ҰЯТТЫ АДАМ – ИМАНДЫ АДАМ
Ауылда өстік, қариялардың айтқан ақылдарын, аталы сөздерін бойымызға сіңіріп ер жеттік. Олар рет-ретімен өз білгендерін бізге үйретуден жалықпайтын. Жарықтықтардың «ұят болады», «обал болады», «жаман болады» деген тәрбиелік мәні бар сөздері күні бүгіндегідей ішкі сарайымызда сайрап тұр. Сол асыл, қасиетті өсиеттермен қалыптастық, жетілдік. Тәубе, одан жаман болмадық, тәрбиелі болдық, саналы болдық, ынсапты болдық, иманды болдық!
Қазақ халқының дәстүрлі әдеп жүйесінде ар-ұждан, ұят ұғымы жоғары бағаланады. Ары бар кісі ғана иманды, ізгі, парасатты болып келеді. Ұждан дегеніміз – адамның өз мінез-құлқын бақылауы, қадағалауы, оған белгілі бір деңгейде шек қойып, мүлтіксіз орындауы. Ұждан адамның халық пен қоғам немесе жеке адамдар алдындағы өз әрекеті, іс-қимылы үшін моральдық жауапкершілігін сезініп, саналы түрде ұғынуын, өз ойы мен іс-әрекетін адамгершілік ұжданымен бағалай білуін бейнелейді. Ар-ұждан намыс деген ұғыммен тығыз байланысты. Ар-ұждан – адамның өз тәртібін өзінің қадағалауына негізделген, тұлғаның этикалық қарым-қатынасымен байланысты қарастырылатын мінез-құлықтық категория.
Ел аузында сақталған бір аңызда: Сырым батыр елсізде жол жүріп, шаршап, қаталап келе жатып, өлдім-талдым дегенде бір үйге кез болыпты. Әлбетте, алдымен сусын сұрайды. Бойжеткен қыз сусын ұсынады. Сіміріп салған соң Сырым: «Апырай, бір аяқ сусын бір адамның құны екен-ау», – депті тостағанды қызға қайыра ұсынып жатып. Сонда бойжеткен: «Қателесесіз. Бір аяқ сусын бір емес, екі адамның құны», – депті. Аңтарылып, себебін сұраған батырға: «Сіз сусын сұрағанда тауып бере алмасам, шөлден сіз өлер едіңіз, ұяттан мен өлер едім», – деген екен. Міне, байқадыңыз ба, «Ұят» деген сөздің салмағын?!
Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар» – депті. «Ұяттыда – иман бар» дейді қазақ даналығы. Шынында, қазіргі қоғамда ұры-қары, қаныпезерлер, қатігездер көбеймесе, азаяр емес. Адам бойындағы имандылық азайып бара жатыр. Оған не, кім кінәлі?
Қазақтар «Өлімнен ұят күшті» деп жатады. Арлы адам үшін ұяттың орны бөлек. «Ар», «намыс», «ұждан» түсініктері кездескен жерде «ұят» түсінігінің қалыс қалуы мүмкін емес, өйткені олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Ұят жоқ жерде береке-бірлік те, ізет-әдеп те жоқ. Қазақтың бар даналығы шариғатпен астасып жатыр. Сондықтан ұят дегеніміз – адамның мінез-құлқымен сыйыспайтын, жағымсыз істерден адам баласын аулақ ұстайтын, жақсылыққа итермелеп, жамандықтан жирендіретін бойымыздағы асыл бір қасиет. «Ұят иман тармағының бір арнасы, ислами мінез-құлықтың бір көрінісі. Кімде кімнің тұла бойында ұят болған болса, ол пенденің ислам жолын ұстануының көркемдігін, дәрежесінің жоғарылығын көрсетеді. Ұят - Алла тағаланың жер бетіне ақиқатты жеткізіп, үлгі болу үшін жіберілген Пайғамбарларына тән қасиет.
Ұяттың болуы, яки болмауы -адамның шынайы табиғатын көрсететін белгі іспеттес. Ұят – адамның иманын құнды етіп, жүріс тұрысына өң беретін жақсы сипат. Кісі бір іс-әрекеттен тұла бойы қысылып, орынсыз істен жүзі қызғылт түске боялып жатса, демек, тегі таза һәм болмысы пәк. Мұсылманның барлық ісі мен сөзінде ұят бақылаушы болуы қажет. Мұсылман баласы тілі арсыз, мәнсіз сөздерден таза болу керек. Не айтып, не қойып жатқанына мән бермеу мұсылманға жараспайды..
«Шындық – қасиетті ұғым, ал ұят – адамды жамандықтан қорғайтын періште», «Аш жүрсең де біреудің ала жібін аттама, ұлым, ұят болады» деп отырушы еді марқұм Ордабек көкем. Уақыт өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме – бүгінде адами асыл құндылықтар бірте-бірте бұлыңғырланып барады. Біздің бала күніміздегідей ел ішіндегі жағымсыз әдетті, әдепсіз қылықты бірден тыйып тастайтын аналар мен әкелер, әжелер мен аталар, жалпы үлкендер жоқтың қасы десек қателеспейміз. Қазір әркім өз білгенімен, өз түсінігімен өмір сүруде. Әсіресе қалада ұятты белден басып, еркінсіп жүретіндер көбейіп барады. Оның себебі де бар. Ауылда бәрі таныс. Кімнің не істеп, не киіп жүргені алақандағыдай көрініп тұрады. Ал қаланың жөні бөлек. Мұнда біреуді біреу танымайды және оған көпшілік назар да салмайды. Әркім азаннан кешке дейін өз тірлігімен әуре. Сондықтан қалаға келген жастар «тәйт!» деп отыратын әке-шеше болмағаннан кейін бостандықты сезініп, әдепсіздікке ұрынып, «өзім білемге» салынады, беттегі ұят пердесін сыпырып тастайтындар жоқ емес. Жасы үлкендердің тәрбиелік сөзіне «менде жұмысыңыз болмасын» деп беттен алып жатқан сәттерін жиі көруге болады.
Қазақтың «Үлкеннің жолын кеспе» деген сөзі де бүгіндері далада қалды. Тәрбие алмаған, көргенсіз жастар қағып кетердей өңмеңдеп, тайраңдап алдыңды кесіп өтетін ұл түгілі, әдепсіз қыздар да аз емес. Олар сол дөрекілігіне, анайы ісіне, теріс қылығына еш қысылмайды. Қоғамдық орындарда, көліктерде, көпшілік жүрген ортада даурыға, сампылдап сөйлеп, орынсыз ыржалақтап, қалжыңдасып, күлкіге көміліп, жан-жағына алақ-жұлақ қарап, әңгімелерін құлаққа жағымсыз анайы сөздермен «тұздықтап» бара жатқанын жиі көреміз. Жөнді сөз айтып ұялтпақ болғандарға бажырая, бедірея қарап, құлағына еш ілмейді. Ұяттан безгендер қатары бүгіндері көбеймесе азаяр емес. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, таза-лықтың түп қазығы – ұят деп білмейтін олар кімді жарылқайды, ертең өздері перзентті болғанда оларға қандай тәрбие береді? Ұяты жоқтан не күтуге болады?
«Ұрлық, алаяқтық көбейіп кетті, арсыздық, ұятсыздық өршіп кетті, қоғам бұзылып бара жатыр» деген сөздерді жиі естиміз. Иә, қазір «Ұят» сөзінің қадір-қасиеті ортамызда көмескеленіп бара жатқаны ойландырады. Қоғамымызда өз бас пайдасы үшін алдап кетер алаяқтармен, түйені түгімен жұтатын ашкөз жебір-жемқорлармен бүкіл мемлекет, қоғам болып күрессек те айыздарын жимай келеді. Сол қылықтарын, тіпті, жетістік, мақтаныш ететіндер де аз емес. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді», деген сөз бекер айтылмаған-ау!
Қазақ «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Өлімнен ұят күшті», «Пайда ойлама - ар ойла», «Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер» деп ұятты бірінші орынға қояды. Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай отыз алтыншы қара сөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген. Олай болса, мәдениетті қоғам әрбір адамнан басталып, ол ұлттық құндылықтар арқылы күнделікті іс-әрекеттерімізден көрініс табуы тиіс.
Борыш деген ұғымның аясы да өте кең. Алла алдындағы, ата-ана алдындағы, туған жер, отан алдындағы, отбасы алдындағы борыштарды аға ұрпақ жастардың бойына сіңіріп отырған. Борыш, яғни парыз өтелмесе, оның артында сұрауы бар екенін жақсы білген халықпыз. Отан алдындағы парызды орындау да аса жауапты іс. Көріп, естіп жүрміз, Отан алдындағы парызын өтеуден бас тартып, жалтарып, әйтеуір оның бір жолын тауып, одан сытылып кетіп жатқан жастар аз емес.
Адалдық деген қасиетті сөздің де мәнісі ерекше. Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық, пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.
Қоғам тоқтаусыз өзгеруде. Заман өз дегеніне көндіріп жатыр. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны анық қой. Күн сайын теледидар түрлі сұмдықты хабарласа, әлеуметтік желіде де алдау-арбау, кісі өлтіру, тонау секілді ақпараттар желдей есуде. Жоғалып жатқан адамдардың саны уақыт өткен сайын арта түсуде. Пәтер алып берем деп ақшасын алып, хабарсыз кету де бұл күнде жаңалық емес. Мұндай келеңсіздіктерді көріп жүрегің ауырады, бұлыңғыр болашақты ойлап мазасызданасың. Қоғам қатыгезденіп бара ма, әлде адамдардың пейілі-пиғылы өзгеріп жатыр ма?
Пиғыл демекші, халқымызда «Пиғылы жаманды құдай табады, тоны жаманды ит қабады», «Пиғылынан тапты», «Құдай пиғылына қарай берді» деген сөздер бар. Адамның пейілі оң болса, ісі оңға басады, мәртебесі де артады. Ал пиғылы теріс болса, ісі кері кетіп, ел алдындағы абыройынан айырылады, соған қарай жазасын да алады. Сондықтан халқымыз «жақсы пиғыл жақсы сөзден басталады», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп, оң пиғылға қолдау көрсетсе, теріс, жат, арам пиғылға «Өтпес пышақ қол кесер, арам пиғыл жол кесер», «Пиғылы терiс хан төрелік етсе, ол жиған малыңды тәрiк етер» деп теріс баға берген. Пейіл мен пиғылдың айырмасы осы. Пейілің тура болса жүзің жарқын, ісің берекелі болмақ. Шариғатта да «Бергенге береке бар, пейілі түзу адамның бергенінің есесін Алла өзі толтырады» дейді. «Бар болсаң аспа, жоқ болсаң саспа» деген нақыл бар. Сондықтан пейішке апарар пейіл екенін есте сақтап, жақсылық жасаудан қашпайық.
Қазір қарап отырсаңыз, қолында билігі барлар мүмкін болғанның бәрін алдымен өзі үшін жасап, қармап, ұрлап, тығып, жинап қалуға бейім тұрады. «Қызметтен кете қалсам, қамданып дайын отырайын» деген ой-пиғылды ұстанғандар иемденетін жері, мінетін көлігі, пайдаланатын қаржысы, айналысатын жеке шаруасы, бәрі-бәрін қазірден бастап, алдын-ала «реттеп» алмай тыным таппайды. Ондай басшылар әруақытта бірінші кезекте елдің емес, өзінің және өзіне ең сенімді «төңірегінің» жеке шаруаларын қолға алады. Ел тағдырын, қара халықтың жайын соңғы кезекке қояды. Бұны адамдар пейілінің бұзылғаны демеске шараң жоқ. Бұл – «Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайдының» кері.
Өзінің 26-шы қара сөзінде хакім Абай ұятты өз орнында қолданбағандар жайлы былай дейді: «Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің».
Адамгершілік – ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі.
Қәзір елдің болашағын, жастардың келешегін ойлайтын саналы ел азаматтарын толғандыратын мәселелер аз емес. Солардың бірі - жастар бойына ұлттық сананы, ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, халықтық қадір-қасиетімізді, психологиялық табиғи белгілерімізді сіңіріп, ұлттық құндылығымызды орнықтыру. Бала-шағаға кішкентайынан ешкімге қиянат жасамауды, ешкімнің ақысын жемеуді, адал болуды, ар-ұятты болуды жақсылап үйрету керек. Адал, ар-ұятты санасына сіңіріп өскен бала ешқашан ұрлыққа, опасыздыққа бармайды. Өзіміз де ар-ұятқа жіті мән берейік. Ар-ұят түзелсе, қоғам да түзеледі.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Жамбыл облысының
Құрметті азаматы.
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
"Отбасындағы әкенің рөлі"
26 декабрь 2024, Четверг
Қазақстан мәслихаттарына – 30 жыл!
26 декабрь 2024, Четверг
« Ең үздік төрайымы»
26 декабрь 2024, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)