КЕЗІНДЕ КЕНЕН АТА БЕТІН АШҚАН ДИНА АПАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Атақты -ақын, әйгілі әнші, композитор атындағы ауылға барғанда Кенен Әзірбаев атамыз, ғұмыр кешкен қасиетті қара шаңырақта да болдық. Үйдің бір бұрышына: «Мұнда Халық ақыны Кенен Әзірбаев 1959-1976 жылдары тұрған» деп жазылған арнайы ескерткіш тақта қойылған екен. Бізді мұнда ақын - сазгердің келіні Дина Кененова қарсы алды. Кененнің әйгілі «Келінжан» деген өлеңі осы кісіге арналған ғой. Осыдан алпыс жыл бұрын жап -жас келін болып түскен Дина апамыз да сексен төртке қадам басыпты. Таяққа ептеп сүйенгені болмаса, ақынның келіні әлі тың көрінді. Бізге Кенекеңнің жеке музейін (бұрын К.Әзірбаев тұрған шағын үй қазір музейге айналған) өзі аралатты. Кенен атаның бөлмесіне кіріп көрдік. Төсектері сол күйі сақтаулы. Бұл әулеттің аңыз атаның мұрасына аса құрметпен қарайтынын байқадық. Содан келесі бөлмеге өтіп, Кенекең отырған жайлы диванға жайғасып, Дина Әбиірқызын сөзге тарттық. «Ақынның әулетіне қалай келін болдыңыз?», -деп сұрап едік, Дина апаға да керегі сол екен, әңгімені әріден бастады.
– Ата екеуміздің шешелеріміз бір -біріне бөле. Атамның анасының аты – Ұлдар, менің анамның есімі – Қыздар. Ал, мен ол кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі болған Балжан Бөлтірікованың хатшы - референті едім. Жайнаған жас кезіміз. Тек орысша сөйлеймін. Ал, Көркемжан да сері жігіт болды. Алматыда ҚазМУ - де оқып жүрді. Бөледен туған соң, әрине, таныстығымыз бұрыннан болды. Алғашында жәй кездесіп, қаланы аралап, қыдырып жүрдік. Махаббаттың әңгімелері айтылған жоқ. Сөйтсем, Көркемжанның көңілі ауып, мені көздеп жүреді екен ғой. Бір күні мені тауға қыдырып, гүл теріп қайтуға шақырды. Өзім де жастықтың буымен желпілдеп тұрмын ғой. Шыға салғанмын. Көркемжанның жанында құрдас, достары көп екен. Содан жүріп келеміз, жүріп келеміз. Жол ұзарып кетті. «Әй, теретін гүлдерің қайда?», -деп сұрап қоямын. «Қазір тереміз», -деп бір жолдасы жымыңдап қояды. Сонда да секем алмаппын. Бір уақытта аулаға кіріп тоқтадық. Дәл осы үйдің ауласы ғой. «Келін, келін келді» деп апалар шулап жүр. Екі апа келіп маған орамал жапты. Сонда алдаңғанымды біліп, көнбей, біраз туладым. Көпшілік қоя ма, жабылып ішке кіргізді. Шымылдықтың ішінде әлі жылап көнбей отырмын. Бір кезде қасыма өзімнің анам келді. Сөйтсек, бұл жағдайдан ол кісінің хабары бар екен. «Дина, бұл – бұйрық. Бәрібір бір жерге келін болып барар ең. Кенен ақсақал – бүкіл республика сыйлайтын үлкен атақты кісі. Аңыз адам. Сол кісіге келін болдың. Балалық жасама», – деп басу айтты. Содан ойланып, көндім ғой. Түнімен атам көз ілмей, маған арнап, «Келінжан» деген өлең жазып шығыпты. Ол кезде ойым да, тілім де орысша ғой. Атамның өлең жазғанын, онда не айтылғанын маған анам түсіндірді. Ертеңіне беташар болды. Атам сонда бет ашуға дайындалған кісіге жол - жоралғысын жасап, сый беріп, менің бетімді өзі ашты. Мен орамалдың ішіндемін ғой. «Ойбу, ойбу», «Мұндай да бола ма?» – деп сөйлеп қалған кісілер де болды. Атам ештеңеге қараған жоқ, беташарды бастап кетті. Мен осылай текті әулетке келін болдым. Атамның өлеңінің мазмұнын кейінірек түсіндім. Сол кезде ол кісінің көңіліне, толғанысына риза болдым. Орыс болып келсем де, кейіннен ауылдың үлгілі келіні болдым. Құрт та жайдым, ет асып, сиыр да саудым, – дейді Дина Кененова.
Ал, сондағы Кенекеңнің айтқаны:
Құтты болсын келінім аяғынан,
Осы еді ғой күткенім баяғыдан
Мал-мүлкіңе ие бол арнап жиған,
Өсекшілдің сақ болғын саяғынан
Асқар белім, шалқар көлім, Келінжан.
Қуанышым, жігер күшім Келінжан.
Келін келді дегенде қуанғаным
Үш ұмтылып орнымнан тұра алмадым.
Қосағыңмен қоса ағар бақытты бол,
Құттықтаймын басыңның құралғанын. – деп басталатып ұзақ өлең. «Ауылыңда театр, кино жоқ деп, Көркемжанды қалаға бастап кетпе ,келінжан - ай – деген жолдары да бар» деп естігенім бар. Ал сол Дина келіннің әкесі Әбиір Ұлы Отан соғысы кезінде әйгілі панфиловшылар дивизиясында атқыштар батальонында майданда болған екен.
Ауылға орысша болып келген келін кейіннен қайнылары мен қайынсіңлілеріне ат қояды. Бақытжанды – «Төрем» десе, қайынсіңлілерін «Ботакөз», «Кенжем» деп әдемі жанама атпен атайды. Атаның абыройы ғой, Дина Кененова еш дипломсыз - ақ осы ауылдағы Мәдениет үйіне он жыл директор болыпты. Атасының музейінде де ұзақ жыл қор сақтаушы болып істеген. Көркемжан да аталған музейді басқарады. Бірақ, ол кейіннен кеңшарға бас инженер болып ауысып, Дина музейдегі жұмысында қалады. «Екеуміз бірдей музейде жүреміз бе? Анау, үйдегі сиыр мен қойларға шөп керек. Сен ауыспасаң, кеңшардың жұмысына мен ауысамын», – дедім. Көркемжан кеңшарға солай ауысты. Бірақ, Көркемжан 55 жасында ауырып, өмірден ерте озған. Жазмыш қой. Ал, Дина апай: «Ер көңілді, жақсы, жарқын азамат еді. Өнері болмаса да жарқылдап, жайнап, көңілді жүретін», – деп еске алады. Апайдан ауылдағы әжелердің тәрбиесі жөнінде сұрадық. Дина апай замандастары Алмагүл Әлімқұлова, Күлимаш Абуылова, Күлдан Оңғарбаева апаламен бірге ауыл келіндеріне ақыл айтып, өнеге көрсетеді екен. Дина апай бізбен қоштасарда: «Атам үлкен жүректі, текті адам ғой. Менің атым – Нина болатын. «Дина» деп өзгертіп жүрген атам. Енді өзім де қартайып, атамнан қалған шаңырақты күзетіп отырмын. Ұрпақтар өсіп өне берсін. Осы күндерді көргеніме, осы жасқа жеткеніме мың шүкір», - деді.

Есет ДОСАЛЫ,
журналист,
Қордай ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)