Кенен атаның әнін тыңдадым
Өткен күнді еске алсаң, әсерлі сәттері аз болмаған екен. Мәселен, танымал тұлғаларды көрген кезіміз болашақта тарих болатынын ол кезде білмеген де едік. Мектеп бітіргеннен кейін араға біраз жыл салып 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім. Бізге Мырзатай Жолдасбеков ежелгі дәуір әдебиетінен сабақ берді. Ол кісі филология факультетінің деканы болатын. Декан бола жүріп лекция оқитын.
Өте білімді, жүріс-тұрысының өзі кереметтей тартымды болатын. Ұстаздың ұлағаты деп осыны айтуға болады. Сабаққа ынтасы бар студенттерді жақсы көретін, маңайына топтастырып жүретін. Ұмытпасам 3-курс оқып жүргенімде болуы керек, мені өзіне шақырып алды. «Ертең Қордайға Кенен Әзірбаев атаңа сәлем беріп қайтамын. Сен менімен бірге барасың. Дайын бол, айтылған мекен-жайға кел, бірге шығып кетеміз» деді. Содан қуанып, азанмен ағайымыз айтқан жерге барып тұрдым. Мырзатай Жолдасбеков те көп күттірмей шықты. Екеуміз Қордайға қарай тартып кеттік. Кенен ата тұратын ауылға жақсы жеттіп, ақсақалға амандастық. Ол кісінің негізгі қонағы – Жолдасбеков. Дегенмен, қырағы ақсақал екен, мені де назардан тыс қалдырмады. «Қай баласың, қай ауылдансың?» деп әңгіме арасында сөзге тартып отырды. Шамам келгенше қысқа жауап беріп, аз сөйлеп, Кенен атаны көп тыңдауға тырыстым. Мырзатай ағай бірнеше сұрақ дайындап келген екен. Сұрақтарын қойып, Кенен атаның жауаптарын таспаға жазып алды. Кенен Әзірбаев өзінің екі әнін өз дауысымен орындап берді. Дауысы ашық, жағымды, әсерлі. Көңілді бірден баурап алады. Ол әндерді де Жолдасбеков таспаға басып алды.
Кенен ата бізді жас деген жоқ, малды сойдырып, етті астырып, дастархан жайдырып күтті. Құрмет көрсетті. Сөз арасында өзінің өмірі жайлы, жетімдікпен өткен балалық шағы жайлы да айтып отырды. Әсерлі әңгімесі жүрекке жетті. Сол кезде ақсақалдың 90 жастан асқан кезі еді. Бірақ, сөзі ширақ, қимылы сергек болатын. Қайтар кезімізде: «Әрқашан жолдарың болсын, дұшпандарың болмасын!» деп батасын берді.
Уақыт зулап өте берді. Арада бір жылдан астам уақыт өткенде Кенен Әзірбаев атамыз өмірден қайтты. 92 жасқа толған өнерпаз, аса дарын иесі болған ақсақалды қимай, көп күн бойы көңілсіз жүргеніміз есімде. Ол кісі аса талантты ақын, композитор болуынан бөлек, кең жүректі ақсақал еді. Ондай мейірімі мол ақсақалдар да азайып барады.
Қазір өзім де 76 жасқа келдім. Өзім де жастарға барынша мейірімімді болуға тырысамын. Әр кезде Кенен ақсақалдың көзі тірісінде үйіне барғанымды есіме аламын. Сол бір ерекше сәт менің өміріме жаңа бір мазмұн бергендей болды. Өткен өмір белестеріндегі осындай-осындай тағылымды сәттер ұмытылмайды екен.
Әкебай Ертаев,
еңбек ардагері
Мойынқұм ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)