ӘУЛИЕАТА ӘЖЕЛЕРІ – ТӘЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
Өткен аптаның қасиетті жұмасында «Баласағұн» орталық концерт залында ақ шағаладай ұлттық киім киіп, кимешек таққан мыңнан аса облыстың ардақты әжелері бас қосып, алқалы жиын өткізді.
Жиынды ашып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі аппаратының жетекшісі Лесбек Ілебаев Жамбыл ауданы, Аса ауылының ардақты анасы 11 бала тәрбиелеп, 57 немере, 13 шөбере сүйген Мәйкөн Доспанбетоваға, Меркі ауданы Ойтал ауылынан келген 10 бала өсіріп, 32 немере, 22 шөбере сүйген Күлсағат Айылшиеваға, Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауданынан келген 10 бала өсіріп, 48 немере, 92 шөбере, 4 шөпшек сүйген Анипа Байтиеваға, Жуалы ауданы Қарасаз ауылынан келген аналар алқасының төрайымы Айткүл Омароваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін тағып, Абайдың әжесі Зеренің рөлін сомдаған Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрсипат Салықоваға, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының аналар алқасының төрайымы Раушан Жетібаеваға, Тараз қалалық аналар алқасының төрайымы, ғылым докторы, профессор Жанат Сарыбековыаға, Шу аудандық аналар алқасының төрайымы Айжан Имановаға облыс әкімінің Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда тапсырды.
«Аялы әже» форумында құттықтау сөз сөйлеген облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев Сарысу ауданы, Саудакент ауданынан келген 10 перзент өсіріп, 22 немере, 14 шөбере сүйген Қызманат Дүрмановаға, Қордай ауданы Қордай ауылынан келген 12 бала өсіріп, 53 немере мен 23 шөбере сүйген Алтынкүл Рысдаулетоваға, Мойынқұм ауданы Бейназар ауылынынан келген ардақты ана Серікгүл Қыдырбаеваға облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасын, Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық аналар алқасының төрайымы Ұланбике Сейдуалиеваға, Қаратау қаласынан келген білім саласының ардагері Айнагүл Абілқапқызына, Меркі ауданы Жаңатоған ауылынан келген денсаулық сақтау саласының ардагері Бақыт Аманжоловаға, Шу аудандық аналар алқасының мүшесі Дәнен Бейсенбаеваға Жамбыл облыстық мәслихатының Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыс етті.

Келесі кезекте сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Жамбыл аудандық аналар алқасының төрайымы Гүлмира Бектенбаеваға, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының аналар алқасының төрайымы Жанаш Серғазинаға, Байзақ ауданы Шахан ауылынан келген 14 бала өсіріп, 54 немере 64 шөбере сүйген ардақты ана Пернекүл Шүкіроваға, Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылынан келген ардақты ана Ырыскүл Сметоваға, Сарысу ауданы Жаңаталап ауылынан келген 11 бала, 30 немере, 16 шөбере сүйген ардақты ана Тәуіржан Ысмайыловаға, Тараз өңірлік универсиетінің кафедра меңгерушісі, профессор Айгүл Қабиеваға, Қаратау қаласы аналар алқасының төрайымы Баян Жилібаеваға, Шу қаласынан келген білім саласының ардагері Ұлбосын Жаппасбаеваға, Тараз қаласы аналар алқасының мүшесі, прокуратура саласының ардагері Күлзипа Әбдірахмановаға, Мойынқұм ауданы, Биназар ауылдық аналар алқасының төрайымы Гүлжахан Дүйсекешоваға Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасын, Тараз қаласынан Ленин орденінің иегері, 5 бала өсіріп 12 немере сүйген Марифиат Азизоваға облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын тапсырып, олардың әже және ана ретінде ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектерін жоғары бағалады.
«Аялы әже» аймақтық форумына қатысушылар алдында сөйлеген шешендердің сөздері төменде қысқартылып жарияланып отыр.

«ТАПТЫРМАС ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ» Облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек ІЛЕБАЕВТІҢ сөзі:
Қасиетті Әулиеата өңірінде алғаш рет өтіп жатқан «Аялы әже» форумында өздеріңізбен жүздескеніме қуаныштымын. Қазақ қоғамында ананың алатын орны ерекше әрі қадірлі. Себебі, ана - отбасының ұйытқысы. Бүгінгі қоғамда әжелерді таптырмас тәрбие мектебі десек артық айтқанымыз болмас.
Дүниеге келген сәбиді көзін ашқаннан құшағына алып, бесік жырымен әлдилеп, ертегі-жырларымен сусындататын әженің орны қашан да бөлек. Сондықтан бүгінгі іс-шараны ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңіру мен жастар тәрбиесіне зор ықпал тигізетін керемет жоба деп білемін.
Жамбыл өңірі - ұлттық дәстүрді ұлықтаған киелі мекен. Бүгінде Жамбыл бабамыздың атын иеленген өңіріміздің әрбір жетістігі, ынтымағы мен бірлігі қоғамға өзіндік өнегесін көрсетіп отырған аяулы әжелеріміздің, қадірлі ел ағаларымыздың жанқиялық еңбегінің деп нәтижесінде мүмкін болуда.
Еліміздің болашағы, ұрпақ тәрбиесі – отбасында қалыптасады. Ал отбасы бақытты болса, еліміздің келешегі де жарқын болады. Сонда ғана біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл - бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық - парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі.
Ұлттық құндылықтарымыздың сақталуына, жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алуына, ел халқының бірлік пен ынтымақта өмір сүруіне сіздердің қосқан және қосатын үлестеріңіз ұшан-теңіз.Бүгінде облыс бойынша құрылған 162 аналар алқасының құрамындағы 700-ге жуық аналар игілікті істерге ұйытқы болып, белсенді жұмыс атқаруда.
Облыстық ардагерлер кеңесі аталған ұйымның жұмысын жаңаша үлгіде жүргізуге атсалып келеді. «Анаға тағзым» орталығында тұрғындарға арналған мән-мағынасы мол шаралар мен қолөнер үйірмелері тұрақты жұмыс жасауда. Біз әрдайым Сіздердің жұмыстарыңызға қолдау білдіреміз. Сіздер біздің қоғамда адал адам, өнегелі ұрпақ қалыптастыруға үлестеріңізді қосып келесіздер.
Еңбектеріңізге зор ризашылығым мен алғысымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
«ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, САЛТ - ДӘСТҮРДІҢ ЖАРШЫСЫ» Облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы НҰРАЛИЕВТІҢ сөзі:
Ғасырдан ғасырларға жалғасып келе жатқан әжелерге деген құрмет бір мысқал кеміген емес. Ақжаулықты әжелеріміз отбасының бірлігіне, ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Ата-баба аманатын адал сақтап, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттай білген асыл әженің қоғам үшін орны ерекше. Бүгінгі күні де, әжелер – ұлттың ұйытқысы, тәлім мен тәрбиенің бастауы болып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың қайта жандануына үлес қосып келеді.
Ұлағатты ұл мен қылықты қыз өсіруге қосқан үлестеріңізді әрқашан жоғары бағалаймыз. Сабақтастық жібін үзбей, қоғам игілігі жолындағы зор еңбектеріңіз үшін ерекше ризашылығымды білдіремін.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, ата мен әже – ел тұлғаларын өсіретін ұлттық мектеп. Біз мұны әрқашанда жадымызда сақтаймыз!
Қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиесінде көптеген түйткілді мәселелер бар. Білім беруде, ұрпақ тәрбиесінде кемшіліктеріміз аз емес. Ұрпақты ұлт тамырынан ажыратпайтын сіздердің ұлттық құндылыққа негізделген тәрбиелеріңіз.
Шын мәнінде сіздер жаңа ұрпақты, жаңа буынды ұлттық құндылыққа сай тәрбиелеуде еңбектеріңізді арнап, үлестеріңізді қосып келесіздер.

«ӘЖЕ СӨЗІ - ТӘРБИЕСІҢ ӨЗІ» Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек СОЛТЫБАЕВТІҢ сөзі:
Өңірімізде 135 мыңға жуық зейнеткер есепте тұрады, оның 84.765-і зейнетке шыққан аналар. Бұл – барлық зейнеткерлердің 63 пайызы деген сөз. Елімізде өмір сүру сапасының жақсаруынан және орташа өмір сүру деңгейінің өсуінен болар, әжелеріміз жасарып келеді. Қазіргі кезде біздің аналарымыздың басым көпшілігі 45 жастың өзінде немерелі болып әже атануда. Бұл бізді қуантады.
Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Аналар алқасы» қоғамдық құрылымы әрдайым жақсы істерге ұйытқы әрі мұрындық болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Облыс көлемінде өтіп жатқан барлық саяси - қоғамдық, мәдени - рухани, діни шаралардың басы - қасында жүретін де, еңбек адамдары мен жастарға үлгі - өнеге көрсететін де – біздің белсенді ана - әжелеріміз, тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор істерде аналар алқалары алдыңғы санаттан көрінуде.
Ол кісілердің ақ шағаладай болып, ұлттық киім, кимешек киюі, немерелерін жетектеп балабақшаға, мектепке апарып – әкелуі, оларды «Ертөстігім бір төбе...» - деп, ертегі айтып ұйықтатуы – ұлттық құндылығымыз емей немене? Осындай сан қырлы қасиеттерімен олар ұрпағымызды ұлағатты, тәртіпті, тағылымды болуға тәрбиелеуде.
Өздеріңіз білесіздер, биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толады, осыған байланысты 85 түрлі мәдени - көпшілік шаралар өткізілуді ұйғарылып отырмыз. Біздің облыста 85 жасқа толған 1567 азамат тұрады екен, оның 113-і әжелеріміз, яғни 72 пайызды құрайды. Біз жастарды аға буынның Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерінің жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүрінде тәрбиелеуіміз керек. Бұл бағытта әйел - аналарымыз бен әжелеріміздің атқаруға тиісті жұмыстар орасан зор. Осы жұмыстардың барлығына әр деңгейдегі аналар алқалары үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.
Әженің сөзі – тәрбиенің көзі. Бүгінде қанатын кеңге жайған аналар алқалары қызметінде жаппай белсенділік белең алып жатқандығын айтуға тиістімін. Олар өздерінің қоғамдық қызметтерінде халқымыздың ұлттық құндылықтарын, жақсы әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін насихаттап, дәріптеуге, жаңғыртуға, жастарға рухани тәлім - тәрбие беруге, отбасы құндылықтарын сақтауға баса назар аударуға тиісті. Осы орайда облысымыздың жекеленген аналар алқаларының атап айтуға тұрарлық жұмыстарынан бірер мысал келтіре кетуді жөн көріп тұрмын.
Меркі ауданының Жамбыл ауылдық округінің әжелерін, аналарын нағыз батыр аналар деп айтуға әбден болады ғой деп ойлаймын, төрт елді мекеннен, атап айтқанда Жамбыл жеміс жидек, Талдыбұлақ, Тұрлыбай батыр елді мекендерінен тұратын округте 57 «Алтын алқа», 119 «Күміс алқа» иелері, 215 бес балалы, 309 төрт балалы аналар тұрады. Осы ауылда тұратын ақ жаулықты әжелер, алтын құрсақты аналар, ибалы да инабатты келіндеріміз ауыл тіршілігіне, жастар тәрбиесіне, мектеп оқушыларының тәрбиесіне белсенді түрде араласып отырады.
Жуалы ауданында «Ана тәрбиесі - қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы» атты форумы өтті.
Осы ауданның аналар алқасы өздерінің жылдық жоспарына сәйкес 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталған «Қамқор» қайырымдылық дүкенін ашты, «Әженің ережесі», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Ене мен келін сыйластығы» жобалары жұзеге асырылуда. Сондай - ақ, кеңес беру орталығы, «Аналар алқасының» шығармашылық топтары жұмыс істеуде.
Жуалы ауданының Ертай ауылында Қазақстанның Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың атсалысуымен «Батыр аналар» аллеясы ашылды. Онда 100 тыл, еңбек ардагерлерінің, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің, сондай ақ көп балалы аналардың суреттері мәрмәрға қашалып орнатылды.
Тараз қаласында дәстүрлі түрде жыл сайын әжелер мен аналарға арналған әртүрлі шаралар өткізіліп тұрады, ал биыл Тараз қаласының өзіндік мәдениетін қалыптастырудың 2024 – 2026 жылдарға арналған «Тараз – мәдениет мекені» тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама ардагерлер ұйымдарының, аналар алқаларының белсене қатысумен отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық тәрбиені орнықтыру, ата - аналар комитетімен бірлесіп жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, жастардың дамуы мен өз қабілетін іске асыруына теңдей мүмкіндік арнату жұмыстарын атқару міндеті қойылған.
Тараз қалалық аналар алқасының мүшелері Жамбыл жоғары медициналық колледжінде және Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ананың ақылы - шырақ» тақырыбында студент жастармен, профессор - мұғалімдер құрамымен кездесу өткізілді. Мына жаһандану заманында пенделердің рухани тоқырауға ұшырауы, отбасы берекесінің шайқалуы, әділетсіздіктің белең алуы секілді мәселелер көтерілді.
Қордай аудандық Үлкен Сұлутөр, Қақпатас, Беріктас елді мекендерінің ақ жаулықты әжелері «Даналық» мектебінің жұмысын жолға қоя білді. Әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып балаларды өмірге үйрету, мектептегі қыз балаларды қазақтың салт - дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға тәрбиелеу клубтың негізгі жұмысына айналды.
Бүгінгі бас қосуымызда ұрпақ тәрбиесінің, ұлт мәселесінің ұлағатты мәселелері кеңінен талқыға түседі, алдағы жұмысымызға нақты бағдарлар жасалады деген сенімдемін.

«КЕЛІННІҢ ЖАҚСЫ БОЛМАҒЫ – ЕНЕНІҢ ПАРАСАТ - ПАЙЫМЫНАН» Мойынқұм ауданы «бірлік» ауылының аналар алқасының төрайымы Раушан ЖЕТІБАЕВАНЫҢ сөзі
Өзім Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында тұрамын, 37 жыл мәдениет саласында қызмет жасадым. 2015 жылы зейнеткерлікке шықтым. Ауданның Құрметті азаматымын, зейнетке шықсамда ауыл мен аудан көлеміндегі іс-шараларға қатысып, атсалысамын. Жұмыс барысында «Әжелер», «Ардагерлер», «Ұстаздар» ансамблін құрып, олар аудан, облыс көлемінде өнер көрсетуде. Бұған дейін 30 жылға жуық әйелдер кеңесін басқардым, қәзіргі уақытта аналар алқасының төрайымымын. Ауылдың мұң-мұқтажын, қоғамдағы болып жатқан келеңсіз мәселерді мезгілінде айтып, тиісті орындарға жеткізіп шешіп отырамыз.
Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, сондай жағдайда отбасы иелеріне ақыл - кеңесімізді айтып, бірлікке, ынтымаққа шақырамыз, бітімгерлік жасаймыз.
Ел ішінде жастарға ақыл айтар үлкендер, қариялар болмаса қалай болады?! М.Өтемісұлының «Еліңде қария болмаса, жастары болар диуана, итіне кет, тентегіне тек демесе, ар ұяттан айырылар артындағы бозбала» деген екен. «Қызға қырық үйден тиым» деген мақал бар, әркім өз қызын, оң босағада үлгілі етіп тәрбиелесе, барған жерінде ата-анаға кір келтірмейді.
Жасыратыны жоқ, баз біреулер отырыстарда «Келіндеріміз жаман, қолынан іс келмейді», – дейді.
Ол келін кімнің қызы? Сіз бен біздің қызымыз. Қыздың негізгі босағасы - баратын жері, сондықтан қыздарға дұрыс тәрбие беру сіз бен біздің міндетіміз. Жастарымыз бен келіндерге иман мен сабыр берсін. Отбасын айрандай ұйытатын, ағайынның арасын біріктіретін, жолдасын құрметтейтін ата - анасын сыйлайтын үйде береке мен бірлік бар.
Ақын Асқар Тоқмағанбетов айтқан екен:
Адам өмірге ессіз боп келеді,
Есалаң болып өмір сүреді
Есі кіргенде өледі,- деп.
Осы бір шумақ сөзден-ақ қазақ халқының бала үшін, ұрпақ үшін теңдессіз, шексіз мейірімділігі айтылады. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» - дейтін де қазақ аналары. Олай болса, келешек ұрпақтың тағдыры, білімділігі мен тәрбиесі, біздің – әлемді тербеткен аналарымыздың қолында деп білемін.
Ертеде бір кемеңгер қария бір ауылға келіп, ауылдың ер азаматтарын қырдағы төбе басына жинап, насихат айтқан екен. «Сіздер ер азамат екендеріңізді ұмытпаңыздар. Әйелдің тілін ала бермеңіздер» депті. Осы кезде жиынға кешігіп келген бір азамат. Жиын басталып кетіпті ғой:
– Не әңгіме болып жатыр, – деп жан - жағындағылардан сұрастыра бастайды.
Насихат айтып отырған қария:
– Өзің кешігіп келдің, не деп күбірлесіп жатырсыңдар, - депті.
Сонда жаңа келген жігіт:
– Сіз мен келгенше «әйелдің тілін алмаңдар» деген екенсіз. Мен сол әйелдің тілін аламын деп кешігіп қалдым, - депті.
Сонда қария:
– Әйелің не деді? – дегенде.
– Осы қария ауылға жылына бір ақ рет келеді, осы жиынды далада төбенің басында өткізбей-ақ, ел болып жиналып, біздің киіз үйдің іргесін көтеріп жіберіп, су сеуіп, малды сойып, қазан көтеріп, дастархан басында тыңдасақ, ет асып, үстіне шапан, астына ат мінгізсек болмас па еді, – деді әйелім.
Сонда қария:
– Әй шырағым, оқта - текте әйелдің де тілін алып тұрған әсте дұрыс болады, – депті.
Халықта басшы біреу болсын, халқы оған тіреу болсын деген даналық сөз бар. Олай болса осындай үлкен іс-шараны ұйымдастырып, аналарымызды қуантып отырған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мырзаға аналардың атынан алғысымызды айтамыз! Осы іс шараның басы-қасында демеушілік жасап жүрген азаматтарға, ардагерлер кеңесі, аналар алқасының ұжымдарына шексіз ризашылығымды білдіремін. Ел іргесі аман болсын, тыныштық заман болсын!

"ҒҰМЫР – ДАРИЯ" - АҚПАРАТ
"Аялы әже" форумынан суреттерді түсірген "ҒҰМЫР – ДАРИЯ" газетінің штаттан тыс фототілшісі Төлепберген СЕЙІТҚАДІРОВ

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)