Мейірімге зәру жандар
Өмір – күрделі. Адамдардың жүрер жолы, басынан кешер тағдыры әртүрлі. Өмірдің мазмұнын артырып тұрған да сол әрқилы тағдырлар шығар, кім біліпті?! Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барған кезімізде осындай ойдың шырмауында болдым. Орталық директоры Гүлжауһар Құшанова мұнда 167 қызмет алушы жатқанын, оларға 141 адам сапалы қызмет көрсететінін айтты. Әрине, бұл жерде тамақ тоқ, көйлек көк. Дегенмен, мәселе тек ішіп-жеуде, киімнің бүтіндігінде емес қой. Сонымен... Қызын күткен қария Ал, қызмет алушы Тұрғынбек Шалбаев Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы маңындағы бұрынғы Бірлік деген бөлімшеде туып өскен. Жас кезінен-ақ ауыр тағдыр алдынан шыққан. 1963 жылы Зебер деген қызбен көңілі жарасып, шаңырақ көтеріпті. Екеуі бірге мал баққан. Бұл бақытты шақ бар болғаны 6 жылға ғана жалғасып, Зебер ауырып өмірден озады. Екеуінен бір қыз бала қалады. Кейіннен балқардың қызына үйленіп, одан екі қыз сүйген. Балқар әйелі екі қызымен төркініне кетіп қалған. Арада бір түсініспеушілік болған шығар.
Содан зейнет жасына келген шақта Қаратау қаласындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қабылданады. Арасында басшылықтан сұранып, туыстарымен тұрған кезі де болыпты. Міне, осы кезде мұны бір қызы іздейді. Қайран қыз баланың сағынышқа толы көңілі-ай! Әкенің орны қай кезде де бөлек емес пе? Асқар тау емес пе, әке деген! Әлгі қыз әкесін Қартаудағы орталықтан таппайды. Жуалы ауданында тұратын әкесінің туыстарына дейін барып, іздеген. Әкесі ол кезде әртүрлі жағдайда, басқа жақтарда жүрген ғой, қызы ақыры таба алмай қайтқан.
Әкеде де жүрек бар, әке де де тілек бар! Арада біраз жылдар өткенде Таразда бір орталықта мейірбике болып жүрген қызын бұл кісі іздеп барады. Сәтсіздікті қарасаңызшы, дәл сол уақытта қызы бір айлық еңбек демалысына шығып кетіпті. Қисыны келмесе не шара? Сағынышын баса алмайды, сөйтіп, іздеп келгенде қызын таппай қалады. Қызы қазір естуінше Астана қаласында тұрып жатыр екен. Тұрғынбек ақсақал: «Сол қызым мені бір күні іздеп келеді. Іздейді, сенемін. Іздеп келеді мені» деп қойды. Біз де: «Әрине, іздеп келеді. Екеуіңіз табысып, немерелеріңізді де көресіз», –деп көңілін жұбаттық. Ақ нан жеп, аппақ төсекте жатқан 82 жастағы ақсақалдың көңілі басқа жақта. Тағдыр-ай, десеңізші!
Mейірім – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек қалауы. Ол рақым шуағынан тарайтын Өмірдің бірегей заңдылығы. Мемлекет басшысының отандастарына, имамның жамағатқа, әке-шешенің балаларына, байдың кедейге, дәрігерлердің науқастарға жанашырлығы мейірімділіктен туындаса керек. Кезінде университетте
сабақ берген Сан түрлі тағдыр иелері барын жоғарыда айттық. Әсіресе, Баян Терлікбаев ақсақал дәл осындай орталықтан қызмет аламын деп мүлдем ойламаған шығар. Бірақ, қарияның өмір жолы өте ауыр болған. 5 жасында анасынан, 8 жасында әкесінен айырылған. Жалғыз қарындасы да жастай шетінепті. 1955 жылы 9 жасынан бастап, Тараз қаласындағы №2 балалар үйінде тәрбиеленген. Сенер адамдары болмаған соң ба, Баян ата бар зейінін білімге салған. Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітірген. Украина жерінде 3 жыл бойы әскери борышын өтеген. Әскерден келіп, білім алуын жалғастырған. 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетін инженер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1973 жылы Қапшағай қаласындағы темір өңдеу зауытында құрастырушы болып еңбек жолын бастаған. Қарағанды, Көкшетау қалаларында да өзінің мамандығы бойынша жұмыс істеген. 1991 -2009 жылдары әуелі Қаратау қаласындағы техникалық институтта, кейіннен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде аға оқытушы болған. 2011 жылы 35 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шыққан.
Бірінші әйелімен ажырасқан, баласымен де араласпайды. Кейіннен қосылған жұбайымен де жиі жанжалдасып, өзара түсініспеушіліктен денсаулығы нашарлаған. Өзіне қарайтын адам болмағандықтан, 2016 жылдан аталған арнаулы қызметтер ұсыну орталығына қабылданған. Әрине, мұндай тағдырға не айтуға болады.
Жар таңдаудан қателескен Мекеме қызметкерлерімен бірге әр бөлмені аралап, тағдыр талайымен осы орталықта қызмет алып жатқан кісілермен сөйлестік. Олар негізінен зейнет жасындағы егде адамдар. Солардың бірі – Берікқали Барменов. Ол кісінің жасы қазір 62-ге қараған. Әкесі Ташкенбай шопан болса, ағалары да малшылық жұмыстан алыстамаған кісілер екен. Берікқали да атакәсіптің желісін үзбей, Т.Рысқұлов ауданы, бұрынғы «Коммунизм жолы» ұжымшарында (қазіргі Қарақыстақ) сиыршы болып еңбек етіпті. Бұйрық болып, қырғыздан жар таңдапты. Бірін-бірі жүректерімен ұнатып, қалауларымен қосылған. Бірақ, қателігі де осы боларын Берікқали аңғармаған екен. Екеуі ек ұл, екі қыз сүйіп, отбасылық бақытты да сезінеді. Күндердің күнінде әйелі Қырғызстанға барып, сол жақта тұрайық деген ұсынысын айтады. Бұл оның айтқанымен келісе қоймайды. Сонда бірбеткей әйелі алды 8 жасқа келген, соңы 1 жастағы төрт перзентін алып, Қырғызстан қайдасың деп тартып отырады. Бұл қазіргі Қарақыстақта қала береді. Мал шаруашылығында, біреудің көмекшісі болып еңбек етеді. Дегенмен, өмірі бұрынғыдай болмай, құлази береді. Сөйтіп жүргенде анасы өмірден озып, жабығады. Кейінірек бір қол, бір аяғы толық істемей, сырқаттаныпты.
Содан 2007 жылдан бері мемлекеттің қамқорлығында. Ол: «Әуелі №2 орталықта қызмет алғанмын. 2014 жылы осы орталыққа келдім. Содан беріде он жыл өте шығыпты. Имандылық жолындамын. Мұнда барлығы жақсы. Аптасына екі мезгіл моншаға түсіріп, күніне 4 мезгіл тамақ береді. Тамақтары дәмді, құнарлы. Кіріміз уақтылы жуылып, төсегіміз күнара тазаланып тұр. Біздерге көрсетіліп жатқан қызметке ешқандай өкпеміз жоқ. Айтпақшы, әлгі әйеліммен бірге кеткен ұл-қыздар есейіп, сирек болса да келіп тұрады. 9 немерем бар. Басыма түскен жағдайға, тағдырыма көнемін», – дейді. Түйін:
Қараусыз қалған қарттарды қамқорлығына алған арнаулы қызметтер ұсыну орталығында сан алуан тағдыр иелері жатыр. Кезінде мәдениет саласында еңбек етіп, елге белгілі болған қарияның жатқаны туралы мұнан бұрын әріптестеріміз жазған болатын. Осынау сан соқпақтан өткен қарттардың қабағында кірбің болмаса екен. Дария көңіл қарттар – қоғамның байлығы.
Есет ДОСАЛЫ,
журналист
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)