БЕСІКТЕ ТЕРБЕЛСЕ ЕКЕН ҰРПАҒЫМЫЗ
Қазақ – дана халық. Әр нәрсеге тереңнен мән берген. Ұрпақ тәрбиесіне де ерекше назар аударған. Баланы бесікке бөлеудің өзінің ұлағаты өз алдына. Бесіктің сәбидің өсіп - жетілуіне пайдасы өте зор болған. Бесікте жатқан баланың тазалығы мен ұйқысының тыныш болуы өз алдына, нәрестенің табиғи өсуіне де әсері мол. Біз өзіміз де ана болып, құрсақ көтердік. Сондықтан, сәбидің жетілу жағдайынан хабарымыз бар. Бір білетініміз – сәби ана құрсағында жатып-ақ тербеліске түседі. Алайда, өмір есігін ашқан соң, жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан, оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыруға бесіктен ыңғайлы затты таппайсыз. Өкінішке қарай, қазіргі таңда көптеген жас келіндер баланы бесікке бөлеуге ерініп, памперсті күндіз –түні қолданатын болып жүр.
Түрлі ақпараттарға құлақ түріп жүретініміз бар. Дамыған елдерде озық ойлы дәрігерлер памперсті қолдануға қарсы акциялар ұйымдастырып, жасанды жаялықты да қолданысқа жолатпай жатыр. Олар бұл бұйымдардың барлығы нәрестенің денсаулығына зиян екенін айтып, дабыл қағуда.
Ал, бесіктің ғасырлар бойы қалыптасқан пайдалы жағы өте мол. Бесікті тербетіп отырып жыр айтқан аналарымыздың жылы мейірімі балаға дарып, оң әсер еткені даусыз. Бесік алып жүруге де ыңғайлы зат. Баланың тазалығына әсері мол. Түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза болуына және сәбидің жайлы демалуына әсер етеді. Үй шаруасымен айналысатын жас келіндерге де бесік өте қолайлы. Баланы бөлеп қойып, бір сәт үй жұмысына да көңіл бөле алады.
Бір сөзбен айтқанда баланы, бесікке бөлеудің маңызы зор. Бұрынғы аталарымыз бен әжелеріміз осыны білді, түсінді. Сондықтан, ұрпағы мықты, шымыр, қайсар, төзімді болып өсті. Оны естен шығармаған жөн.
Осыдан сәл ертеректе бесікке қатысты бірқатар оқиғалар болған. Әкесі сәби кезінде бөленген бесікке арада жылдар өткенде баласы бөленіп жатқан жағдайлар да бар. Бұл – әке мен бала арасын одан сайын жалғайтын құндылық.
Бірақ, қазіргі таңда әр жас отаудың тұңғыш перзенттері өмірге келген сайын бесік апару дәстүрге айналды. Ол – бұрыннан бар дәстүр. Қазіргі таңда соны мейрамханада өткізу, шашылып - төгілу белең алды. Қазір өзі қит етсе, кафеге қарай жүгіретін әдет таптық. Оның артық шығыны да шаш - етектен болып жатыр. Пайдасы да шамалы.
Меніңше, бесік әкелу мен бесікке салу әркімнің өз үйінде өткені дұрыс. Ол құдағилардың арасын да жақындата түседі. Бір сөзбен айтқанда, бесікке бөлеудің жақсы әсерін айтып тауыса алмаймыз. Аталарымыз бөленген, өзіміз тербелген бесіктің бағасына құн жетпейді. Осы жағын назарда ұстаған жөн.

Нұрбала ТАСЫБАЕВА,
ардақты ана,
Талас ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)