Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Культура » ДӘСТҮРГЕ БЕРІК АНАЛАР

ДӘСТҮРГЕ БЕРІК АНАЛАР

13 июнь 2024, Четверг
61
0
Талас аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы аналар алқасы мүшелерінің  бастамасымен ауданда алқалы жиын өтті.  «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің осы аудандағы филиалының құрылуына арналған басқосу ұйымдасты-рылды. Бұл қоғамдық қозғалыстың  құрылғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Ұлттық болмысымыздың  жаңғыруына бұл ұйым үлкен ықпалын тигізіп үлгерді. Бүгінде бұл жоба еліміздің аймақтарында ерекше қолдауға ие болып, барлық өңірлерде филиалдары ашылуда.«Қазақ аналары – Дәстүр-ге жол» республикалық бірлестігі өмірге  қадам  басқан осы уақыт ішінде ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, насихаттауды жаңа да ұтымды арнаға салып, белгілі бір деңгейге көтерді. Халқымыз «Руыңды тәрбиелегің келсе ұлың-ды, ұлтыңды тәрбиелегің келсе қызыңды тәрбиеле»  дейді. «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» ұйымның  өз мойнына алған миссиясы осы даналық ойдан бастау алады.
Яғни, ұйым мақсаты – ұлт дәстүрін  жаңғыртудағы әйел-ана рөлін көтеру арқылы ұлттың баянды, кемел болашағын қамдау. Еліміздің төрт бұрышындағы аймақтарда, аудандарда, тіпті ауылдарда қана-тын кеңге жайып, өз қатарына қазағымыздың бала қызынан дана әжесіне дейін тартып жатқан ұйымның тағы бір отауы Талас ауданында да құрылды. Ауқымды шараға аталмыш бірлестіктің Жамбыл облыстық филилының өкілдері мен Сарысу,  Т.Рысқұлов, Меркі және Байзақ аудандарынан арнайы келген аналар мен қыз-келіншектері қатысты. Ең алдымен кимешек  киген ақ жаулықты аналар орталық алаңға жиналды, Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары дайында-ған концерттік бағдарламаны тамашалады, аудандық тарихи- өлкетану музейін аралап, Талас топырағының тарихымен танысты. Сәні мен салтанаты келіскен кимешекті әжелердің шеруі осы орталық алаңнан бастау алды. Орталық көшені жаяулата жүріп өткен шеруге қатысушылар халық әндерін әуелете орындап «Батырлар алаңына » жетті. Батырлар аллеясын тамашалаған қонақтар мұнан соң ұлтымыздың біртуар тұлғасы Д.А. Қонаевтың мұражайына атбасын бұрды.  Ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Алдағы уақытта республикалық қоғамдық бірлестіктің аудандық филиалы аудандық аналар алқасымен тығыз бірлікте тәрбие жұмысы саласында тың бастамалар көтеріп, игілікті істердің бел ортасынан табылады деген сенімдеміз.
Жұмабек ӘСЕМОВ,
Талас аудандық ардагерлер 
кеңесінің төрағасы


ӘЖЕЛЕР ӨНЕРІМЕН КӨПТІ СҮЙСІНТТІ
Аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің және мәдениет үйінің бірлесе ұйымдастыруымен «Дәстүрімнің бал қаймағы – әжелер» деген тақырыпта аймақтық байқау өтті. Әжелердің шеберлік сынына 17 ауылдық округтен 81 жасқа дейінгі саусағынан өнер тамған 58 әже қатысып, өздерінің дәстүрге адалдықтарын көрсетті.
Байқау ережесі бойынша «Сәлем – сөздің анасы», «Өнерлі өрге жүзер» отбасылық өнер сайысы өтіп, әжелер ұршық иіруден және қазақы нақыштағы киім үлгілерін көрсетуден бақ сынасты.
Аудандық мәдениет үйінің үлкен залына лық толған көрермендер он саусақтарынан өнер тамған әжелердің шеберліктеріне дән риза болды.
Өткеніміздің өнегесін дәріптеп, өнерлерін паш еткен Қызылсай ауылынан келген Айсара Жақыпова бас жүлдені жеңіп алса, Қарасу ауылынан келген Есенкүл Дәуітқұлова бірінші, Қаракемер ауылынан келген Жұмахан Әлімжанова екінші, Қордай ауылынан келген Зинакүл Сыбанова мен Әлжан ана ауылынан келген Қорлықайын Жоламанова үшінші орындарды иемденді. Байқауға қатысқан барлық әжелер құрметтен құр қалған жоқ, оларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. 
Біржан ӘЛІМБЕТ,
Қордай аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы

Бақытын қазақ жерінен тапқан
Жақында облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы мәдениет және жастар істер жөніндегі тұрақты комиссия атынан Тараз қаласында тұратын 9 баланың анасы, сталиндік зұлмат саясатының құрбаны, 1943 жылы Кавказ жерінен Жамбыл облысы аумағына еріксіз жер аударылып келген, бақытын қазақ елінен тапқан 90 жастағы Супият Рамазанқызы Тілеубаева әжеміздің отбасына барып, ол кісімен әнгіме-дүкен құрдық.
Ұл-қыз өсіріп, олардан ондаған немере-шөбере сүйіп, ұрпағының қызығына бөленіп отырған әжеміз әлі тұғырынан тая қоймапты. Өткен өмірі туралы әнгімелеп, қазақ халқының басынан өткен небір қиын кезеңдері, қазақ халқының бауырмал, кеңпейіл қасиеттері жайлы тебірене айтты. Тәуелсіз еліміздің қазіргі ұрпағының шат-шадыман өмір сүріп жатқан бақытты тұрмысы туралы тебіренді.
Біз Супият Рамазанқызы әжемізге құрмет көрсетіп, облыстық ардагерлер кеңесінің атынан басына шәлі орамал жауып, камзол кигіздік. Алтын құрсақты ана бізге ақ батасын берді.
Исмаил ХАДЖИМҰРАТОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы
мәдениет және жастар істері жөніндегі
тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры