Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Ұзақ өмір сүруге қолайлы жағдай жасалған

Ұзақ өмір сүруге қолайлы жағдай жасалған

08 апрель 2026, Среда
9
0
Әлбетте қартайған адамға ұзақ өмір сүру, денсаулықты қалыпты жағдайда ұстау,  біріншіден өзіне байланысты. Екіншіден, әрине Мемлекет тарапынын, қоғам тарапынан қамқорлық пен жағдай жасалуы керек. Жақында облысымызға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары қарсаңында Тараздың қақ төрінде шаһардың сәулетіне сәулет қосып облыстық ұзақ өмір орталығының жаңа ғимараты бой көтерген болатын. Ғимарат болғанда қандай! Сәулетіне сәні келіскен, алыстан менмұндалап қарттарымызды өзіне шақырып тұрғандай.
Аптаның басында ұзақ өмір орталығына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов және Тараз қалалық ардаагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова арнайы барып, осындағы қарт адамдарға жасалған керемет жағдаймен танысып қайтты. 
Ардагерлер жетекшілерін орталықтың директоры Олжас Ақылбаев қарсы алып, ол кісілер ұзақ өмір орталығының қарттарға ұсынатын қызметімен таныстырды. 
Ұзақ өмір орталығы үш айға созылатын бір маусымында 200 зейнеткерді қабылдап, әрбір келушіге 25 түрлі қызмет ұсынады екен. Орталықта екі дәрігер, психолог, бірнеше жаттықтырушы және қолөнершілер қызмет көрсетеді. 
Деніне саулық іздеген, салауатты өмір салтын ұстанам деген  қарияларға мұнда барлық жағдай жасалған. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір жетістігі деуге әбден болады. Мұнда қазір жүздеген зейнеткер кезекке тұрған. Жасы ұлғайған кісілер осында бір-бірімен танысады, табысады, әңгіме-дүкен құрады.  Денсаулығын дұрыстау үшін тұз шахтасында ем алады, түрлі электрлік құрылғыларда арқаға, буындарға, аяққа, қолға уқалаулар алады. Сондай-ақ, қарт адамдар орталықта түрлі үйірмелерге қатысып, дене шынықтырудың әр түрімен, қолөнермен айналысуға мүмкіндіктері бар. Келушілер йога жаттығуларын жасайды, бимен машықтнып, бильярд, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайды. 
Облыстың ардагерлер ұйымының басшылары осында демалушылармен кездескенде олар өздеріне көрсетілетін қызмет түрлерінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанына ризашылықтарын білдірді. 
Осы орайда ұзақ өмір орталығының ашылуына облыстық ардагерлер кеңесінің табанды түрде бастамашы болғандығын айтуға тиістіміз. Әрине, бұл орайда облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің, қала әкімі Бақытжан Орынбековтердің қарттарға деген қамқор көзқарасын атап айтуға әбден болады. 
Кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев  облыстық ұзақ өмір орталығының ұжымына атқарып отырған жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. 

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры