің бағалы қасиеті, – деген ойлар айтты.
«Халық ауыз әдебиетіндегі шешендік өнер» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті Сәулет Медеубекқызы Шормақова мазмұнды баяндама жасады:
Ол адамдар арасындағы қарым-қатынаста шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсететіндігін, шешендік өнер қауымының заттық және рухани даулы мәселелерін реттейтінін атап көрсетті. Мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, сезімге әсерлі шешендік сөзді қазақтар «аталы сөз» деп мәртебесін көтерген.
Келесі кезекте облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары ретінде мен «Бөлтірік шешен Әлменұлы – қазақтың мақтанышы» тақырыбында баяндама жасадым.
Әсіресе, Бөлтірік шешеннің сөз өнеріндегі тапқырлығына жан - жақты тоқталып. Бөлтірік шешеннің Сыпатай батырмен қатар жүріп талай ортада шешендік қасиетін көрсеткенін айттым.
Шешендік өнерді асыл қазынамыз ретінде жастар арасында кеңінен насихаттап, мектептерде оқушылардың бойына сіңіру қажеттілігіне тоқталдым. 
Сонымен қатар, Тараз қаласы билер кеңесінің мүшесі, өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Абдурахман Юлдашұлы Зайнутдинов қазақ халқының бірегей шешендік өнері туралы өз ойын ортаға салды. Шығып сөйлеген «Orator-Taraz» белсенді даму коммуникациялар орталығының басшысы Әмина Рысбекқызы Қайназарова «Публичная речь: структура успешного выступления» тақырыбында (орыс тілінде) баяндама жасады.
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев «дөңгелек үстел» отырысын қорытындылай келіп, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің «Шешендік өнер – асыл қазына» атты бастамасын қолдап, одан әрі дамытуға тілек білдірді.

Талғат ЖҰМАБЕК,
облыстық билер кеңесі төрағасының
орынбасары.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

БИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ
25 август 2022, Четверг
БИЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ БЕЛСЕНДІ
Құттықтаймыз
08 декабрь 2021, Среда
Құттықтаймыз
БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР
08 июнь 2023, Четверг
БАТАЛЫ ЕЛГЕ БАҚ ҚОНАР
Добавить комментарий
Комментарии (2)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Cary
Cary Гости 26 сентября 2024 01:53
replica bags online kb542,replica bags,replica handbags ue708
Gertie
Gertie Гости 27 сентября 2024 02:41
fake bags yl814,replica bags,fake bags hc372
Сотрудники
Партнеры