ПАРАШЮТІ АШЫЛМАЙ АМАН ҚАЛҒАН...
2021 жылдың сәуірінде Ұлы Отан соғысының сол кезде 96 жастағы майдангері Махмұд Бейсембаевпен сұхбаттасудың сәті түскен болатын. Қимылы ширақ, ойы айқын, сөзі мәнді екен. Соғыс жайлы естеліктерін қолмен қойғандай жеткізіп айтып отырды. Өкініштісі, Махмұд қария бүгінде арамызда жоқ. Өмірдің заңы, біреу ерте, біреу кеш... дегендей. Содан бері үш жылдай уақыт өтіпті. Майдангердің айтқандары санада жатталып қалыпты. Ерлігі ұрпаққа үлгі болған қарт жауынгердің айтқандарын сол қалпында оқырмандарға ұсынуды жөн көрдім.
Тараз қаласында тұратын Махмұд қарияға 2021 жылы біз барғанда 96 жаста болатын. Майдан даласындағы бастан өткен оқиғаларын әсерлі әңгімелеп берді.
– Мен балалар үйінде өстім, - деп бастады әңгімесін қарт майдангер. – 5 сыныптық білімім бар, 17 жасымда әскерге шақырып, соғысқа алып кетті. Пойызбен бірнеше күн жүрген соң белгіленген жерге жеттік. Ары қарай жаяу жүріп бардық. Жолай көптеген деревняларға кезіктік. Аштық, шөл қысты. Сенесің бе, сенбейсің бе, шикі бидай, картоп жеген күндеріміз де болды. Содан Сталинградқа 15 шақырымдай жердегі Камышный деген ауданның орталығына бір дивизиядан 17 адам ғана аман келіп жеттік. Көбісі қайтыс болды, тұтқынға түсті. Жеткен соң командир бізді бөлді. Сол кезде бізді төбеден бомбамен атқылай бастады. Мен бір үйдің шарбағынан асып түсіп, тасаға бас сауғалап жатып қалдым. Тынышталған соң жәймен шығып келе жатқанда бір кішкентай баланың жылаған даусын естідім. Дереу қасына жүгіріп барсам, бір жарым жас шамасындағы ер бала, үсті - басы қан, жараланған. Анасы әріректе жатыр, жансыз денесі екіге бөлінген.
Баланы көтеріп командирге әкеліп едім, «2 шақырым жердегі санитарлық бөлімге апар», – деп бұйырды. Апардым, дәрігерлер қабылдап жатып менен баланың аты - жөнін сұрады.
Мен:
– Білмеймін, - дедім.
Дәрігер:
– Кім деп жазып тіркейміз? – деді.
Мен көп ойланып, өз ата - тегімді айта салдым.
– Бейсембаев, – дедім.
Дәрігер:
– Аты кім? – деді.
Мен:
– Аман қалды ғой, бақытты болсын, Бақыт деп атайық – дедім міңгірлеп.
Сөйтіп қайтып келдім. Командир бізге тапсырма бере бастады. Осы жерде трактор заводы бар, біздің міндетіміз соны қорғау. Сол жерде бірінші рет жарақат алдым. 4 - 5 ай госпиталда болдым. Жазылған соң Сталинградқа оқуға жіберілдім. Миномётті оқыдым. Сөйтіп миномётші болдым. Кейіннен катюшаға ауыстырды мені. Катюша – өте қауіпті қару. Оның жанында жақын тұруға болмайды, өртеп жібереді. 2 ай катюшаны арнайы оқытты. Ол өте жасырын, құпия қару болатын. Катюша немістердің қолына түспеуі керек. Егер жауға түссең, өзіңді де, катюшаны да жаруың керек болады. Тәртіп солай. Егер катюшаны тастап, өзің аман қалсаң, бірденнен әскери трибунал соттайды. Содан 1943 жылы бізді Псков қаласына жіберді. Ол жерде әуе - десанттық әскерінің құрамында болдық. Сол жерде бізге парашюттан қалай секіруді, қалай түсуді, оны жинауды 2 - 3 ай бойы үйретіп жаттықтырды.
Жаттығу кезінде самолеттен 15 - 16 рет секірдік. Жақсы деген баға алып, секірудің қыр - сырын игердік. Содан соң іріктеп, бәрімізді самолетпен алып кетті. Қыс мезгелі болатын, күн аяз, жерде қалың қар бар. Тапсырма түсіндірілді, командир бұйрық берді. Кезекпен секіре бастадық.
Кезек маған да келді. Санап, он секундтан кейін парашютті ашатын тетікті тартсам ашылмайды, қатты тартып едім жұлынып сынып кетті. Ашылмады. Құлап барамын. Запас тетікті тартып үлгердім, жерге жақындап қалғаным есімде, тарс - тұрс соғылып, ұрынғанымды білем, одан кейін ештеме есімде жоқ. Ес - түссіз талға ілініп қалыппын, есімді жисам қасымдағы жігіттер айтып отыр солай деп. Денемнің көп жеріне талдың бұтақтары кірген (сол қолымның алақаны, жұдырығым жұмылмайды, ортасына ағаштың бұтағы кірген).
Қатты жараландым. Бір аптадай өткен соң өз - өзіме келе бастадым. Командирім келіп, жағдайды сұрап жатып «Молодец киргиз, долго будешь жить» ( ол кезде қазақты орыстар осылай да атай беретін) деп, тезірек сауығып кетуімді тіледі. Содан жазылып шыққан соң Ленинградқа жіберілдім. Ол жердегі біздің міндет – қариялар мен балаларды «тылға» алып барамыз, қайтар кезде ол жақтан Ленинградқа азық - түлік алып қайтамыз. Соғыс кезі өте ауыр болды. Қаншама қайтыс болған адамдарды көрдік. Олардың денесін техникаға салып қаланың сыртындағы шұңқырға тастап, бетін қармен көміп тастайтынбыз. Керек десеңіз қасыңдағы солдаттарды ертесіне көрмейсің де. Не қайтыс болып кеткенін, не болмаса жарақат алғанын естисің. Жаңадан күн сайын солдаттар келіп жататын.
Осылай айта берсең көп оқиғалар бар, балам. Мен Харьковты азат етуге де қатыстым, Румынияда болғанда тағы да жарақат алдым. Кейіннен Германияға жақындағанда жаудың пулеметы орналасқан жерді гранатамен жарып, 1 айдан соң І - дәрежелі «Отан соғысы» орденін алдым. Берлинге 70 шақырымдай жерде біз одақтастарды кездестірдік. Осы тұста тағы да жарақат алыппын, есімді білмеймін. Самолетпен Польшаға апарған екен мені. Сол жерде соғыстың біткенін естідім. Кейіннен жазылған соң Новосибирск, Тюменьдегі тұтқындағы немістерді күзетуге жіберді. Ол жерде 1953 жылға дейін болып, елге келдім. Жамбылға оралған соң Атшабардағы орталық базар маңынан әкемнің інісін іздеп тауып, кейіннен отыз жасымда отбасын құрып, ары қарай өмір сүріп кеттік. Бейбіт күнде осы Тараздағы орталық саябақта суретші болып қызмет атқардым. Ол жерде 27 жыл еңбек етіп, зейнетке шықтым. Алдыңғы қатарлы суретші болдым. Портрет, шекіп салу болды менің негізгі жұмысым. Менің еңбектерім осы күнге дейін әлі сақтаулы. Мысалы, теміржол бекеті, автобекет ғимараттарының сыртын көркемдеп безендіру жұмыстарын іске асырғандардың бірімін...

Осылай деп қарт майдангер әңгімесін аяқтады. Кезінде І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің иегері, Беларуссия Президенті А. Г. Лукашенко, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапатталған қарт жауынгер Тараз қаласында 7 бала, 21 немере, 12 шөбересінің ортасында бақытты ғұмыр кешті.
Бүгінгі ұрпаққа соғыс болмасын, бейбіт заман мәңгілік орнықсын, деп батасын беріп өткен қарт жауынгердің ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Нұрхат Серікбаев,
Тараз қалалық мемлекеттік архивінің басшысы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)