Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БҮГІНГІНІҢ БИЛЕРІ СӨЗ ӨНЕРІН МЕҢГЕРГЕН БЕ?

БҮГІНГІНІҢ БИЛЕРІ СӨЗ ӨНЕРІН МЕҢГЕРГЕН БЕ?

29 апрель 2024, Понедельник
90
0
Шешендік сөз өнері – ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан асыл қазынамыз, ұлттық құндылықтарымыздың бірі де бірегейі болып табылады. Егер сөз құдіретін ұғынатын, сөз қадірін түсінетін бірден бір халық болса, ол қазақ ұлты екендігінде ешқандай дау жоқ. Өйткені, ата - бабаларымыз ұрпағын бір ауыз сөзбен тәрбиелеп, тентегін бір ауыз аталы сөзбен тезге салып, тоқтата білген.
 Осыған орай, жуырда Т.Рысқұлов аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің, билер кеңесінің және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шешендік өнер – асыл қазына» атты «дөңгелек стол» отырысы болып өтті. Шымылдығы кітапханашы Гүлжамал Жарқынбаеваның орындауында «Майлықожаның термесімен» ашылған іс - шарада кітапханашылар шешендік сөздерді жатқа айтса, кітапханасының тұрақты оқырманы Қуанышбек Алдияр өсиетке толы жыр шумақтарымен көпшілікті тәнті етті. Сонымен бірге мақал - мәтелдер мен шешендік сөздер жинақталған кітап көрмесіне шолу жасалды. 
 Толғақты ойлар тоғысқан ашық пікір алысуда қатысушылар шешендіктің қыры мен сыры, оның қазақ тарихындағы алатын орны, жанрлық ерекшеліктері, бұл өнер туралы ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдары, қазақ топырағында туған шешендер мен билердің өмір жолдары және ежелгі Құлан өңірінен шыққан билер мен шешендер жайлі өз білгендерін айтып, бұл өнердің қоғамдағы атқаратын ролі жайлы кеңінен әңгімеледі.
 Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, қадірменді қария Райзо Шәділбеков Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке бидің өсиет сөздерінен мысал келтіріп, тағылымды әңгіме өрбітті. Сондай - ақ, Құлан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Берік Әліпбаев, аудандық билер кеңесінің мүшелері Асқар Бектенбай, Серік Өтегенов, Жамбыл Назарбеков, еңбек ардагері Тәліпбек Шақбаев, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Мереке Айнақұлов шешендік өнер тағылымдары, өсиет сөздердің қасиеті жайлы ой - пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, Жамбыл Назарбековтың ертеде өткен билердің төрелігі жайлы айтқан тұшымды әңгімелері жиналғандарды ерекше әсерге бөледі. 
 Жиын соңында шешендік өнердің ұлылығын ұлықтап жүрген, Құлан өңірінің аузы дуалы қариясы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов жылы лебізін білдіріп, өсиетке толы, тағылымы мол бата беріп іс - шараны қорытындылады. 

Тұрсынхан ЖАМАНБАЕВ
Т.Рысқұлов аудандық билер кеңесінің төрағасы 
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры