ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫ БОЛМАҒЫ – НАҒАШЫДАН
«Нағашы» дегенде елең етпейтін қазақ жоқ шығар. «Қыздан туғанның қиығы жоқ» деп кесіп айтқан қазақ даналары. Өз балаларынан бөліп-жармай, қуансаң бірге қуанып, қайғырсаң қасыңнан табылып, әрқашан тілеуіңді тілеп отыратын нағашыдай қамқоршы жұрт бар ма екен десеңізші! Әзіл айтсаң көтеріп, артық кетсең кешіріп, «жиендік жасадым» десең де «жоқ» демейді ғой жарықтықтар. «Балалығың ұстаса, нағашыңа бар» дейді мұндайда. Жиеннің нағашыға деген еркелік назы көп. «Қырық серкеш қарыз екенін» әрдайым есіне салып тұрады. Қазақтар баласынан қисық-қыңыр мінез байқаса: «Нағашысына тартқан ғой», – деп отыратыны тағы бар. Мұндайда жауап біреу: «Өзің жаман туасың, нағашыдан көресің», – деп те әзілдейді қарсы жоқ.
Міне, кезінде сондай ерке жиеннің бірі болдым мен де. Аяулы анашымның төркіні, нағашыларымның жақсы істерін тілге тиек еткенді жөн көріп, қолыма қалам алдым.
Анамның әкесі Рахымбай нағашы атамыз ортасына абыройы артқан дана, ерек жанды қасиетті кісі болған. Сонымен қатар, түйесі көп бақуатты әрі қолы ашық, мейірімді кісі болған екен. Мен дүниеге келгеннен (13 наурыз 1948 жылы) бір жылдан кейін атамыз өмірден озыпты. Злиха әжемнің айтуынша атам мені тымағына салып, алдына алып мәпелепті. Сол Злиха әжеміз өте мейірімді, аса балажан болатын. Жиен немерелеріне жасаған жақсылықтарын, жақсы қасиеттерін айтып тауыса алмайсың. Біз кішкентайымыздан (әсіресе, жазғы демалыс кездерінде) нағашы әжеміздің қолында тәрбиелендік. Сол үшін әжеміздің біздің өмірімізде алар орны ерекше.
Мектептен жазғы демалысқа шыға салысымен қалада бір күн де тұрғымыз келмейтін. Менің аңсарым ауылға – Шорнаққа (қазіргі Сауран ауданының орталығы) қарай ауатын да тұратын. Үйден рұқсат алғаннан кейін ауылға тартып отырамын. Злиха әжем қуана қарсы алып, барын аузыма тосатын. Нағашым, Өзбек тәтем мені алдына алып, басымнан сипап отыратын.
Нағашы ағам зейнеткерлікке шыққанға дейін өмір бойы мектепте абыроймен ұстаздық етті. Үйінде кітап сөресінде толы әдеби кітаптар болатын. Мен әр барған сайын сол кітаптарды оқып шығатынмын. Сөйтіп, менің кітап оқуға қызығушылығым оянып, білімге деген құштарлығы арта түсті. Ой – өрісімді кеңейтіп әрі рахаттанып қалаға қайтар кезде нағашым қалтама тиын – тебенін де салып беріп, шаттанған көңілім одан сайын көкке ұшқандай болатын. Бір жолы Шорнаққа (Түркістан қаласынан 25 шақырым) велосипедпен бардым. Жолда адасып кетпеу үшін теміржол бойымен жүріп отырдым. Нағашымның көршілері Шөкен атаның Мұхамметжан, Қамаш және Шөрекен атаның Омар деген менімен қатарлас балалары болатын. Солармен де жаз бойы ойнайтынмын. Бүгінде олардың үшеуі де дүниеден озған. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа, жандары жәннатта болсын!
Тағы бір нағашым Мырзабек тәтем (нағашыларымды осылай атайтынмын) қалада бізбен көрші тұрды. Біздің әкемізбен өте тату әрі өзара жақсы сыйластық қатынаста болды. Сол нағашымның мектепте оқып жүрген кезімде көптеген жақсылықтарын көрдім. Әлі есімде бесінші сыныпқа барарда ата-анам костюм алып бермекші болды. Балалық әуестік болу керек, мен, қолсағат алғым келген.

Бірақ,әке-шешем оған көнеме, костюм алып берді. Оны киіп алғаннан кейін Мырзабек тәтемнің үйіне барайын. Ол кезде жаңа киген киімге байғазы беретін. Тәтем бетімнен сүйіп, қолындағы сағатын менің қолыма таққаны. Сондағы қуанышымды айтып жеткізе алмаспын! Әрі су жаңа киімді, әрі сағатты болып бір жасап қалдым.
Мектепте жетінші сыныпта оқып жүргенде сынып жетекшіміз әрқайсымызға қазақ жазушыларының оншақты кітаптарын сатуға тапсырма берді. Оны сатудың ретін таппадым. Осы жағдайды естіген болуы керек, Мырзабек тәтем кітаптардың ақшасын қолыма ұстатты. Ал, сыныптағы көптеген оқушылар кітаптарын өткізе алмай, кері қайтарғаны есімде. Сол кітаптар менің қолымда қалғаннан кейін, барлығын оқып шықтым. Әуелі бір Алла, одан ксыейін нағашымның шарапаты болуы керек, одан кейін жазу – сызумен айналысатын болдым.
Жалпы нағашыларым адам баласына жақсылық жасайтын, қиналғанда қол ұшын беретін, ақылымызға ақыл қосатын кең жүректі ел азаматтары болды.
Әлі есімде 1957 жылдың 7 қарашасында Октябрь революциясының 40 жылдығы тойланғаны. Осы күні қаланың шет жағында атбәйге жарысы өткен. Ол кезде төртінші сыныпта оқимын. Үлкен адамдармен бірге мен де бардым. Жүк көлігінің бортында тұрған кезімде жерден бірдеңе жылтырағандай болды. Жерге түсіп алып қарасам, саусаққа тағатын жүзік екен. Сол күні таңға жақын әкемнің Кентау жақта тұратын жолдасы Қоныс деген кісінің қарындасын Өзбек тәтем үйдің жанындағы Мырзабек тәтемнің үйіне келін етіп түсірген болатын. Оған Злиха әжем де келген. Мен тауып алған олжамды әжеме ұсындым. Сөйтсем, ол алтын жүзік екен, әжем: «Құтты келін келді!» деп қуанышын ортаға салды. Расында Анар жеңешеміздің құтты қадамы әулетке бақ – береке әкелді. Он ұл – қыз дүниеге келіп, «Батыр ана» атанды. Сонымен қатар, «Әке жолы – өнеге» дегендей, нағашымның бойындағы жақсы қасиеттер балаларына да дарыған екен. Өнегелі отбасынан өрбіген ұлдары да, қыздары да халық үшін, ел үшін игі істер атқарып, абыроймен алды зейнеткерлікке шықты, ел мақтанышына айналды. Қазіргі кезде бір қауым ел болып отыр. Сол нағашыларымыздың балаларымен қоян – қолтық араласып, қуаныштарымызды бірге бөлісіп келеміз.
Рахымбай атамыздың қыздарының кенжесі Жұпар анамыз бен әкеміз Меңлібай 7 ұл – қыз тәрбиелеп өсірді. Мен – үйдің тұңғышымын. 1971 жылы оқу орнын бітіргеннен кейін жолдамамен барып, Жамбыл облысы Сарысу ауданында 40 жыл қызмет атқардым. Училищеде оқытушы, директордың орынбасары, аудандық партия комитетінің жауапты қызметкері, партком хатшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауылдық округ әкімі болдым. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін қалаға қоныс аударып, тотыдай таранған Таразда тұрып жатқан жайымыз бар. Қазіргі таңда қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға араласамын.
Біз де Әсия екеуміз 7 баланы (қыз балалар) өсірдік. Ата – анамыз біздің екінші қызымыз Ләззатты жеті айлығында қолдарына алып тәрбиелеп, мектеп бітіргеннен кейін Қ.А. Ясауи атындағы қазақ – түрік университетіне оқуға түсуіне жағдай жасады. Міне, сол Ләззат пен Елдостан өрбіген Ернар атты шөпшегінің алақанынан май жалап үлгерген анамыз 2019 жылы 10 қарашада 94 жасында дүниеден өтті.
Өзімнен кейінгі Орынкүл, Мырзагелді, Ділдә, Фатима, Хатира және Жангелді атты іні – қарындастарым абыройлы да, лауазымды қызметтер атқарып, ел құрметіне бөленген жандар.
Мырзагелді інім киелі Түркістан шаһарында ата – анамыздың отын өшірмей, қасиетті қара шаңырақтың иесі болып, бауырларының, ағайындарының келуін әрқашанда қуанышпен қарсы алуда. Сейдікерім атамыздың ұлы Меңлібай әкемізден, келіні Жұпар анамыздан тараған мәуелі үрім – бұтақ қанатын кеңге жайып, өсіп – өнуде.
Анамыз бүгінде өмірден өтіп кетсе де, анамыздың асыл қасиеттерін елі ұмытқан жоқ, ауылдастары, көршілері әлі күнге дейін айтып отырады. Өте ақылды да ардақты, қамқор, бауырмал, сезімтал болатын. Әрқашанда дастарханы жайулы, көптің тілегін тілеп отыратын асыл жан еді.
Сондай – ақ, анамыздың Орынша, Аққыз, Бейсенкүл атты әпкелерінен де ұрпақтар өсіп – өнуде.
Расында да алып анадан туады. Оған ешқандай дау жоқ. Сондықтан да, кісілікті бойына дарытқан әрбір адам кішілікті ұмытпай, анасының жұртына, нағашысына бас игені дұрыс.
Ойымды торғайлық ақын Саят Әбеновтің өлең жолдарымен қорытындылағым келіп отыр:
Ондай жанды қайдан іздеп табасың,
Керегіңді сұрамай – ақ аласың.
Ең бастысы тілеуіңді тілейтін,
Үш жұртыңның ең асылы – Нағашың.
Нағашыңды құрметтеу ол – заңдылық,
Текті мынау әр қазаққа тән қылық.
Мың жасасын, нағашылар қауымы,
Анамыздай жақын болған мәңгілік!
Керегіңді сұрамай – ақ аласың.
Ең бастысы тілеуіңді тілейтін,
Үш жұртыңның ең асылы – Нағашың.
Нағашыңды құрметтеу ол – заңдылық,
Текті мынау әр қазаққа тән қылық.
Мың жасасын, нағашылар қауымы,
Анамыздай жақын болған мәңгілік!
Алдаберді МЕҢЛІБАЙҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)