Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Кешіре білу...

Кешіре білу...

13 июнь 2024, Четверг
82
0
Ата-бабаларымыз «Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік – данадан» деп бекер айтпаған. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – кешірімді болу. Кешіру арқылы өзіңізді ренжіткен адамның бойындағы ұятты, қамқорлық пен мейірімділікті оята аласыз. Кешірімді адамның серігі – төзім. Төзім сүйіспеншілікті оятады, түптің түбінде жеңіске жетудің алғашқы қадамы деп ойлаймын.
Қазіргі кезеңде ажырасу ең өзекті мәселе екені жасырын емес. Ерлі-зайыптылар бірнеше балалы болып, бір жастықта бастары түйісіп, жылдар өткенде ажырасып жатады. Даудың басы – әлеуметтік жетіспеушілік, ер азаматтың жұмыссыздығы, әйелдің қанағатсыздығы, өзара сүйіспеншіліктің жоғалуына тіреледі. Ері әйелінен, әйелі ерінен кешірім сұрауға тырыспайды.
Кейбір жасөспірімдер ата-ананың түйілген қабағына қарап, бұйығы өседі. Осы орайда, Мойынқұм аудандық билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар М. және А. есімді ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша әңгіме жүргізеді. Ардагер-медиаторлар сөйлесе келе екеуінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығы әлі де жоғала қоймағанын байқайды. Араларында үш бала бар. Жанжалдың себебі – жұмыссыздық. Несиенің әлегі, отбасына кететін шығынның артып кетуі. Ең бастысы – екі жұптың бір-бірінің алдында кішірейгісі келмеуі даудың өршіп кетуіне себеп болған. Билердің жүргізген әңгімесінің нәтижесінде екі жақ өзара кешірім сұрасып, келісім тапты. Бұл бір ғана мысал. Ал қаншама отбасы кеудені керген менмендікке бой алдырып, шаңырақтарын шайқап алып жатыр.
Пенде болған соң түрлі жағдайлар мен қателіктер болады. Әдетте адамдар өзгені кінәлауға бейім болады. Кешірімді өзінен бастауға көпшіліктің мойны жар бермейді немесе өз кінәсін мойындамайды.
Бабаларымыз осынау қасиетті қағиданы өмірлік ұстаным етіп қабылдаған. Ерлі-зайыптылардың ашуға бой алдырмауына, отбасының берік болуына үлкен мән берген. Шалыс басқанды тура жолға салып, сыйлы қариялар өмірден түйген тәжірибесін ортаға сала отырып, ақылға шақырған. Бүгінде облыстық, аудандық, қалалық билер кеңестерінің бірқатар оң бастамалары халықтың ойынан шығуда. Дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуде Талас, Жуалы, Мерке, Мойынқұм аудандарының билер кеңестерінің тәжірибелері үлгі болуда.
Сонымен қатар, кешірім мен сезімнің әлі де жоғалмағанына көз жетуде. Бұл – өз кезегінде елімізде тағы бір отбасының бірлігін сақтап қалу деген сөз. Некені сақтау – ұлтты сақтау.
Талғат ЖҰМАБЕК,
облыстық билер кеңесі 
төрағасының орынбасары. 
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА 16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар 16 декабрь 2024, Понедельник
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры