Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау
Бекболат МҰҚАНОВ, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:– Республика Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгі қағидасына сәйкес жұмыс жүргіземіз. Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету-мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Бүгінгі пленумда Еркінбек Солтыбаев және жекелеген ардагерлер тарапынан болған сын-ескертпелерді, ұсыныстарды өзіміздің күнделікті қызметімізде ескеретін боламыз. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша сауықтыру орындарында қарт адамдарды демалдырудың икемді жүйесін қалыптастыру бойынша Үкімет алдына нақты ұсыныстарымызды жолдадық. Бір нәтиже болады деген ойдамыз. Облыстық басқарма облыстық ардагерлер кеңесімен, тиісті аудандық бөлімдер аудандық ардагерлер кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс атқарып бермекші.
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)






